Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет34/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   296
Кешендантигендердiң маңызды түрiне интеграциялық антигендер 
жатады. Оған жататындар: кешендiк вирусөндiрушi антигендер және 
iсiкерекшелiк антигендер.
Кешендiк 
вирусөндiрушi 
антигендер. 
Антигендер 
вирустық 
геномының 
және 
нысана-жасушалар 
геномының 
интеграциясында 
вирусөндiрушi антигендердiң экспрессиясы салдарынан жасушалық 
мембранада пайда болады. Осындай кешендi антигендер вирусқа қарсы 
иммунитеттiң негiзiн құрайтын вируспен жұқтырылған жасушаларға 
қарсы иммундық серпiлiс шақырады.
Иесiнiң жасуша геномына онкогендердiң құрылуы, олардың келесi 
белсенуi малигнизацияланған жасушаларда iсiкерекшелiк антигендерiнiң 
пайда болуына әкеледi және де кешендi антигендердiң мысалы болып 
табылады. Осы антигендерге қарсы бағытталған иммундық жауап, iсiкке 
қарсы иммунитеттiң дамуының негiзiнде жатыр. 
Кешендiк 
антигендердiң 
басқа 
маңызды 
түрiне 
экзогендiк 
гаптендердiң 
(дәрi-дәрмек, 
олардың 
метаболиттерi, 
тұрмыстық, 
өнеркәсiптiк, 
ауыл 
шаруашылық 
өнiмдерi, 
тағамдық 
бояулар, 
консерванттар, тұрақтағыштар және т.б.) ағзаның өзiнiң тасымалдаушы 
– нәруызымен әрекеттесуi нәтижесiнде түзiлген антигендер жатады
Осындай кешендiк антигендер ағзада бөтентектi гаптендерге қарсы 
антиденелер түзiлiсiн шақырады, бұл жағдай аллергиялық серпiлiстiң 
(аллергияның тағамдық дәрiлiк және т. б. түрлерi) пайда болуына, ал 
кейде аутоиммундық үрдiстердiң (бауыр циррозына әкелетiн токсикалық 
гепатит) өршуiне әкеледi. 
Кешендi антигендердiң екi негiзгi түрлерi үшiн «өзiнiкi» + 
«бөтендiкi» қосындысы деген сипаттама тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет