Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Антигендердiң негiзгi қасиеттерi



Pdf көрінісі
бет37/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   296
Антигендердiң негiзгi қасиеттерi 


40 
Заттарды антигендер ретiнде сипаттайтын негiзгi қасиеттерге 
жатады: бөгделiк, антигендiк, иммуногендiк және арнайылық.
Бөгделiкағзаның әр түрiне немесе жеке индивидумдарға арналған 
антигеннiң өзгешелiгiн көрсететiн генетикалық тағайындалған жеке 
қасиетi. Антигеннiң берiлген ағзаға бөгделiгi, иммундық жүйенiң ағзаны 
биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негiзгi қызметiмен байланысты. 
Агрессия жиi микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетiн 
токсиндер түрiнде байқалады; берiлген микроағзалар және оның өнiмдерi 
жоғарғы тiрi жандарға бөгделiк болып табылады. Эндогендiк агрессия 
(iсiктердiң өсуi) жасушалардың белгiлi бiр бөгделiк қасиетке (мысалы, iсiк 
жасушаларының бетiнде iсiкерекшелiк антигендердiң экспрессиясы) ие 
болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзаға «өзiндiк 
емес» ретiнде танылу қажет. Нәтижесiнде антиген бөтен субстанция 
сияқты, ағзаға өте қауiптi молекула түрiнде көрiнедi. Р.В. Петровтың 
анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып 
жүрушi биологиялық заттар мен молекулалар».
Антигендiк – заттардың қандай бiр иммундық серпiлiс шақыру 
мүмкiншiлiгi: көп немесе аз мөлшерде антидене түзiлуiн, күштi немесе 
әлсiз көлемдегi жасушалық иммундық серпiлiстер шақыратын заттар. 
Антигендiк антигеннiң химиялық құрылысына, беткей орналасқан 
детерминантқа, антигендерге жауап беретiн клон құрастыратын, жасушалар 
санына және антиген енгiзiлген ағзаның түрлiк сипатына байланысты. 
Антигендiк қауiптiлiктiң ерте белгiсi ретiнде маңызды, себебi ағзаға түскен 
қауiптi заттардың әсерi бiрден көрiнбейдi, ағза олардың потенциалдық 
агрессиясын тек антигендiк қасиетiнiң болуымен таниды.
Иммуногендiк - антигеннiң иммунитет тудыру қабiлетi. Бұл ұғым 
негiзiнен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететiн микроб 
және вирус антигендерiне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия 
қоздырғышының антигендiгi өте жоғары, сондықтан өзiне қарсы күштi 
иммундық жауап туғызады, бiрақ оған қарсы айқын иммунитет 
өндiрiлмейдi, себебi ұзақ өмiр сүретiн зерде жасушалары түзiлмейдi. Сүзек 
вакцинасының антигендiгi мен иммуногендiгi өте жоғары, оны енгiзген 
кезде көп мөлшерде антиденелер түзiлiп, қуатты иммунитет пайда болады.
Антигеннiң иммуногендiгiн көрсететiн маңызды қасиетi - молекула 
мөлшерi. 
Полимерлiк 
молекуланың 
салмағы 
жоғарылаған 
сайын, 
иммуногендiгi артады. Антигендердiң иммуногендiгi олардың құрылысына 
(зарядына, қош иiстi сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшерi мен 
олардың ағзаға енгiзу жолына байланысты.
Арнайылық 
– 
бұл 
антигендердiң 
бiр-бiрiнен 
айырмашылығын 
көрсететiн антигендiк ерекшелiк. Антигендердiң иммундық ерекшелiктерi 
макромолекуланың барлық денесiмен емес, антигеннiң бетiнде болатын 
детерминанттардың қасиетiмен, олардың саны және молекулаларда 
табиғи антигендердiң орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбiр жасуша 
өзiнiң антигендiк ерекшелiгiмен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен 
сипатталады. 


41 
Антигендік арнайылықтың келесi түрлерi ажыратылады: түр-аралық 
(типтiк арнайылық), топтық, тiндiк, сатылық, органоидтық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет