Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет185/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296
Кортикостероидтар
Холестеролдан 
өндiрiлген, 
кортикостероидтарға – преднизон, преднизолон, метилпреднизолон кiредi. 
Бұл гормондардың липофильдық құрылымы клетканың плазмалық 
мембранасынан өтуiне және цитозольдық рецепторларымен байланысуға 
себеп етедi, ары қарай кортикостероид-рецептор арқылы ядросына жетiп, 
транскрипция 
үрдісін 
төмендетiп 
немесе 
жоғарылатып, 
ДНК 
құрылысының арнайы реттегiшiмен байланысады. 
Кортикостероидтар 
иммундық 
жауапқа 
әр-түрлi 
дәрежедегi 
эффекттер 
бiлдiрушi 
өте 
мықты 
қоздырушы 
заттарға 
жатады. 
Кортикостероидтар қолдануы айналымдағы лимфоциттер санын немесе 
стероидпен индукцияланған лимфоциттер лизисi арқылы, немесе 
лимфоциттер циркуляциясын өзгерту арқылы азайтады. Кейбiр түрлер 
(атжалман, тышқан, егеуқұйрық және қояндар) кортикостероидтармен 
индукцияланған лимфоциттер лизисiне әсiресе сезiмталды болады. Бұл 
жануарларда 10
-7
М аз емес дозасында кортикостероидпен емдеу кең 
тараған лимфолизиске алып барады, ол кезде айырша бездiң салмағы 90%-
ке дейiн азайады, көкбауыр мен лимфа түйiндерi айқын кiшiрейедi. Бұл 
жануарлардың 
жетiлмеген 
тимоциттерi 
кортикостероидпен 
индукцияланған 
лимфолизисiне 
әсiресе 
сезiмталды 
болады. 
Кемiргiштердiң 
жетiлмеген 
және 
жетiлген 
лимфоциттерiне 
кортикостероидтардың 
көптеген 
әсерлерi 
зерттелген. 
Жетiлмеген 
тимоциттарда кортикостероидтар апоптоз арқылы программаланған 
жасушалардың жойылуын шақырады, ал жетiлген белсенді тимоциттер 
мықты болып келедi. In vitro жетiлген тимоциттердi кортикостероидтармен 
келесi екi ай бойы инкубациялағанда, олар апоптозға тән морфологиясын 
көрсете бастайды.
Адамдарда, 
гвинеялық 
доңыздарда 
және 
маймылдарда 
кортикостероидтар 
апоптоз 
шақырмайды, 
бiрақ 
оның 
орнында 
айналымдағы лимфоциттерге әсер етiп, олардың санын және айырша 
бездiң салмағын азайтады.
Кортикостероидтар тағы басқа макрофагтар және нейтрофилдер 
атқаратын фагоцитоз бен киллинг процесiн азайтады. Оның устiне, 
хемотаксис азайғандықтан, Т-хелперлер активтелген ошағына қабынуға 


203 
қатыспайтын жасушалар да жиналады. Кортикостероидтар әсерiнен МНС 
II класс және макрофагтар ИЛ-1 бөлiнуi азайады, бұл азайюы лайықты Т-
хелперлер активтiлiгiнiң төмендеуiне алып барады. Кортикостероидтар 
тағы басқа лизосомдық мембраналарды стабилдейдi, бұл кезде 
лизосомдық энзимдер денгейi азайып, қабыну ошағы босайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет