247
радикалдардың
генерациялауына
нейтрофилдер
қабiлетсiз
болып,
бактерицидтiк
қасиетiнiң
төмендеуiне
әкеледi.
Созылмалы
гранулематозбен ауыратын науқастардың нейтрофилдерiнде, in vitro 120-
минуттық инкубациядан кейiн 80-90% бактериялар тiрi қалады, ал сау
адамдардың лейкоциттерiнде тiрi бактериялар 1-2%-ын құрайды.
Созылмалы гранулематоз «парадокс ауруы» деп аталады, себебi
бұл ауруда
iрiңдi-қабыну үрдiстерiн патогендiгi төмен микроорганизмдер: стафилококктар, E.
coli, қарапайымдар, Candida alb. шақырады, ал патогендi микроорганизмдер -
стрептококктар, менингококктар және т.б. науқастың фагоциттерiмен эффективтi
түрде бұзылады.
Жақын арада, осы құбылысқа түсiнiктеме табылды. Көптеген
патогендi микроорганизмдерде тотығу қосылыстарын бұзатын, каталаза ферментi
жоқ екен. Сондықтан да, микроб жасушаларында орналасқан эндогендi сутек
асқын тотығын нейтрофилдер өздерi пайдаланып бактерияларды бұзады. Шартты-
патогендi
микроорганизмдерде, керiсiнше, каталаза ферментi көп, сондықтан да
оларда эндогендi тотығу болмайды. Созылмалы
гранулематозбен ауыратын
науқастардың өзiндiк тотығу қосылыстарынан айырылған лейкоциттер осы
микроорганизмдерге бактерицидтiк әсер көрсете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: