Оқулық-Әдістемелік материалдар семей 20 13


Лекция 13. Молекулалық-люминесценциялық спектрометрия



бет24/27
Дата06.01.2022
өлшемі187 Kb.
#11591
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция 13. Молекулалық-люминесценциялық спектрометрия

Люминесценция деп атомдардың, молекулалардың және заттың бұлардан үлкен бөлшектерінің сәуле шығаруын айтады. Бұл құбылыс атомдар мен молекулалардың қозу қүйінен номалды (қалыпты) күйіне көшуі кезінде электрондардың орбитасын ауыстыру нәтижесінде орын алады. Зат люминисценция беру үшін оған сырттан белгілі мөлшерде энергия беру керек. Заттың бөлшектері энергияны жұту нәтижесінде қозу күйіне көшеді және сол күйде белгілі уақыт бойы қалады. Содан соң олар қозу өнергиясының бір бөлігін люминисценция кванты түрінде бере отырып қалыпты күйге оралады.

Люминесценттік анализдың (ЛА) көмегімен зерттелетін үлгіде концентрациясы 10-11 г/г затты табуға болады. Сапалық және сандық ЛА тағам өнімдеріндегі кейбір дәрумендерді, сүттегі ақуыздар мен майлардың үлесін, ет және балықтың сапасын (свежесть) анықтау үшін, көкөністердің, тұқымдардың бұзылуын диагностикалау және тағам өнімдеріндегі консерванттарды, дәрілерді, канцерогендік заттарды, пестицидтерді табу үшін қолданылады.

Күннің оптикалық ультрафиолет диапазонындағы және көрінетін жиіліктегі сәулелерінің әсерінен орын алатын люминесценцияны фотолюминисценция деп атайды. Қозу деңгейінің түріне және сол күйде болу уақытына байланысты фотолюминисценция екі түрге: флуоресценция және фосфоресценцияға бөлінеді..

Флуоресценция – заттың өзіндік сәуле шығару түрі б.т. Ол затқа сәуле түсіп тұрған уақыт ішінде ғана орын алады. Егер сәуле түсіруді тоқтататын болсақ, сол сәтте флуоречценция жоғалады. Фосфоресценция да заттың өзіндік сәуле шығару түрі б.т., бірақ ол затқа сәуле түсіруді тотқатқаннан кейін де орын ала береді.

Флуориметрия әдісі органикалық заттардың анализінде элементтердің өте аз мөлшерін, аз мөлшердегі дәрумендер, гармондар, антибиотиктер, канцерогендік заттар және т.б. анықтау үшін қолданылады. Басқа абсорбциялық әдістерге қарағанда флуориметрияның ұтымдығы (преимущество) болып жоғары дәрежедігі селективтігі табылады, өйткені флуоресценция санаулы затар түріне ғана (ең бірінші ароматтық қосылыстар және порфириндерге) тән болып табылады. Бір қатар қосылыстарды олардың молекуласына флуорисцирлеуші топ, яғни флуорофор (люминифор) енгізіп, флуорисцирлеуші түрге аударуға болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет