Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
З а ң

мәнді күбы- 
лыс.
Заң - 
кұбылыстарда көрінетін,
қүбылыстық түрде іске асатын 
мән. Сондықтан мән өзінің зандык деңгейінде күбылыстардың белгілі 
бір қатынастары болып көрінеді. Сол себептен мән заңдык деңгейде 
күбылыстардың белгілері, айқындыктары. Заң - мәннің күбылыстанған 
келбеті, яғни сырттай көрінген, сыртқы иішіні анықталған түрі. Осын­
дай сыртқы көзге көрінетіндей, андай алатындай белгілері болуы тиіс. 
Ол қандай белгілер?
1. Заң ең алдымен күбылыстардың бәріне ортақ 
жалпылық.
Әрине 
ол саналуан күбылыстардың барлығы да таи осы мәннің күбылыста- 
ры болуы тиіс. Белгілі бір мәннен туындайтрн сан түрлі қүбылыстар 
бір-біріне соншалықты үқсамауы мүмкін, бірақ олардың бәрінің ішкі 
мәнінің бір екендігі белгілі. Осы бір мәнділік заң түрінде күбылыс- 
тардың көріну бірлігі, ал көп жағдайда тіпті сыртқы үқсастықтары 
болып түрады.
2. Осымен тікелей байланысты бір белгісі - заң бір-бірінен сырт­
тай тәуелсіз нәрселердің ішкі 
қаж ет т і
байланысы, яғни белгілі 
жағдайлары бар болса, ол қатынас міндетті түрде болады, болмауы 
мүмкін емес.
3. Накты көрінісі қаншалықты күбылмалы болып жатса да, заң 
солардың бәрінде де сақталатын 
түракты, кайталанып отыратын 
байланыс.
4. Заң сырттай көрінетін белгі болғанмен, заттық белгі емес, 
процестік белгі, басқаша айтсақ, ол қозғалыстан көрінетін қатынас. 
Ол шын мағынасында әрбір түтастықтың, дербес болмыстың жан- 
жакты универсалдық байланыстарда өзін өзі кайта жасап, тудырып 
отыру жолы. Зандылық әртүрлі жағдайлардың ықпалында әр түрлі
29 
Бүдан, әрине, қүбылыстардың өзара тәуелділігі, сабақтастығы жоқ деген 
түжырым шықпайды. Оның мазмұны бұрын әңгіме болған.
208


жолдармен де іске асуы мүмкін. Сондықтан бір мәнділіктің өзі әр 
түрлі зандармен іске асып жатады. Олай болса әрбір мәннің өзі тута- 
стай зандар жүйесі арқылы көрінуі імүмкін.
Табиғат зандарының да, адамдар дүниесіндегі зандардың да уақыт 
пен кеңістікте өзіндік ауқымы мен шегі бар. Табиғат заңдарын да 
мәңгілік зандар деп ойлауға болмайды. Коптеген ғылымда ашылған 
зандар күн жүйесінде ғана ықпалы бар. Жағдайлар өзгерсе, зандар да 
өзгереді. Заңдар негізінде бір қалыптасқан жағдайлардың түрақты 
қатынастары. Ал жалпы даму озгеру түрғысынан мәңгі жағдайлар жоқ, 
олар өзгермелі.
Сол сияқты әсіресе адамдар қоғамының өзгермелі екені белгілі. 
Адамдар дүниесінде жағдайларды және соған сәйкес зандарды жа­
сап, өзгертіп отыратын адамдардың өздері. Адамдардың өздері субъ- 
ективтік емес, объективтік он тологи ялы қ күш екеніне бүрын 
тоқталғанбыз. Осы козқарасты алғаш уағыздап, оз жүйесінің негізі 
еткен К.Маркстың озі сол қағидасына қиғаш принциптерді де үсын- 
ды. Сондай принциптердің бірі және негізгісі - коғамда адамдардың 
ырқына, ой санасына, қызметіне тәуелсіз зандар бар деп білу. Маркстің 
айтуынша өзінің қоғамдық өмірін өндіруде адамдар белгілі бір қажетті, 
оздерінің ырқына тәуелсіз қатынастар, өндірістік қатынастар түзейді; 
ол қатынастар адамдардың саяси, қүқықтық, моральдық, діни т.б. 
санасының түрлерін анықтайды, белгілі бір экономикалық базистің 
үстінде соған сай идеологиялық қондырма пайда болады. Маркстің 
осы екінші қағидасы оның алғашқысының, мәнін алаңсыз жоқ қыл- 
ды. Яғни адамдардың әлеуметтік омірінің негізгі формалары олар- 
дың ырқынан тыс пайда болып, өзгеріп, жоғалып жататын болса, 
онда олар оз тарихының өздері қожасы емес. Онда тарихтың зандары 
мен табиғаттың зандарының арасында үлкен айырмашылық жоқ. 
Барлық айырмаш ылық сол, адамдар тарихтың заңдарын танып, 
түсініп, оларды саналы түрде орындайды, белгілі дорежеде олардың 
сипатын, қаркынын озгерте алады, бірақ объективтік заңның түпкілікті 
болу-болмауын анықтай алмайды.
Қоғамдық дамудың осы сипатын ол табиғи-тарихи процесс деп 
атады. Ол процестің табиғи болатыны - ондағы зандардың табиғат- 
тың зандарындай бүлтартпайтындығы, адамдардың ырқынан тыс ерте 
ме, кеш пе, сөзсіз іске асатындығы. Оның тарихилығы - ол зандарды 
адамдар белгілі дорежеде сезіп, біліп, ал кейде айқын танып саналы 
орындайтындығы, адамдардың санасына, ырқына тәуелді сияқтануы.
Маркстің осы түрғысы да жаттанудың түрғысы. Жаттанудың ішкі 
монін үнемі көрсетіп отырса да, ол тарихтың адамдарға тоуелсіз занды- 
лықтарына сенді. Өзі әшкерелеген “товардың киелілігі” (фетишизм) 
концепциясы оның адамға тәуелсіз зандарының да сырын ашып бере
209


алады. Ол концепция бойынша ка питал истердің озара бәсекелестік 
қатынастары, яғңи капиталды иеленуші адамдардың қатынастары 
жаттанған бұл дүниеде, оңі айналып заттыкбайлыктардың озара каты- 
настары болып корінеді. Адамдар сол заттардың өкілдері ғана болып 
шығады. Бәсекелестік капиталист пен капиталистің қатынасы емес, 
капитал мен капиталдың катынастары. Яғни капиталдың қорлануы, 
капиталистік өндіріс өз зандылыктарымен оседі, дамиды, ал адам­
дарга ол зандылыктар табиғаттың дүлей бір күшіндей, адамдар тек 
солардың айдауымен жүреді.
Адамдық қатынастардың заттық катынастардай және адамдар- 
дың өздері де сол процестің бір заттык тетігіндей оңге ие болуын тек 
сыртқы көрініс (видимость) деп әшкерелеуші Маркс екінші жағынан 
сол жаттану логикасынан шыға алмаған.
Белгілі бір түрде қауымдаскан адамдар бірліктері (бүтін адамзат, 
немесе жеке халық, этнос, тап т.т.), жеке адамдар дүниеге өзіндік 
қатынасын оздері қалайды. Оны айтқанбыз. Ол катынастың негізін 
де белгілі бір қүндылық жатады. Қоғамдағы зандар белгілі бір когам- 
да орнықкан қүндылыкден анықталады. Баскаша айтсак онда ор- 
ныккан адамдардың дүниеге катынасының зандылықтары. Қоғам- 
дағы мемлекеттің жариялайтын зандары ғана емес, тіпті адамдардың 
оздері кобінесе білмейтін, көбінесе түсінбейтін, ғылыми ойда таны- 
луга тиіс жэне танылып отыратын экономикалық, жалпы әлеуметтік 
зандар да солай. Классикалық буржуазиялық экономика гылымы- 
ның Смит, Рикардо сынды өкілдерінің ашкан күн заңы да тап осы 
когамдагы адамдардың дүниеге жалпы қатынасынан туындайды. Ал 
ол қатынасты қүдай да, табигат та адамдарга теліген жоқ. Ол занды­
лыктар адамдардың саналы түрде болмаса да калап алган жалпы омір 
жолының туындылары, ешкім алдын ала болжай алмаган нотиже- 
лері. Адамдардың қауымдасқан түтас үлкен тобы өзді-өзі және әлем- 
мен белгілі жалпы катынас жолына түссе, ол субъективтік норсе емес, 
белгілі бір болмыстыц формасы, ол - онтологиялық процесс. Сон- 
дықтан адамдардың оз ыркымен түскен жолының зандары объек- 
тивтік сипатынан айрылмайды, бірак сол жолдың өзі адамдарга сырт­
тан, таңылган катынастай болып түрган жагдайда (жат сипат алган­
да) зандары да оларды багындырып, сырттай мойындататын күштер- 
дей болып түраДы.
Сонымен бірге өздерінің бір кезде түскен жолы жоне одан туа­
тын зандардың адамдардың оздеріне жат күштей коріне бастауы сол 
қатынастың адам күндылыгы ретінде мәнін жоя бастагандыгының 
куәсі. Орныққан қатынас үзақ дәуірде даму жолында тармақталып, 
іштей жіктеліп, өзіндегі бүрын көрінбеген мүмкіндіктерді, жасырын 
мазмүнын аша түседі. Белгілі кезенде оның ішкі адамдарга, жалпы
210


олемге жағымды да, жағымсыз да мазмұны толық дерлік айкындала- 
ды. Оның ішкі мазмүнының дамуы аяқталады деуге болады. Яғни 
оның күндылык мәні жоғала бастауы мүмкін. Оның біздіңше бірден- 
бір өлшейтін таразысы адамның Әлеммен жоне адам мен адамның 
өзара үйлесімдігі. Егер, мысалы, белгілі бір халық, не жеке адам үнемі 
басқаларға үстемдікке үмтылса, оның бірден-бір қүндылығы сол бол­
са, ол ерте ме, кешпе күйрейді, ойткені бүкіл әлеммен де, баска ха- 
лықтар, адамдармен де үйлесімдіктен айрылады. Эрине, жеке халықта, 
адам да өз күндылығының пәс екендігін көрмеуі де, ал кейде көрсе 
де >юйындамауы мүмкін, себебі оның мысалы үстемдік еткісі келеді. 
Ол тек оз күшіне сенеді, үстемдік ету күштінің қүқығы, омір солай 
қүрылған, ол өмірдің заңы дейді. Яғни қандай да болмасын бір өмірлік 
түрғыны үстансаң, содан өрбитін түтас бір катынастар жүйесі және 
соны негіздейтін логикалык дәлелдер болады. Ол катынастарды бекіту 
үшін мемлекеттік күқыктық нормалар, яғни зандар қабылдануы мүмкін 
және қабылданып та жатады. І-дүниежүзілік соғыстан жеңіліп, Ан­
танта елдері мойындатқан тәртібінің ауыртпалык зардабын тартып, 
оны өздерінің үлттық абыройын таптаушылық деп, қорлық сезімдері 
жанын жегідей жеп жүрген немістерге тек аш-жалаңаштықтан қүты- 
лу арман болған жок, оларды үлттық намысты корлады дейтін баска 
халықтардан кек алу сезімі билеген еді. Тап осындай кезде оларды 
фашизм идеологиясы оп-оңай еліктірді. Немістер табиғи жаратылы- 
сынан ерекше халық, олар табиғи жаратылысынан тағдырдың (неме­
се қүдайдың) дүниені билеуге тандагі алған халқы, олардың әлемдегі 
міндеті басқаларға үстемдік, қандай халықтардың биологиялы қ 
негізінен омір сүруге хакысы бар, ал кандай халыктардың оған 
х а қ ы с ы
жоқ, мүны шешуге жаратылған тек немістер, жалпы арий түкымды- 
лар. Түтас бір халык дерлік (әрине, қарсыласушылар да болды) осы 
жалған күндылықпен қүлшынды. Белгілі дәрежеде соған сай әлеу- 
меттік жүйе күрды, оны бекіту үшін зандар кабылдады. Оның дүни- 
еге қандай жойкын агіаттар әкелгендігі де, сол халықтың басқаларды 
да, өзін де қандай күйзеліске үшыратканы белгілі. Баска халықтар, 
жеке адамдар тарихы нан осындай мысалдар келтіре беруге болар еді.
Олай болса тарихтың объективтік зандары деп жүргендеріміз 
бен мемлекеттің кабылдайтын зандарының арасында айрықша прин- 
циптік айырмашылык жоқ. Екеуі де түптеп келгенде адамдардың 
калайтын жалпы дүниеге қатынасынан туындайды. Ал бет карагпай- 
тын объективгік міндеттілігі жағынан коғамдағы зандар, соның ішінде 
мемлекеттік зандар табиғат зандарынан әлдекайда қатаң.
Философия тарихында заң категориясына ерте кезден-ақ коңіл 
аударған. Шәкірттерінің айтуы бойынша оған ең алғаш үлкен мон берген 
Сократ болса керек (Сократ оз ойларын тек ауызша уағыздағаны белгілі).
211


Оны бізге Платонның “Сократтың ақталу сөзі”30 деген және де басқа 
еңбектерінен байқауға болады. Афина қауымы Сократты құдайларды 
мойындамайды, қоғамның орнатқан зандарына қарсы, жас ұландарды 
сөйтіп аздырумен айналысады деген айыппен сотқа тартқаны, өлім 
жазасына ұйғарғаны мәлім. Заң қандай болса да жеке азамат оған бағыну 
керек, онсыз мемлекет (қоғам) өмір сүре алмайды деп есептейтін Со­
крат соттың үкіміне сай у ішіп олген. Сократ философия тарихында да 
сирек те болса кездесетін қалай ойласа, солай өмір сүрген адамдардың 
бірі болған. Платонның ойынша заңдар күдайдың табиғатынан 
шығатын, дүниеде мәңгілік бар, барлык нәрселердің түпкі негізі - иде- 
ялардан туындайды. Тек сол идеяларды адамдар омірдегі накты коспа- 
ларынан аршып, таза күйінде андай ала білуі керек. Өзінің “Мемле­
кет”, “Зандар” деген көлемді еңбектерінде диалогтык, яғни Сократ- 
тың басқа кісілермен сүхбаты түрінде ол осы көзкарастарын баяндаған 
және оз козқарастарын Сократтың көзқарастарымен бірдей деп есеп- 
тейді. Яғни моңгілік әділеттілік идеясының негізінде мәңгілік мемле- 
кеттік күрылыс қандай болатындығын көрсетуді коздеген Платон-Со- 
крат зандарды бүкіл әлемнің мәңгі өзгермейтін идеялық табиғатынан 
іздейді. Әділеттілік идеясын орныктыратын мемлекеттің зандары қан- 
дай болу керек, әңгіме осында. Адамдар ол зандарға ешбір риясыз 
мойын үсынуы қажет. Платонның зандары өте қатаң, жеке адамның 
қүқығы дегенді ол білмейді.
Тек XVIII ғасырдан бастап Ф ранция'ойшылдары Монтескье. 
Вольтер, Руссо, ал Германияда И.Кант т.б. мемлекеттің шығаратын 
зандары әрбір жеке адамның дербестігіне, оны табиғатына, табиғи 
мүқтаждықгарына негізделуі керек екенін бірінші орынға қойды. Рус- 
соның айтуынша зандар барлық жеке мүдделердің бірдейлік жағына, 
яғни соған сай барлықжеке ырықтардын бір-бірімен соғыспай, келісіп 
үйлесе алатын жағына сүйену керек. Заң сондықтан да барлык 
ырықтарға ортак мүддені бекітуі тиіс. Мемлекетті анықтайтын,оған 
мазмүн беретін - барлық азаматтардың ортақ ыркы. И.Кант та осыған 
үқсас идеялар айтты. Ол адамгершіліктің негізі бола алатын жалпы 
максиманы (негізгі талапты) табуға тырысты. Оның бір талабы: әрбір 
басқа адамға өзіңнің бір мақсатыңа жетудің қүралы деп емес, мақсат 
деп кара. Бүл талап Канттың ойынша жалпы зандар жүйесінің ішкі 
принципіне айналуы тиіс.
XVIII ғасыр ойшылдары демократиялык зандылыктың жалпы 
негіздерін жасап берді, ал кейінгі ғасырлардағы демократиялық ой 
осы дәстүрлерді дамытты.
Қүндылығы жоғала бастаған, яғни ақиқаттығы жоқ, бастан
30 Қараңыз: Әлеуметтік философия. Алматы, 1996.
212


жалған екендігі анықталған қатынасты бүкіл халық, оның барлық 
өкілдері бірдей дер кезінде сезінуі, әсіресе анық айқындауы неғай- 
был. Ондай анықтау, әрине, егер болса, ғанибет, бірақ өмірде ондай 
оқиғалар болды ма, ж оқпа, айту қиын. Оны көбінесе халықтың, белгілі 
бір топтың ең үздік дамыған, озық ойлы өкілдері аңдайды. Адамдар- 
дың біразы оны сезіп, екінші бір топтар сезбейтін, немесе сезседе, 
қалыптасқан қатынасты қолдайтын болса, олардың арасындағы тар- 
тыстар осыдан басталады. Бірак, мәселенін бүл жағы философияның 
емес, социологияның үлесі.
Ал егер өткен замандармен коса XX ғасырдың өмірлік тәжіри- 
бесін ескерсе, Платонның әлемнің рухани негізінен деп шығаратын 
заң туралы ойларымен жеке адамның дара дербестігін бағалы деп 
санайтын, занды солардың ортақ мүдделерін бекіту деп қарайтын 
көзғарасты үштастыру керек сияқты. XX ғасыр әсіресе жеке адамның 
өзімшілдігі ғана емес, үжымдық өзімшілдіктің де болатынын, оның 
қандай апаттарға әкелетінін айкын көрсетті. Халықтар арасындағы 
соғыстар ғана емес, бүкіл әлемге меншігіндей қарайтын қатынастың 
да жалпы адамзаттық деуге болатын экологиялық апаттары үжымдык 
өзімшілдіктің нәтижесі. Осыны түсіну казіргі адамзатта әлі әлсіз бол­
са да басталғандығы үміт туғызады. Әрбір мемлекеттің зандары адам- 
дардың ғана мүддесін емес, бүкіл әлемдік үйлесімдікті де өзіне негізгі 
принцип еткені жөн. Себебі тек адам ғана бүкіл өзі білетін және 
ыкпалы жететін әлем үшін жауапты. Ол бүкіл әлемнің перзенті. Екі 
нәрсе мені таңғажайып сезімге бөлейді - деген екен И.Кант, бірі - 
жоғарыдағы жүлдыздар әлемі, екіншісі - менің жанымдағы адам- 
гершілік заңы. Оның ойынша адам бүкіл әлемдегі озіне өзі заң орна- 
та алатын макдүқ. Яғни ол зандар тек адамдар үшін ғана емес, бүкіл 
әлем үшін де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет