Атомдық спектроскопия
Атомдық спектрометрияда заттарды, оларды атом буы күйіне (атомдық-абсорбциялық спектроскопия - ААС) немесе газ күйіне (атомдық-эмиссиялық спектроскопия - АЭС) аудару арқылы зерттейді.
Атомдық-абсорбциялық спектроскопияда атомдарды қоздыру үшін жылу энергиясы қолданылады. Үлгіні от жалынына шашырату арқылы затты атом буына аударады (атомизация). Атомдар қозу нәтижесінде жоғарырақ энергетикалық деңгейге көшеді. Қайта көшу кезінде энергия бөлініп шығады. Бу күйіндегі элементке осы элементтің сызықтық сәулесін түсіру кезінде (облучение) резонанстық жұту (поглащение) орын алады. Бұл процесс сызықтық сәуленің күшінің төмендеуімен өтеді. Өлшенген жүту мөлшері үлгінің бос атомдарының санын көрсетеді.
Атомдық-эмиссиялық спектроскопияда қоздыру электр зарядтарының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жерде үлгі жоғары температураға дейін қызады, нәтижесінде атомдар қозу күйіне ауысады. Бұндай атомдар энергияны жұта алмайды, сондықтан қоздырылған атомдар фотон шығарады, яғни эмиссия процесі жүреді.
Элементтерді, көбінесе металдарды анықтау атомдық спектроскопияла селективтік (таңдау) әдісімен, әр элементтің өзіне тән толқын ұзындығында жүзеге асырылады.
Атомдық спектроскопия әдісімен 10-12- 10-14 г мөлшердегі элементтерді табуға болады.
Атомдық спектроскопия әдісі химия, биология, экология және т.б. салаларда, сондай-ақ тағам өнімдерінің және әр түрлі шикізаттардың анализін жүргізу үшін кеңінен қолданылады. Бұл әдіспен 70-ке жуық әр түрлі элементтерді табуға болады. Әдіс компонентті анализ жүргізуге, яғни көп санды элементтерді бір уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Әдістің сезгіштігі жоғары және анализ жылдам орындалады. Сондықтан оны сериялық анализ жүргізу үшін де кеңінен қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |