Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет96/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128
§ 
7

Шындык; және мүмкіндік 
(действительность и возможность)
Ішкі мен сыртқының үштасуының әртүрлі дәрежесі бар. Сон­
дай мән мен қүбылыстың, мән мен өмір сүрудің, ішкі мен сыртқының 
бір-бірімен астасуының тағы бір деңгейі немесе айқындығы шындык 
пен мүмкіндік. Күнделікті ойлауымызда, сөйлеуімізде, тіпті ғылыми 
әдебиетте де шындық болмыстың, жалпы бір нәрсеніц дүниеде бар 
екендігінің баламасы, яғни онда бар нәрселердің бәрі де шындык. 
Армандағы, қиялдағы нэрселер шындыкка айналуы дейтін тіркес те 
осы мазмүндас. Қиялдағы - жок нәрсе, ал оны іске асырсак, ол - бар 
нәрсе , яғни шындық. Сонымен катар тілімізде, ендеше ойлауымыз­
да да, соған сәйкес қатынастарымызда да бір тектес, өмірде бар нәр- 
селердің біреулерін шын, нағыз, хас деп бөліп, басқаларынан ажыра- 
тамыз. Хас батыр, хас жау, шын өмір, шын дос т.т. осындай теңеулер 
бәрімізге белгілі.
220


Метафизикалық материализмде де шындык деп өзімізді қор- 
шаған материалдық болмысты түсінді.
Бар нәрсе, яғни козбен көріп, қолмен үстауға болатын, яғни 
органдарымызбен түйсіктене, сезіне алатын нэрселер. Бар нәрсе озінің 
бар екендігімен-ақ шын екендігін көрсетеді. Бүл түрғьщан тағы да 
ойдағы нэрселер қолмен үстап, көзбен көретін болмағандықтан жоқ 
нэрселер, олар барға айналуы мүмкін.
Философия тарихында шындық категориясы көбінесе мүмкіндік 
категориясымен тіркесе қарастырылған. Бірақ шындықты жеке дер­
бес талдағандар да болған. Оны эсіресе жан-жакты талдаған XIX ғасыр- 
дың алғашқы жартысында Гегель еді. Гегельдің шындыққа берген ең 
негізгі анықтамасы шын өмір, шын дос сияқты түсініктерге жакын 
келеді. Гегельдің оз кезінде де, кейінгі ғасырда да коп талас туғызған 
эйгілі бір түжырымы бар. “Барлық шындық ақьілға сиымды (разум­
но), барлык ақылға сиымды нэрселер шындық” - деген ол. Гегельдің 
өмір сүрген кезінде осы түжырым өмірдегі бар нәрселердің бэрін 
ақылға сиымды деп ақтайды деген түсінушілік басым болган. Сол 
кездегі монархиялық Пруссиядагы билеуші топтар да жэне оган кар­
сы революцияшыл қозғалыс окілдері де Гегель Германиядагы элеу- 
меттік-саяси жүйені колдап отыр деп қабылдаган. Ол тэртіпті Ге- 
гельдің колдаганы да рас, бірақ айтылмыш түжырымның философи- 
ялық мэнін бүл дүрыс үгыну емес еді.
Ол түжырымда Гегель шындық деп өмірде бар нэрселердің бэрін 
айтып отырган жок. Өмір сүріп отырган нэрселердің бэрі бірдей акылга 
сиымды нэрселер емес. Олардың бар екендігі оміршең екендігінің 
дэлелі бола алмайды. Өмірде не жоқ, онда жалган да, мәнсіз де, пэстік 
те, зүлымдык та, сатқындык та, жауыздык та т.т. кездеседі. Эрине, 
онда адалдық та , эділдік те, биік мүраттар да, ерлік пен елдік те бар. 
Қысқаша айтқанда ақылга сиымсыздык пен ақылга, зердеге негіздел- 
ген нэрселер де орын алган. Олардьщ арасындагы тартыс та бар. 
Кездейсок болган, болуы да, болмауы да мүмкін нэрсеге біз калайша 
шындык деген биік мэртебе береміз, дейді ол.
Егер бар нэрселер шындык категориясына жату үшін акылга 
сиымды болу керек болса, онда акылга сиымды деп нені айтамыз? 
Ол омірде озінің ішкі қажеттілігімен болып отырган нэрсе. Қажеттілік 
жонінде баска такырыпта эңгіме болады. Гегельдің шындыкқа бер­
ген анықтамасы қьіскаша айтқанда: шындық дегеніміз мән мен өмір 
сүрудің барабарлыгы, олардың барынша біріне бірі сай келуі. Осы 
аныктама ақикатқа негүрлым жақын. Оның себебі осылай түсіну бол­
мысты, өмірді, ондагы жеке формаларды белгілі бір дамудың ноти- 
жесі деп Карагандықтан. Егер омірдегі бар нэрселер біреулері жаңа 
пайда болып, даму жолын енді бастап, ал екіншілері толысқан, өзінің
221


ең жоғарғы сатысында тұрса, үшіншілері оны аяқтап, жоғалуға бет 
бүрса, онда мән мен өмір сүрудің арақатынасы әртүрлі. Өмір сүрудің 
бәрі бірдей өз мәніне сай емес. Ол өз мәніндегі өмір сүруге, шын 
мәнге өмірге үзақ толысудың, жетілудің жолында, соның ақырында 
келуі мүмкін, немесе келмеуі мүмкін. Өмір сүруге шексіз көптеген 
ықпалдар өзінің оң да, теріс те табын түсіреді. Солардың нәтижесінде 
даму тоқтауы да, кері кетуі де мүмкін. Олай болса өзінің шын та- 
биғатына неғүрлым толық барабарлыққа жақын келген нэрселер өмірде 
көп бола бермейді. Басқа заттарды былай қойғанда өмірде бар адам- 
дарды алсақ, шын адам, нағыз батыр, нағыз дос, нағыз ойшыл 
делінетіндер өте көп бола ма? Өйткені өмірде қалыптасқан (әр дәуірдің 
өзіне сай) нағыз адамдық, достық, батырлық, ойшылдық т.т. жөнінде 
өлшемдер бар. Әрине, әрбір жеке адам - адам, бірақ ол өз өмірінде 
сол адамдықтың мәніне қаншалықты сай, ол әркімде әртүрлі. Сол 
сияқты “шын алтын еш уақытта тоттанбайды” деген өлендегі сөздердің 
тікелей мағынасы да ешбір қоспасыз алтынның, яғни өз табиғатына 
толық сәйкес келетін алтынның өте сирек кездесетінін айтып түр.
Сонымен бірге мәннің озі де дамитын болмыста сондай даму 
жолынан өтуі керек. М эн де бірден-бір толысқан, өзінің толық айқын- 
дығына жетуі қажет. Әрине, мәннің өзіндік өзгешілігі әуел бастан- 
ақ, пайда болуымен бірге айқын болады. Бірақ ол айқьшдық әуелде 
негізгі емес, қосалқы белгідей, мәннің озің қүрайтын қасиет емес, 
басқа мәннің коріну формасы сияқтануы ыктимал. Ол тек келе-келе 
бел алып, осы дамудағы нәрсенің түпкі табиғаты екенін айқьіндайды. 
Егер осыны ескерсек, онда әңгіме толысып, кемеліне келген, яғни 
даму шегіне жеткен мәннің өзіне неғүрлым сай өмір сүруді табуында. 
Ол мән өмір сүру формаларынан бөлек оқшау болмайды. Сондықтан 
мән өзінің толысқан, дамуын шын аяқтаған дәрежесін барлық өмір 
сүрулерде емес, белгілі бір жеке өмір сүрулерде іске асырады. Сон- 
дыктан коптеген омір сүрулердің ішінде солардың кейбіреулері ғана 
мәннің толық мазмүнын паш етеді. Жалпы дамудың, өзгерудің шын 
формасы жекелік, жалқылық. Біртектес күбылыстардың түтастығына 
кіретін жекеліктердің бәрінде де дара алған да, олардың озара байла- 
ныстарының шеңберінде де отіп жатады, бірақ сол байланыс түтас- 
тығының ішінде әрбір жекелік дербес күш. Солай болғандыктан оның 
дамуы ең алдымен өзінің ішкі ерекшелігінің нәтижесі. Даму түтас- 
тықтың ішіндегі әрбір жекелікте де бар ортақ қасиет емес. Тек осын­
дай дербестіктің нәтижесінде әрбір жекелік, жалкылықтың озіндік 
дамуы бар. Шындык ең алдымен осындай жеке дамулардың ішіндегі 
мэн мен жеке өмір сүрудің толык үйлескен түрі. Әрине, әрбір жеке 
өмір сүру мәннің белгілі бір іске асқан түрі, яғни олар шындықтың 
белгілі бір дәрежесі жэне озгеше бір келбеті.
222


Сондықтан да бүл көзқарастың мазмүны дүнедегі бар нәрсе- 
лерді іріктеп, олардың біреулерін шындыққа жатқызып, басқаларын 
одан шығарып тастау емес, бар нәрселердің өз мәнін әртүрлі деңгей- 
де және әртүрлі бағытта дамытатынын, ал кейде тіпті оның табиғатын 
бүзатынын да айту. Неғүрлым жоғары дамыған формаларда жекеліктің 
орны үлғая бермек. Тіршілік дүниесінде, мысалы, солай. Әрбір жеке 
организм клеткадан бастап оз тегінің дамуын белгілі жағдайлар бар 
болса, дербес атқара алады. Бүл бүтін организмдер дүниесінің даму­
ын теріске шығармайды. Бірак түтас дамудың тікелей нәтижесі емес. 
Белгілі бір түтастык органикалық дүниеде дамуын аяқтаған немесе 
бір себептермен тоқтаған жағдайда да, түтастықтың сол қалпын сақтап, 
кайта-кайта жаңғыртып отыруы жеке организмдердің туып, осіп, 
жетіліп, жоғалып, бірін бірі ауыстырып жатуына байланысты екендігі 
белгілі. Тек мүндағы баса айтылуға тиісті нәрсе - қандай да болмасын 
түтастыктың дамуы жекелік, жалкылық аркылы іске асатыны. Олай 
болса бір ғана жалқылыкгың айрықша толық дамуы бүтін сол тектің 
кемелденген мәнін корсете алады. Әрине, кемелденген мәннің кел- 
беттерінің озі де саналуан болуы тиіс, ойткені кемелденген мән 
міндетті түрдегі біркелкілік емес.
М ән, әрине, омірге сырттан келмейді, сырттан таңылмайды. 
Әрбір жеке өмір сүру - мәннің өзінің белгілі бір түрде, қалыпта, деңгей- 
де тууы және әрбір жеке өмір сүруде ол әркашан жаңадан туады. Бір 
өмірді екінші өмірдің туғызуы бүл фактыны теріске шығара алмайды. 
Баскаша айтсақ бір тектес күбылыстардағы әрбір жекелікте мэн со­
нымен бірге туып, бірге жоғалады. Жекеліктер біріне-бірі ыкпал етеді, 
сабактасады, бірін-бірі жалғастырады, бірақ сол жалғастырудың өзі 
әр жекеліктің озінше туып, мәнін өзінше жасауын, немесе жасамау- 
ын теріске шығармайды. Әрбір жекелік бүкіл түтастықты, бүкіл өзінің 
өзге тағдырында айкындайды. Бүл әсіресе, адамдар дүниесіне тән, 
негізінде адамдар дүниесінде ғана аян, ал жалпы алғанда болмыстың 
барлық салаларында бар деп айтуға болады.
XX ғасырға дейінгі философиялык дәстүр жэне осы кезге дейінгі 
жалпы ойлау үрдісі, бірақ, бүлай болған жоқ. Ол дәстүр, үрдіс бой­
ынша жалпылық көбінесе біркелкілік болып көрінді. Мән - ол жал- 
пылык. Олай болса мән барлық өмір сүрулер үшін тек бір нөрсе, 
біркелкі нәрсе. Сондыктан барлық өмір сүрулердің моні біркелкі, тек 
оның көріну формасы ғана озгеше. Бір мәннің біркелкі болмайтын- 
дығы, әрбір өмір сүру жалпы бір мәннің арнасында бола отырып, 
бірақ оз жолында өзіндік мәнін түзейтіні қазіргі заманда ғана анықта- 
лып келе жатыр.
Гегель, мысалы, бүрынғы ойлау үрдісін шегіне жеткізе дамытқан 
ойшыл. Жекелікті, жалқылықты қаншалықты негіздеп, олардың ор-


ны н аны қтауға ты рысса да, ол бәрібір оларды ж алпы лы қты ң 
тасқынында жоғалтуға әкелді. Жекелік ол үшін әлемдік тасқында тек 
бір жалт етіп жоқ болатын нәрсе.
Адамзат оз дамуында ұзақ уақыт қоғамдасудың, адамдардың 
ұйымдасуының неғүрлым берік топтасу формаларын бірінші күнды- 
лық деп келді. Соған сай әлеуметтік құрамаларды туғызды. Ол қау- 
ымдық тәртіптен бастап бірлікті біркелкілік сипатта бекітіп отырды. 
Қауымдык дәуірде, белгілі бір жағдайларда одан кейінгі кезеңцерде 
бүл қажет те еді. Жекеліктің, жалкылықтың дербестігінің онша бағасы 
болған жоқ. Жекеліктің бағасы оның ici мен ойының қаншалықты 
нормалармен барабар екендігіне байланысты. Кейінгі үлкен өзгерістер 
туған, құлдық, басыбайлылықтар, мемлекет т.т. кезеңдерінде де адам- 
дарды ортақ, біркелкі нормаларға бағындыруға үмтылушылық сақтал- 
ды. Бүл дәуірлерде де адамдар үлкен топтарға, қоғамдарға бөлінсе де, 
жеке адам белгілі бір берік топтасқан күрамалардың бір элементі бо­
лып қала берді.
Жекелік қашанда бар, бірақ оның дербестігі жоқ, немесе әлсіз. 
Тек товарлы қатынастардың біршама жан-жакты дамып, өмірдің 
коптеген салаларында жетекші катынасқа айналған дәуірінде бүрынғы 
жеке адамды олеуметтік белгілі бір топқа кісендеп койған бүғаулар 
босайды. Жеке адамның дербестігі, оның оз болмысын өзі анықтауы, 
соған деген жігері мен іскерлігі де бағалы нәрсе деп қарала бастайды. 
Бүл дүниеге (тек адам дүниесіне ғана емес^ күндылықтың көзімен 
қараудың және қатынас жасаудың жаңа бір белесінің басы еді. Осы 
жаңа белесті байқағандардың бірі - К.Маркс болды. Ол бүл процесті 
жеке адамдардың бір-бірінен және әлеуметтік бірліктен тарихи ал- 
шақтануы деп атаған.
Бүл процестің негізінде, әрине, жеке адамдардың объективтік 
мүмкіншіліктерінің артуы жатыр. Әркімнің өз өмірін өзі түзеуі, ол - 
жаңа қүндылықтың өріс ала бастауы, жекеліктің еркіндігі, оның 
шеңберін кеңейтуге әркімнің қүлшынысы уақыт озған сайын күшейе 
бермек. Ол тіпті дүниені жаңа бір рухани көзбен коруге негіз болды. 
Оның белгілі дәрежеде тіпті ойлау тәсілімен үрдісі басқаша болып 
қалыптаса бастайды. Жаңа үрдістің ең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет