Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Жедел тұрақтамау серпілісі



Pdf көрінісі
бет183/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   296
Жедел тұрақтамау серпілісі. Салынған тiннiң жасушатәуелдi 
тұрақтамау серпілісін жедел серпілісі деп атайды; бұл серпіліс 
трансплантациядан 7-14 шақты күннiң iшiнде өтедi. Гистопатологиялық 
байқау бойынша, Т-хелперлердiң (Т
х1
) активтелiнуi және бөлiнуi арқылы 
өтетiн 
тiндегi 
деструкциялану 
ошағында 
макрофагтар 
және 
лимфоциттердiң көлемдi шоғырлануын көруге болады. 
Созылмалы тұрақтамау серпілісі. Созылмалы тұрақтамау 
серпілісі жедел тұрақтамау серпілісі тартылғаннан кейiн, айлар-жылдар 
iшiнде өтедi. Созылмалы тұрақтамау серпілісі механизмдерiне гуморалды 
да, жасушалық та серпілістер кiредi. Созылмалы тұрақтамау серпілісін жиi 
иммуносупрессивтi препараттармен жеңiп шығуға қиын болады, сол 
себептен ол серпіліс қайта трансплантациялауды талап етедi. 
 
Тiндiк iрiктеу. Серологиялық HLA-iрiктеу және АЛД. 
Мүшелер мен тiндердi салған кезде донор мен реципиенттi 
гистосәйкестiк дәрежесi бойынша iрiктеуге 1958 жылы, алғашқы рет Ж. 
Доссе бiрiншi трансплантациялық (лейкоцитарлы) антигендi бейнелегенi, 
мүмкiндiк бердi. Шеткерi қанда трансплантациялық антигендердiң толық 
жиынтығын алып жүретiн жасушалары бар екенi белгiленген. Бөгде 
организмнiң ол антигендерiн жойып шығаруға бағытталған иммундық 
серпілісі жүредi. Тұрақтамау серпілісі МНС-комплекс пен кiшi 
гистосәйкестiк комплексiне жататын қан тобының антигендерiне қарсы 
жүредi. МНС адамдарда  HLA-жүйесi деп аталған, негiзi осы жүйенiң 
антигендерi бойынша донор мен реципиент сәйкес болмаса, тұрақтамау 
серпілісі өтедi. Тұрақтамау серпілісінің өнiмделуiне жауапты МНС-
комплекстың 
және 
қан 
тобы 
антигендерiнiң 
айырмашылықтары 
болғандықтан, донор мен реципиенттiң тiндiк гистосәйкестiгiн анықтау 
үшiн әр-түрлi тiндердi iрiктеу әдiстерi зерттелген. Бiрiншiден, донор мен 
реципиентте АВО-антигендерi бойынша топтық сәйкестiгiн анықтайды. 
Трансплантаттағы осы антигендердiң қайсысына болса да қарсы 
синтезделген антиденелер, сәйкессiздiк жасушаларда комплементтәуелдi 
лизистi шақырады.
Қазiргi кезде гистосәйкестiк антигендердi молекулалық ДНК-
зондылау арқылы полимеразды тiзбектi серпіліс (PCR) көмегiмен 
анықтауға болады, оны молекулярлы-генетикалық iрiктеу деп атайды. 
Донор мен реципиенттi HLA-антигендерiн серологиялық iрiктеу үшiн 
микролимфоциттiтоксикалық тест (МЛЦТ) қолданады. Бұл тест бойынша
SD 
(serological 
defined-серологиялық 
анықталатын)-антигендердi 


201 
анықтайды. Оларға  А, В, С, DR локустарының антигендерi жатады. 
МЛЦТ өткiзу үшiн, донор мен реципиенттiң лимфоциттерiн бөлiп алу 
керек, содан кейiн микротитрлеу планшеттарының ячейкаларына МНС I 
және II класс антигендер аллельдерiне ерекшелiктi моноклонды 
антиденелер құйылады, содан соң лимфоциттердi қосу керек. Осы 
планшеттарды инкубациялағаннан кейiн комплемент қосады, содан
кейiн серпілісті жасушалар жойылуынан немесе осы тек ғана өлген 
жасушаларға әртүрлi бояғыштар (көк трипан немесе эозин) қосылуы 
арқылы бағалайды. Егер лимфоциттер бiр моноклонды антиденелерге
ерекшелi МНС аллелiн экспрессияласа, комплемент қосқаннан кейiн, 
ол жасушалар жойылады да, өлген жасушалар көк трипанмен боялады.
HLA-iрiктеу комплементтәуелдi жасушалық цитотоксикалық әсерi 
арқылы өтедi және ол әр-түрлi МНС аллельдерiнiң болуын немесе 
жоқтығын көрсетедi.
D локусының антигендерiн LD - (ағылшыннан limphocyte defined-
лимфоциттермен анықталатын) антигендерi деп атайды. LD-антигендерiн 
АЛД серпіліс арқылы стандарттық лимфоциттер көмегiмен анықтауға 
болады. АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екi 
адамның 
(гистосәйкестiк 

локус 
антигендерiмен 
ажырылатын) 
лимфоциттерiн өсiрiп анықтауға да болады. Донор мен реципиенттiң
аралас
лимфоциттер дақылды серпіліс әлсiз болған кезде, трансплантат 
тұрақтауы өте жақсы болады. Егер донорлық мұшесі өліктен болса, онда 4-
6 күн iшiнде АЛД серпілісін қоятын мұмкiншiлiк болмайды, солндықтан 
донор мен реципиенттi HLA-антигендерi бойынша iрiктеу үшiн МЛЦТ 
әдiсi тиiстi болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет