151
макрофагтар мен моноциттер. Олардың арасынан қабыну цитокиндерін
іріктеп алуға болады: ИЛ-1, ИЛ-6 және ФНО-α.
Бұл цитокиндердің қабынуға қосатын үлесі және оларға байланысты
үрдістері 5- ші кестеде көрсетілген.
Иммунды
жүйенің
жасушаларының
өнімі
болғандықтан,
цитокиндердің иммунды жауапта зор маңызы бар:
Т-лимфоциттерге
антигенді
презентациялайтын
МНС
молекулаларының экспрессиясын жоғарылатып,
антигенді танып алуға
көмектеседі. МНС молекулаларының экспрессиясы интерферондардың
әсерінен жоғарылайды, соның ішінде IFN-γ МНС анигендерінің І де ІІ де
классының эксрессиясын қоздыра алады;
Цитокиндер
жасушааралық
арақатынастарға
жауапты
адгезия
молекулаларының иммунды жасушалардың бетіне экспресиялануына
себепкер болады.
Бұл қызметті, біріншіден, ИЛ-1 мен 6, ФНО-α. және
интерферондар атқарады;
Кейбір цитокиндер иммунокомпетентті жасушалардың миграциясына
әсер келтіреді. Мысал үшін, ГМ-КСФ пен ІНФ-α дендритті жасушалардың
миграциясын күшейтеді. Макрофагтар мен лимфоциттердің хемотаксисын
неше түрлі цитокиндер (соның ішінде ИЛ-1) және әсіресе β-хемокиндерді
іске асырады;
Цитокиндер арасында моноциттер мен макрофагтарды қоздыру
факторлары ерекше көпшілікте. Оларға қабыну
серпілісін қамтамасыз
ететін цитокиндер жетеді: ИЛ-1, ІНФ-α, ИЛ-6, ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ,
хемокиндер. Макрофагтардың ең белсенді қоздырушысы - IFN-γ;
Цитокиндер
өздігінен
лимфоциттерді
қоздыра
алмайды.
Олар
лимфоциттердің активациясы мен кейінгі пролиферациясында кофактор
ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар ИЛ-2 Т-лимфоциттерді, ал ИЛ-4 – В-
лимфоциттерді қоздыра алады.
Цитокиндер (IFN-γ, ИЛ-2 және ИЛ-12) цитотоксикалық жасушалардың
пісіп жетілуін негіздейді. Және олар Т-хелперлердің Тх1 және Тх2
субпопуляцияларына бөлінуін реттейді. ИЛ-2 мен IFN-γ пісіп жетілудің
Тх1 бағытында дамуын қолдайды, ал ИЛ-4 пен GTF–β Тх2
қалыптасуына
ықпал
етеді.
В-лимфоциттерге
қатысты
әсер,
көбінесе,
иммуноглобулиндердің синтезін реттеуде;
Эффекторлық иммунды қызметтердің іске асуы цитокиндердің
белсенділігіне
де
байланысты.
Т-
және
NK-жасушаларының
цитотоксикалық әсері оларды өндіретін тегі бөтен нысана жасушаларының
некрозы мен апоптозын шақыра алатын ІНФ-α мен β, IFN-γ-ға
байланысты.
Сонымен, цитокиндердің иммунды жауаптың бастапқы сатысында
зор маңызы бар, олар макрофагтар мен антиген арнаулы жасушаларының
негізгі қызметтерінің дамуын қолдайды: лимфоциттермен әсерлесү,
олардың
белсендірілуі мен көбеюі, белгілі бір деңгейде – эффекторлы
жасушалардың қалыптасуы.