Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет238/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Тұқымқуалау сипаты созылмалы гранулематоздың әр түрлi 
формасында әр алуан. 
Х-тiркескен формасы кездеседi, онымен тек ер балалар ауырады. 
Оларда тұқымқуалайтын НАД- және НАДФ-оксидаза тапшылығы болады. 
Сонымен 
қатар, 
аурудың 
аутосомды-рецессивтiк 
формасы 
жазылған, ол тұқымқуалайтын глутатионпероксидаза тапшылығымен 
сипатталған. 
Созылмалы гранулематоз өмiрдiң алғашқы 2 жылында терiнiң
өкпенiң және т.б. мүшелердiң қайталама ауыр жұқпалы зақымданулар 
түрiнде жиi кездеседi. Бұл кезде гранулема және абсцесстер түзетiн, 
көптеген iрiңдi қабыну ошақтарының дамуы тән. Әдетте мұндай 
зақымдануларды Staphylococcus aureus, S. Epidermis, Serratia marcesces
Candida alb. және т.б. шартты-патогендi микроағзалар шақырады. Алайда, 
созылмалы гранулематоз жағдайлары жасөспiрiмдерде және ересек 
адамдарда да анықталды. 
Осы аурудың ерте белгiлерi терiдегi iрiңдi инфильтраттар және ауыз 
қуысында, құлақ және мұрын аймағында орналасқан экзематозды 
дерматиттер болып саналады. Ауру өршiген кезде гепатоспленомегалия
лимфа 
түйiндердiң 
ұлғаюы 
байқалады. 
Жиi 
майда 
сүйектердiң 
жуандануына әкелетiн остеомиелит ошақтары дамиды. 
Зертханалық тексеруде басты белгiлер болып табылады: лейкоцитоз, 
анемия, 
эритроциттің 
тұну 
жылдамдығының 
жоғарылауы. 
Иммунограммада салыстырмалы түрде жасушалық және гуморалды 
иммунитет көрсеткiшiнiң қалыпты болуы, бiрақ сарысулық IgA, IgM және 
IgG деңгейлерi жиi жоғарлаған. Фагоцитоз қалыпты, алайда спонтанды 
және 
ынталандырылған 
нитрокөк 
тетразолий 
сынамасының 
көрсеткiштерi 
азайған. 
Гистохимиялық 
түрде 
лейкоциттерде 
ферменттердiң тотығу-тотықсыздану тапшылығы анықталады.  
Емi: күштi антибиотиктердi қолдану арқылы симптоматикалық ем 
жүргiзу. Жиi қарқынды хирургиялық ем қажет. 


248 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет