Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. Рекомбинантты вакцинаны дайындау принципі



Pdf көрінісі
бет263/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

38-ші сурет. Рекомбинантты вакцинаны дайындау принципі 
Осындай технология көмегімен 1990 жылдардың басында В гепатитiнiң 
вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды, ол жануарларға 
қойылған эксперименттерде жоғары тиімділікті көрсеттi. Осповакцинасының 
рекомбинантты вирусымен зақымдалған жасушалар сыртқы ортаға жаңа 
вирустарды түзеді және бөледі. Олардың құрамында В гепатитi вирусының 
беткей антигенi бар және олар вакцина ретінде қолданады. 
Мұндай 
түрдегi 
рекомбинантты 
вакциналарды 
қолдану 
сирек 
жағдайларда күрделі асқынуды шақыру мүмкін және асқыну шешек 
вакцинациясына тән екендігін атап өткен жөн. Соңғы кезде рекомбинантты 
вакциналарды қолданғанда рекомбинантты вирустардан тимидинкиназа 
генiн алып астау жолы арқылы асқыну қауіпін төмендетуге болатыны 
көрсетiлдi. 
Бүгінгі күнде рекомбинантты ашытқы жасушаларында енгізілген гендер 
бар вакциналар кеңінен қолдануда. Енгізілген гендер қоздырғыштың 
антигенді пептидін қадағалайды.
Вакцинация мақсатында В гепатитiне қарсы рекомбинантты вакцинасы 
кеңінен қолданылып жүр. Бұл вакцинаның түрiн ашытқы жасушаға В 
гепатитi вирусының беткей антигендерiнiң генiн енгiзу жолы арқылы алады. 
Тез көбейетiн ашытқы жасушаларында осы геннің экспрессиясы кезінде in 
vitro В гепатитi вирусының қабығының иммуногендi нәруызы өндіріледі
оны микробиологиялық реактордың дақылдық ортасынан бөлiп алады, 


арнайы 
әдiстердiң 
көмегiмен 
тазалайды, 
сәйкес 
адъюванттармен 
конъюгациялайды, сосын вакцинация үшiн қолданады. 
Гендердi клондау әдiсi өте тиiмдi, әрi оның потенциалы да өте үлкен. 
Осы аймақта жұмыс атқарып жатқан көптеген мамандар, - болашақта бiрiншi 
орынды рекомбинантты вакциналар алады, - деп санайды. 
2. Генетикалық вакциналар (ДНҚ-вакциналар) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет