Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
§ 6. Бүтін және бөлік
К үнд елікті қаты н астар ы м ы зд а бір н ә р с ел е р д і бүтін, ал 
екіншілерін бөлік деп қарайтынымыз белгілі. Осы түсініктер де тегін 
пайда болмаған. Адамдар іс-әрекетінде болмыстың бүтін мен бөлік 
сиякты қырларымен кезігіп қана коймайды, олар жасаған нәрселерінің 
бәрін де, сол іс-әрекетінің озін де аякталған бүтіндіктің үлгісімен 
қүруға тырысады. Аяқгалмаған іс-мақсатына жетпеген әрекет, босқа 
жүмсалған күш, уақыт, яғни әурешілік.
213


/. 
Формальдык немесе косынды бүтіндік ж эне оның бөліктері.
Күнделікті практикада бүтін мен бөлік туралы түсініктер, әри- 
не, ғылыми үғымдар дәрежесіне жете алмайды. Ғылыми білімдер 
эмпирикалық, фактілер жинап, жүйелеу кезеңінде де бүтін мен бөлік 
жөнінде негізінде үстірт үғымдардан аса алмайды.
Бүтін мен бөлік туралы түсініктер көбінесе мынандай түжырым- 
дарға саяды: бүтін-бөліктерден жоғары, бүтін өз бөліктерінен үлкен, 
бүтін дегеніміз - бөліктердің қатынастары, бүтін - бөліктердің қосын- 
дысы т.т.
Бүл түсініктер бүтін мен бөліктің арақатынасын тек сырткы 
көрінісі жағынан көрсетеді. Яғни жоғарыда келтірілген түжырымдар 
ойлаудағы кателіктің нәтижесі емес. Олар болмыстың сырткы қалып- 
таскан, түрақтаған жүйесін бейнелейді. Дамуының біршама жетілген 
шағында әрбір күбылыстың ішкі элементтері окшауланып, бір-бірінен 
дербес, алғаш бастан шығу тегі баска нәрселердей болып, бір-бірімен 
тек сырттай байланыста түрғандай калыпқа ие болды. Олардың өзара 
тәуелділігі бір-бірімен тең, бірак түпкі тамыры әртүрлі күбылыстар- 
дың қатынасындай. Олардың әрқайсысы басқаларының негізі әрі 
солардың нәтижесі. Олардың әркайсысы баска элементтердің әмір 
сүруінің себебі әрі басқа элементтердің салдары.
Мүндай қалыптасқан, дамуын біршама аяктаған жүйелерде 
қозғалыс кез келген бәліктен басталып аяктала алатындай, яғни кез 
келген бәлік бүтіннің бастамасы әрі аяКгалатын буыны сиякты 
көрінеді. Сондықтан бүтіннің өзі бөліктерден озгеше бір форма емес, 
сол боліктердің озара қатынасындай әйтпесе жәй косындысындай 
сипатта. Бүтіндікті озін озі үнемі қайтадан жаңартып отыратын циклдік 
процесс деп карау, әрине, кез келген денені бүтіндік деп, ал оның 
кез келген болшегін болік деп білуден жогары. Бірақ, бүтіндікті циклдік 
процестер деп карау да болмыстың формальдык сыртқы корінісінен 
әрі аса алмайды. Дегенмен бүл бүтіндікті формальдык түргыда түсінудің 
ең жогаргы дәрежесі деуге болады.
Осындай қалып алган жүйелердің боліктерінің сырт қатынаста- 
рында бүтіннің боліктерден озгешелігі де, боліктердің бір-бірінен әрі 
бүтіннен озгешелігі де айқын емес, бүркемеленген. Әрбір боліктің 
форма жагынан алганда басқаларына үқсамайтын озгеше функциясы 
жоқ, керісінше олар логикалық түргыда бірдей, ягни олардың бәрі де 
бір жагынан негіз, екінші жагынан нәтиже. Әрбір болік бүтінді озінің 
басқаларда жоқ тек озіндік ерекшелігімен толықтырмайды, тек сан­
дык колемдік жагынан гана толыстыратын сандық болшектер түрінде 
қосылады. Сондықтан да бүтіндік тек сандык не колемдік бүтіндік 
деп кана танылады. Ал бүл түргыда бүтіндік тек болшектердің қосын- 
дысы деп түсіну гажап емес.
21 4


Болмыстың бүтіндігін осы сырткы форма жағынан гана қамти 
алатын ойлау зерттеліп отырған қүбылыстың өзіндік озгеше түрдегі 
бүтіндігін және сол бүтіндіктің табиғатына сай өзіне ғана тән 
бөліктерін ажырата білмейді. Оның орнына тап осы бүтіндіктің өзіне 
гана тән бөліктері деп кез келген бөлшекгі түсінуі мүмкін. Мысалы, 
тірі организмнің өзіне тән бөлігі деп қарапайым молекула, әсіресе 
атомдар дейтін болсақ, ол қате болар еді.
Бүл көзқарасты негіздеуде бірақ, тірі организмнің ерекше та- 
бигатын айкындау қажет. Тіршіліктің бүтіндігі тек тіршіліктің фор- 
маларынан күралуы заңды. Сол сияқты қауымдық немесе жаңа 
дәуірдігі когамдардың әркайсысы өзінше бір бүтіндіктер болса, олар- 
дың өзіне тән бөліктері де өзіндік табигатының ерекше бір даму фор­
малары болуы тиіс.
Циклдік қозгалыста үнемі өзін-өзі қайтадан жасап түратын жүйе- 
лерде оның элементтері ешқандай қалыптасу, толысу, жетілу жолы бол- 
магандай, бастан-ақ тап сол күйінде берілген бар нәрседей түрге енеді; 
онда дамудың қандай да болмасын ізі жогалган. Оның көріну сипаты 
циклдік бір дәрежеден басқа дорежелерге ауысу емес, мәңгілік бір 
шеңбермен қозгалу жолы сияқты корінеді. Сырттан ешбір мазмүн 
еңгізбейтін томага-түйық бүтіндік. Мүндай сыртқы формальдык жүйенің 
схемасы, мәні, табигаты тіпті әртүрлі, біріне-бірі катысы жоқ объектілерге 
қолдана беруге болады, себебі олардың бүтіннің ерекше мәніне қатысы 
аз, одан әлдеқайда тәуелсіз.
Ягни формальдық бүтіндік өмірде бар нәрсе, бірақ ішкі шын 
бүтіндіктің көріну формасы. Көріну формасы өзінің ішкі табигаты- 
нан, шын бүтіндіктен біршама тәуелсіз, сондықтан да оның жогары- 
да айтылган ерекшеліктері бар. Реальдық қатынастардың формаль­
дык жагын зерттеу, әрине, қажет, онсыз шын бүтіндікті де коре ал- 
майсың. Бірақ, бүтіндіктің осы формальдық жүйесі оның бірден-бір 
шын жүйесі деп, оның маңызын тым әсіре багаласаң, сонымен шек 
қойсақ, біз, сөз жоқ, жалгандықка бас иеміз. Ол бізді практикада 
сәтсіздіктерге соқтырады. Мысалы, адамдардың ондірістік қызметінің 
түпкі мәніне көңіл аудармау бөлістің, айырбастың және түтынудың 
арақатынасын түсінуде бүтіндікті тек формальдык жагынан гана кара- 
стыруга океледі. Оның нотижесі - өндірісті, болісті, айырбасты және 
түтынуды бастан оқшау, бір-біріне сырттай тәуелді, бірақ табигатта- 
ры тіпті бөлек қогамдык омірдің салалары деп түсінуі. Олардың бірінің 
маңызын екіншісінен артык не жогары карауга карсы. Борі де маңыз- 
ды, бірак тең маңызды. Бірінсіз екіншісі болмайды.
Өндіріс, боліс, айырбас және түтыну бір-бірін сырттай жалгас- 
тыратын түтастық болып көрінеді. Онда ондіріс - жалпылық, боліс 
нен айырбас - ерекшелік, ал түтыну - жекелік. Өндіріс табиги заттар-
215


ды адамдарды ң мұқтаждығы на бейімдеп өңдейді, бөліс әрбір 
өндірушінің өндірілген өнімдегі үлесін анықтайды, айырбас оған нақты 
қажетті товарларды қамтамасыз етеді, ал тұтыну әркімнің жеке мүқгаж- 
дығын өтейді т.б. Әрине, бүл - байланыс, бірак сырттай байланыс.
Себебі адамдардың өндірістік қызметінің осы негізгі буындары- 
ның түпкі табиғатының бір екендігін ашып түрған жоқ. Өндіріс пен 
түтыну біріне-бірі дәнекерлік қызмет атқарады, бірінсіз бірі болмай­
ды, қажеттілік, ойткені екі богде дүниенің бір-біріне мүктаждығы.
Формальдық сыртқы қажеттіліктің ар жағындағы түпкі мәнділік
- адамдардың осы процестерде озін озі жаратуы, озінің омірін үнемі 
қайта жандандыруы, әсіресе оның омірін озгертетін, оз дамуын қам- 
тамасыз етуі. Бүл барлық процестердің - ондірістің, болістің, айыр- 
бастың және түтынудың оздеріне мән беретін қүндылығы. Ол адам 
мен әлем арасында үйлесімді байланысты орнықтыру. Яғни осы про- 
цестердің ар жағындағы олардың бірден-бір иесі, авторы - субъект. 
Осы ар кайсысы оз алдына дербес дүниедей болып түрған процес- 
тердің бәрінің түтастығы, бүтіндігі - адамның, солардың субъектісінің 
бүтіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет