Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет179/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   296
трансплантат 
тұрақтамауындағы Т-хелперлердiң маңызын көрсетедi деуге болады. 
Аллогендi трансплантатқа қарсы тұрақтамау серпілісі, жоғарыда 
айтылғанлай, сол тiндердiң реципиентте жоқ антигендерi болған себептен 
өтедi. Бұл реакцияны “иесi трансплантатқа қарсы” серпілісі деп айтуға 
болады. Салынған тiннiң тұрақтамауы, ең алдымен, сол тiнде 
экспрессияланған 
аллоантигендерге 
(МНС-молекулаларына) 
қарсы 
жасушалық иммунитет жауабымен себептеледi. Бұл үрдіске баяуланған 
жоғары сезiмталдықты (бұл кезде негiзгi қызметтi Тх1 атқарады) және 
жасушатәуелдiлi серпілістер (бұл кезде негiзгi қызметтi Т-киллерлер 
атқарады) қатысады. 
Тұрақтамау үрдісiн екi стадияға бөлуге болады:
1) сезiмталдану 
стадиясы
бұл 
кезде 
салынған 
тiннiң 
аллоантигендерiне 
қарсы 
реципиенттiң 
антигенреактивты 
лимфоциттерiнiң көбейюi анықталады;
2) эффекторлы стадиясы кезінде салынған тiнде иммундық бұзылу 
серілісі дамиды. 
Сезiмталдану стадиясы. Сезiмталдану кезiнде CD4
+
және CD8
+
-
жасушалар бөгде тiндерде экспрессияланған аллоантигендердi айырып 
танып, содан сон көбейе бастайды. Иммундық жауап рестрикциялану 
бойынша жүреді, Т-лимфоциттер бөгде затты, яғни трансплантатты 
“өзгерген 
өзiнiкi” 
түрiнде 
таниды, 
яғни 
антигендiк 
пептидпен 
модификацияланған өз организмының антигентаныстырушы жасушалар 
бетiндегi МНС өнiмдерiмен бiрге. Рестрикция бойынша, АТЖ және Т-
лимфоциттер сингендi (генетикалық бiртектi) болу керек. МНС I класс 
молекулалары аутологиялықты пептидтермен бөгде пептидтердi ажырата 
алмайды. Сол себептен, АТЖ-лардағы МНС I класс молекулалары әртүрлi 
эндогендi нәруыздар фрагменттерiмен комплекс құра алады. Егер 
эндогендi нәруыздар арасында тек бөгде немесе өзгерген нәруыздар 
болса, сонда ғана Т-киллерлердiң активтенуi және жұмысы жүретiн 
болады. Ал МНС II класс молекулалары, негiзi, экзогендiк сыртқы 
нәруыздарар фрагменттерiмен комплекс құрып, бөгде зат орнында 
“өзгерген 
өзiнiкiн” 
Т-хелперлерге 
таныстырады. 
МНС 
II 
класс 
молекулаларымен байланысатын пептидтердiң көлемi 12 - 25, ал МНС I 
класс молекулаларымен байланысатын пептидтердiң көлемi 8-10 амин 
қышқылының қалдықтарынан құрылады. 
МНС-антигендерiне қарсы иммундық жауабына пептид-лигандпен 
комплекс құрған екi түрлi МНС-молекуласын да айырып тануы кiредi. 
Жоғары айтылғандай, МНС I класс молекулаларымен байланысатын 
аллогендiк пептидтер, негiзi, жасуша iшiнде синтезделетiн нәруыздарға 


197 
жатады, ал МНС II класс молекулаларымен байланысатын аллогендiк 
пептидтер 
эндоцитоз 
арқылы 
аллогендiк 
антигентаныстырушы 
жасушалармен өндiрiлген жалпы протеиндерге жатады. Активтелiну үшiн, 
иесiнiң Т-хелперлерi өздерiне сәйкестi антигендiк лиганд-МНС – 
комплексiн экспрессиялайтын антигентанушы жасушалармен байланысу 
керек және ко-стимулдаушы сигнал алу керек. Салынған тiнде әр-түрлi 
жасушалары АТЖ қызметiн атқарады. Көпшiлiк тiндерде дендриттi 
жасушалар бар және олар көбiнесе жоғары дәрежеде МНС-комплекстiң II 
класына жататын антигендерiн экспрессиялайды, сол себебiнен дендриттi 
жасушаларды салынған тiннiң негiзгi АТЖ-лары деуге болады. Кейбiр 
салынған тiндер мен мүшелер (бүйрек, айырша без, ұйқы безi) 
лейкоциттерiнiң 
реципиенттегi 
регионалдық 
лимфа 
түйiндерiне 
көшетiндiгi анықталған. Ол донордың АТЖ популяциясы  жолаушы 
лейкоциттер деп аталған. Бұл 
жолаушы лейкоциттер дендриттi 
жасушаларға жатады және олар жоғары денгейде МНС II класс 
молекулаларын экспрессиялайды (норма денгейлi МНС I класс 
антигендерiмен бiрге) және көпшiлiк сүтқоректiлердiң мидан басқа, 
барлық тiндерiнде кең тараған. Жолаушы лейкоциттер, донор тiндерiнiң 
МНС-аллоантигендерiн экспрессиялайтындығынан, олар бөгде зат болып 
танылады және сол себептен, олар реципиенттiң лимфа түйiндерiндегi 
лимфоциттерiнiң 
иммунды 
белсенуiн 
стимулдайды, 
яғни 
олар 
реципиенттiң Т-хелперлерiн “тiкелей” белсендiредi. Т-хелперлердiң 
тiкелей белсенденуi салынған тiнде өте күштi тұрақтамау серпілісі өтуiне 
себеп 
болады. 
Сонымен, 
жолаушы 
лейкоциттер 
трансплантат 
тұрақталуына өте күштi әсер көрсетедi деуге болады.
Жолаушы 
лейкоциттер 
иммунды 
жүйеге 
аллоантигендердi 
таныстыратын жалғыз ғана жасушалар емес. Мысалы, терi немесе кейбiр 
басқа тiндердi салған кезде, жолаушы лейкоциттер негiзгi қызметтi 
атқармайтындығы белгiленген. Иммунды жүйеге аллоантигендердi 
айырып таныстыратын басқа түрлi жасушалар  Лангерганс жасушалары 
және қан тамырлардың эндотелиалды жасушалары да кiредi. Бұл екi түрлi 
жасушалар да МНС-тың I де, II де класс антигендерiн экспрессиялайды. 
Реципиенттiң де АТЖ-лары алмастырған тiнге өте алады және сол 
трансплантаттың 
бөгде 
аллоантигендерiн 
(бас 
гистосәйкестiк 
молекулаларын) жұтып, өздерiнiң МНС-молекулаларымен өндiрiлген 
пептидтiк фрагменттер түрiнде иммунхабарлы лимфоциттерге таныстыра 
алады, яғни реципиенттiң АТЖ-лары өз Т-лимфоциттерiң “тәкелей емес” 
түрiнде белсендiлендiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет