Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет77/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Киллинг және қорыту. Жұтылған фагоцитоз объектісінің келесі 
тағдыры лизосома мен фагосоманың қосылу механизміне тәуелді. Ол 
литикалық ферменттердің фагосомаға арнайы бөлінуімен қамтамасыз 
етіледі, бірақ жасушаның цитоқаңқасы зақымдалмайды. Көптеген 
микроорганизмдер жұтылғаннан кейін 30-60 минуттан кейін 
макрофагтардың микробицидтік механимзмі әсерінен жойылады. Ол 
механизмді оттегіне тәуелді және оттегіне тәуелсіз деп екіге бөледі. 
Оттегіне тәуелді бактерицидттік механизм микробтарға қарсы 
қуатты агент болып келетін сутегі асқын тотығы және оның ыдырау 
өнімдерінің бөлінуі жолы арқылы жүзеге асады. Фагоцитоз кезінде 
шеткері қандағы моноциттерде «метаболикалық жарылыс» байқалады, ол 
оттегін тұтынудың жоғарылауымен және сутегі асқын тотығы мен 
супероксиданионның бөлінуінің күшеюімен сипатталады. Сутегі асқын 
тотығы 
мен 
олардың 
ыдырауының 
аралық 
өнімдерінің 
(супероксиданиондар, синглетті оттегі және гидроксилді аниондар) 
бактерицидтік әсері аминқышқылдар мен пептидтердің декарбоксилді 
тотығуы арқылы жүреді.
Оттегіне тәуелсіз бактерицидтік негізінен лизосомалардың 
құрамы арқылы жүзеге асады. Олар фагоцитарлы вакуольге өткен кезде 
антигенге әсер ете бастайтын әртүрлі субстанциялар.
Біріншіден, ол әртүрлі ферменттер. Олар қышқыл ортада 
максималды әсер ету қабілетіне жетеді. Бұл ортаның кейбір қоздырғыштар 
үшін өзі де бактерицидті екендігін және де каталазды мен пероксидазды 
жүйелердің белсенуі үшін қолайлы екендігін ұмытпаған жөн.
Екінші жағынан, лизосомалардың құрамында катионды нәруыз, 
лизоцим және лактоферрин сияқты табиғаты бойынша фермент емес 
заттар кездеседі.
Фагоцитоз 
кезінде 
лизосомды 
ферменттер 
макрофагтардың 
мембранасынан сыртқы ортаға біраз бөлінеді. Ол мембрананың 
зақымдануы және жасушаішілік қоспаның ағуы салдарынан байқалады
бірақ лизосомды ферменттер макрофагтың жасушалық мембранасының 
зақымдануынсыз да таңдамалы түрде бөлінуі мүмкін. Мысалы, қышқыл 
фосфатаза мен катепсин жасуша сыртына жеңіл шыға алады және сол 
арқылы микроорганизмдерді жасуша сыртында жою механизмі жүзеге 
асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет