Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Лимфоидтық жүйенi жалпылама сәулеге түсiру



Pdf көрінісі
бет187/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   296
Лимфоидтық жүйенi жалпылама сәулеге түсiру. 
Лимфоциттердiң сәулеге аса сезiмталдықты болуынан, реципиенттiң 
лимфоциттерiн алыстату үшiн, сәуленi трансплантациялаудың алдында 
қолданады. Реципиенттiң лимфоидтық жүйесiн жалпылама сәулеге түсiру 
үшiн айырша без, көк бауыр, лимфа түйiндерiн сәуленiң сансыз көп 
дозасын 200-3400 Rad-қа дейiн қолданады, трансплантацияны содан кейiн 
жүргiзедi. Тiн алмастыруды реципиенттiң иммундық супрессиялы кезiнде 
жасайды. Сүйек кемегi сәулеленбегендiктен, лимфоидтық бағаналы 
жасушалар бөлiнiп, рециркуляциядағы лимфоциттердi жаңалап тұрады. 
Бұл жаңа түзiлген лимфоциттер, салынған тiннiң антигендерiне 
төзiмдiлiктеу болады. 
Гетерологиялы антисарысулар (антиденелер). Қазiргi кезде 
гетерологиялы антисарысулардың арасында негiзi антилимфоцитарлы 
сарысуды 
(АЛС) 
және 
антилимфоцитарлы 
глобулинды 
(АЛГ) 
пайдаланады.


204 
Антилимфоцитарлы сарысуды жануарларды аллогендi немесе ксеногендi 
тимоциттермен, 
көкбауыр 
жасушаларымен, 
немесе 
лимфа 
түйiндерi 
жасушаларымен иммунизациялап алады. Адамда трансплантация кезiнде қолдану 
үшiн, АЛС-ты жиi жылқы немесе қояндарды адамдардың лимфоциттерiмен 
иммундап, алады. Трансплантациялау кезiнде АЛС қолдануы айналымдағы 
лимфоциттердiң дәрежесiн азайтады (лимфопения) және жасушатәуелдi 
иммунитет төмендеуiне келтiредi, тағы басқа гуморалды иммунитеттiң әртүрлi 
көрiнiстерiне алып келедi. Бұл жағдайда, лимфоциттердiң әлсiреп азайюына 
антиденекомплементтәуелдi лизис себеп болмайды, бұл жағдайға себептi  
фагоциттердiң F
c
-рецепторлары арқылы, опсонин ретiнде, антиденелердiң 
лимфоциттермен байланысып, оларды фагоцитоздау.  
Эксперименталдық жануарларда АЛС қолдану кезiнде салынған
бауыр, бүйрек, жүректiң ұзақ уақытқа дейiн бiтiсуi көрсетiлген. Адамдарда 
трансплантация 
кезiнде 
АЛС-ты 
әрқашан 
иммунсупрессиялы 
препараттармен бiрге қолданады, өйткенi әр адамға эффективтiлiгi түрлi 
болады. Бұл жағдайдың бiр себебi  ол қан сарысудағы иммуноглобулин 
изотиптерi түрлiлiгiне байланысты болуы мүмкiн. Кейбiр АЛС-лар 
лимфоциттердi алыстатуға өте белсендi, басқалары әлсiз болады. 
Адамдарда жылқыдан немесе қояндардан алынған АЛС қолдануға зор шек 
қойылу себебi – ол реципиентте бөгде антисарысуындағы антигендiк 
детерминанталарына күштi антиденелi жауабын шақырады, соның 
себебiнен сарысу ауыруы немесе анафилактикалық шок пайда болуы 
мұмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет