Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет148/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

iсiкерекшелi 
трансплантациялық антигендер (ОСТА) маңызды рөл атқарады, олар 
адам iсiктерiнiң көптеген жасушаларында кездеседi және көбiнесе 
гистосәйкестiктiң әлсiз антигендер қатарына жатады. Олардың 
мөлшерi iсiк жасушаларының бетiнде қанша төмен болса, сонша ол 
iсiк қатерлi болады.
 
Iсiк дамуындағы иммунитет тежелуiнiң маңызы 
Жасуша бөлiну және оны реттеуге қатысатын iсiк тежеушi гендер, 
протоонкогендер және тағы басқа топты гендер әр жасушада кездеседi. 
Қатерлi iсiкке әкелетiн мутация жиi жағдайда тұқым қуалайды немесе 
канцерогендермен әсерленедi. Онкогендi вирустар табиғатта өте кең 
тараған, сондықтан жасушалардың қатерлi iсiкке айналуы 

өте жиi 
кездесетiн жағдай. 
Iсiктiң клиникалық анықталу жиiлiгi мен оның аурудағы иммунды 
жүйенiң байланысын зерттегенде, онда қалыпты жағдайдағы иммунды 
жүйенiң жұмыс iстеуi көп жағдайда өзгерiп отырады. Клиникалық түрде 
iсiктiң бiлiнуi иммунды жетiспеушiлiк жағдайға тәуелдi, әсiресе 
жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгiне.
Қалыпты жұмыс iстейтiн иммунды жүйе қатерлi iсiктердiң көбiсiн 
iсiк жасушалар белгiлi бiр мөлшерден аспаса (10
8
-10
9
) жоя алатындығы 
дәлелденген. Егер қатерлi iсiктiң алғашқы даму сатысында иммунды жүйе 
қандайда бiр себептермен басылып тежелсе, немесе iсiк жасушаларының 
өсу жылдамдығы жоғары болып, iсiк мөлшерден тыс асып кетсе, онда ол 
иммунды жүйенiң қабiлеттiлiгiн басып озып, iсiктiң дамуын шақырады. 
Иммунды тежегiштiк әсердi көптеген канцерогендер мен онкогендi 
вирустар 
көрсетедi. 
Iсiк 
дамуының 
мөлшерiне 
қарай 
иммунды 
жетiспеушiлiк одан әрi тереңдей бередi. 
Iсiкке қарсы иммунды жауаптың әлсiздiгiнiң келесi бiр себебi бар  
iсiк жасушаларының өсiндiсiнде: әлсiз iсiкерекшелi антигендерi бар 


165 
жасушалар қалады да, сонымен қаттар, күштi антигендi жасушалар өзiне 
қарсы қарқынды иммунды жауап шақырады. Иммунды тежегiштiк
жағдайда әлсiз iсiкерекшелi антигендер супрессорлы төзiмдiлiк шақырады, 
сол себептен iсiк жасушаларына қарсы иммунды жүйенiң әсерлiгi 
төмендейдi.
Төмен аймақтық (кiшiзоналық) супрессиялық төзiмдiлiк иммунды 
тежегiштiк жағдайда аз мөлшерлi әлсiз антигендермен шақырылатыны 
белгiлi. Бұл жағдай iсiк өсуiнiң алғашқы сатыларында пайда болады (iсiк 
антигендерiнiң аз мөлшерi, ОСТА - әлсiз антигендерi, iсiктiң иммунды 
жетiспеушiлiк жағдайда өсуi). Бұл иммунды жүйенiң белсендiлiгiн 
төмендетiп iсiк жасушаларын жоюда маңызды рөл атқаратын Т-киллерлер 
көбеюiн тежейдi.
Iсiктiң асқынуы төзiмдiлiктi шақырушы айналымдағы iсiк 
антигенiнiң көбеюiне, сонымен қатар, iсiк дамуымен бiрге өсетiн иммунды 
жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Иммунды жетiспеушiлiктiң тереңдеуiнде 
аурудың өршуi мен ағзаның улануы да әсер етедi. Иммунды тежегiштiң 
күштi әсершiсi  ол аурудың соңғы сатысында жүргiзiлетiн сәуле, 
химиялық ем. Сонымен қатар, көпшiлiк зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша, 
iсiктiң өзi де иммунды тежегiштiк әсер көрсететiн факторлар бөледi. 
Өсу уақытында ісік жасушаларында жоғары жиілікті мутациялар мен 
хромосомды абберациялар (өзгерiстер) байқалады. Ісік гетерогенді бола 
бастайды, оның ішінде құрамындағы жасушалардың антигендігі жағынан
да. Осының нәтижесінде “антигенді дрейф” деп аталатын ісік 
жасушасының антигенді құрамының өзгеру құбылысы байқалады. Iсіктің 
алғаш өсуі кезінде жасуша бетінде жабысқан антигенге қарсы пайда 
болған 
иммунды
жауап 
“антигенді 
дрейф” 
нәтижесіндегi 
жаңа 
антигендерге қарсы әсер әлсіз келедi.
Ісікке 
қарсы 
иммунитет 
әлсiздігі 
ісік 
жасушасының 
гистосәйкестiлiк анттигендерi жағынан өзгерген кездерде де төмендейді: 
сол себептен Т-киллерлердiң ісікпен байланысуы тежеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет