Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Гуморалды иммунитет жүйесiнiң негiзгi жасушалары



Pdf көрінісі
бет40/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   296
Гуморалды иммунитет жүйесiнiң негiзгi жасушалары антидене 
синтезiне жауапты В-лимфоциттер болып табылады. Антидененiң 
гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритiн және корпускулалы 
антигендермен иммундық комплексі түзiлуiне байланысты. Иммундық 
комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және/немесе жойылады. 
Бұл негiзi үш тәсiлге байланысты: бейтараптау (нейтрализация), 
комплемент жүйесiнiң активтенуi және фагоцитоз.
Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесiнiң негiзгi 
эффекторлы бөлiгi болып табылады. Антидененiң негiзгi қызметi -
антигендi арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененiң арнайы 
әсерлесуi олардың арасындағы комплементарлық пен кеңiстiктiк 
сәйкестiкке негiзделген.
Ең алғашында гуморалды жүйенің орталық мүшесі құстарда табылған, 
ол Bursa Fubricius мұшесi, сол себептен Bursaдағы лимфоциттер В-
лимфоциттер деп, ал гуморалады иммунитет жүйесі В-жүйесі деп аталған.
Сүтқоректілерде Bursa Fabricius аналогы эмбрионалды кезеңiнде  
бауырдағы қан ошақтары, ал постнаталды кезеңде  сүйек кемегi (Воne 
marrow) болып табылған. 
В-жүйенің шеткері мүшелеріне көкбауырдың, лимфа түйіндердің 
және басқа (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің пейер табақшалары, 
аппендикс) лимфоидтық түзілімдерің тимустәуелсіз аймақтары жатады. 
Бұл В-лимфоциттердің көп шоғырланған аймақтары, ал тимустәуелді 
аймақтарда қан айналым арқылы айырша безден көшкен Т-лимфоциттер 
орналасады.
Шеткері қанда барлық лимфоциттердiң арасында В-лимфоциттер 20-
30 % құрайды. Негізінде ол бастапқы даму кезеңін сүйек кемегiнде өтіп, 
шеткері лимфа мүшелеріне орналасатын толық жетілмеген жасушалардан 
тұрады. Лимфоидтық мүшелерде антигенмен байланысудан кейін, В-
лимфоциттер соңғы дифференциалану кезеңінен өтiп, антигенге қарсы 


43 
антидене синтездеуде негізгі қызмет атқаратын плазмалық жасушаларға 
айналады. 
Әрбiр организм әртүрлi антиденелердiң жиынтығын құрайды, яғни, 
әртүрлi арнайылықты антигенге қарсы антидене түзу қабiлетiне ие. 
Антигендiк 
детерминанталары 
теориялық 
мүмкiн 
болатын 
конфигурациясының мөлшерi және сәйкесiнше арнайы антиденелер саны 
10
7
– 10
8
ретiмен бағаланады. Антидененiң осындай көптүрлiлiгi туралы 
сұрақ – иммунологияда ең қиын сұрақтардың бiрi. Қазiргі кезде жалпы 
қабылданған пікір әрбiр жеке организмде иммуноглобулиннiң ауыр және 
жеңiл вариабельдi аймақтарын және олардың комбинацияларын кодтаушы 
гендердiң 
үлкен 
жиынтығымен 
қамтамасыз 
етiлген 
антидененiң 
көптүрлiлiгiнiң генетикалық жоспарлануы болып табылады. 
Антидене кез келген антигенге жауап ретiнде түзiлсе де, олар антигеннiң 
шығарылуын немесе бұзылуын қамтамасыз ететiн қорғаныстық қызметiн 
әрқашан да орындай бермейдi. Мысалы, iсiкке қарсы антидене белгiлі бір 
жағдайларда, iсiк жасушасының жойылуына емес, оның өсуiне әкелуi 
мүмкiн.
Ең бiрiншiден, гуморалды иммунитет жүйесi жасушадан тыс бактерия 
мен вирустарға қарсы белсендi болады, сондықтан оның негiзгi қызметi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет