Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет147/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Альфа-фетопротеин 
адам 
iсiктерiнде 
бiрiншi 
анықталған 
эмбрионалды антигендердiң бiрi. Ол аурулар қанында және бауыр 
гепатоцеллюлярлы iсiктер жасушаларында кездеседi, сонымен қатар, 
аналық және аталық жұмыртқа бездерiнiң тератобластомаларында 
кездеседi. Бұл антиген асқазан iсiгi бар ауруларда, қуық асты без iсiгiнде 
және асқазан iсiгiнiң бауырға жайылуы кезiнде қан сарысуында кездеседi. 
Карцино-эмбрионалды антиген ауру қанында серологиялық әдiс 
көмегiмен анықталады және тiк iшек, тоқ iшектiң қатерлi iсiгi 
жасушаларында табылады.
Эмбрионалды сульфогликопротеин асқазан шырышты қабатының 
қатерлi өзгерген жасушаларында байқалады, ал Н-цитокин асқазан-iшек, 
сүт безi, өкпе, қуық асты безi, қалқанша без, лимфогранулематоз сияқты 
қатерлi iсiгi бар аурулардың қан сарысуында анықталады және ол жүктi 
әйелдердiң қан сарысуында табылған. 
Реган фосфатазасы қатерлi өкпе және асқазан-iшек жолдары 
iсiгiнде 10-20% жағдайда болады. Бұл фермент плацентаның сiлтiлi 
фосфатазасымен бiрдей, ол плацентамен түзiледi және жүктi ана қанында 
кездеседi. 
Тәжiрибелi зерттелуде жануарлар қатерлi iсiктiң жасушаларында
шақыру тәсiлiне қарамастан (әртүрлi онкогендi вирустар, химиялық 
канцерогендер, 
сәулелену), 
бiрнеше 
рак-эмбрионалды 
антигендер 
табылған. Бұл антигендердiң қатерлi жасушаларда пайда болуы маңызды 
және ол iсiктегi эмбрионалды гендердi жаңартып, жұмыс iстеуiн 
айқындатады. Бұл гендердiң тежелуi вирус геномымен шақырылады және 
жасушаға 
химиялық, 
физикалық 
канцерогендердiң, 
гормондардың 
әсерiмен туындайды. 
Сөйтiп, қатерлену кезiнде iсiк жасушаларында екi үрдiс бiрдей 
жүредi: 
антигендiк 
қарапайымдану 
 
қалыпты 
тiндерге 
сай 
антигендердi жоғалту; антигендiк күрделенуберiлген тiндерге тән 
емес жаңа антигендердiң пайда болуы, соның iшiнде iсiкерекшелi, рак-
эмбрионалды, вирусерекшелi және гетеро(басқа) мүшелiк антигендер. 
Iсiкерекшелi антигендердiң мiнездемесi жағынан тәжiрибелiк 
iсiктердi екi негiзгi топқа бөлуге болады: 
1. 
Канцерогендермен (рак туғызғыш заттармен) әсерленген iсiктер
Бұл iсiктердiң әрқайсысында өзiндiк антигендерi бар, мысалы, таза бiр 


164 
топқа жататын әртүрлi жануарлардың барлық тiндерiнде немесе бiр 
жануардың әртүрлi тiндерiнде бiрдей канцерогенмен туғызған антигендер. 
2. 
Вируспен әсерленген iсiктер. Бiрдей вируспен әсерленген iсiктердiң 
антигендерi ұқсас болады, тiптi олардың әртүрлi жануарларда кездесiп
әртүрлi морфологиялық құрылымы болса да. 
Тура осындай заңдылық адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде де 
байқалады. Вирусәсерлi iсiктерде (лейкоз, лимфома, т.б.) iсiк түрiне тән 
көпшiлiк ауруларда болатын ортақ антигендер табылады. Сонымен қатар, 
адамда кездейсоқ пайда болатын вируспен байланысты емес iсiктерде, осы 
ауруларға тән ортақ антигендер табылмайды, бiрақ өзiндiк iсiкерекшелiк 
антигендер кездеседi. 
Iсiкерекшелi антигендер iсiк жасушаларының iшiнде де, бетiнде де 
орналасуы мүмкiн. Жасуша iшiндегi антигендердiң рөлi iсiкке қарсы тұру 
серпілістерде маңызды емес немесе рөлi өте аз болады, себебi иммунды 
жүйенiң оны тануына жетiстiгi жоқ. Iсiк жасушасының бетiнде 
орналасқан антигендердi тану өте оңай және ол арнайы иммунды жауапты 
тудыратын негiзгi бiр себеп болып табылады. 
Iсiкке 
қарсы 
иммунды 
жауаптың 
түзiлуiнде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет