Оқулық-Әдістемелік материалдар семей 20 13


Лекция 14. Магниттік резонанс спектрометриясы



бет26/27
Дата06.01.2022
өлшемі187 Kb.
#11591
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция 14. Магниттік резонанс спектрометриясы.

Масс-спектроскопия

Электромагниттік спектрдың радио- және микротолқын облыстарын аналитикалық химия және и физика-химиялық зерттеулерде қолдану ядролық магниттік және электрондық парамагниттік резонанс құбылысында негізделеді.

Ядролық магниттік резонанс (ЯМР) спектроскопиясы ядроның магниттік моменті мен сыртқы магниттік өрстің өзара әрекеттесу нәтижесінде орын алатын магниттік резонансты зерттейді.

ЯМР әдісімен зерттелетін затты бір уақытта екі өріске қояды. Олардың біреуі тұрақты, ал екіншісі радиожиілікті. Өлшеулер ЯМР-спектрометрлерде жүргізіледі. ЯМР-спектрометрлердің негізгі элементтері: электромагнит (қарапайым аспаптарда тұрақты магнит қолданылады); радиожиілік сәуле генераторы; үлгі салынған пробирка қойылған сезгіш элемент; электронды күшейткіш және интегратор; өзі жазатын аппарат.

ЯМР әдісінің өнімділігі басқа анализ әдістеріне қарағанда едәуір жоғары және өлеулер жоғары дәлдікпен жүргізіледі. Сонымен бірге олар арнайы дайындалған салыстыру үлгі болуын талап етеді. Кейбір жағдайларды сынаманы өлшеу қажет болады. Бұл әдістер негізінен шикізаттағы және дайын өнімдегі су және майдың күйі мен қасиеттерін бағалау үшін қолданылады.

Масс-спектрометрия спектроптық әдістер арасында ерекше орын алады. Нақты айтқанда бұл әдіс спектрометриялық әдіс болып табылмайды, өйткені зат анализ кезінде электромагнттік сәуленің әсеріне түспейді. Бұл әдістің аты масс-спектрлердің спектроскоптық әдістердің спектрлерімен ұқсастығы және графикалық түрлерінің бірдейлігі бойынша берілген. Масс-спектроскопия заттың нейтралды молекулаларынан оларға электрон ағынының әсерін көрсету арқылы алынған иондар фрагменттерінен шыққан токты зерттеуде негізделеді.

Масс-спектрометрия әдісі ғылыми зерттеулер жүргізгенде қосылыстарды жекешелендіру (идентификация) және белгісіз заттардың құрылымын анықтау үшін, молекулалық массаны нақты (дәл) анықтау, заттың элементтік құрамын анықтау, өте аз мөлшердегі биологиялық белсенді қосылыстарға анализ жүргізу, пептидтердегі амин қышқылдардың тізбектегі кезектілігін анықтау, көп компонентті қоспаларға анализ жүргізу үшін және т.б. қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет