Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет124/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН-7 (адам хромосомаларының 8-жұбы). ИЛ-7 1988 
жылы лимфоциттердiң бастауыштарының активаторы ретiнде ашылған.
Молекулярлық салмағы 25 000 Д құрайды. Алғашында В-лимфоциттердiң 
дамуын қоздырушы факторы ретiнде бейнеленген. Кейiн ИЛ-7 Т-және В-
лимфоциттердiң 
бастауыш 
жасушаларының 
көбеюiнiң 
беделдi 
қоздырғышы екендiгi анықталды. ИЛ-7 жетiлген Т- жасушаларының өсу 
факторы ретiнде ИЛ-2-тәуелсiз механизмнiң көмегiмен антигентәуелдi 
цитотоксикалық литикалық белсендiлiгi бар Т-лимфоциттер мен ЛАЖ 
жасушаларының пайда болуын қамтамасыз етедi.
ИЛ-7-нi сүйек кемiгiнiң стромалық жасушалары, тимустың 
(тимустың фибробласттары, эндотелиалдық жасушалары, эпителиалдық 
жасушалары), көк бауырдың, бүйректiң жасушалары, макрофагтар 
өндiредi.
ИЛ-7 негiзгi лимфопоэтин болып келедi. Ол қан жасушаларының В-
лимфоциттер жағына дамуды шақырады, тимус iшiлiк Т-лимфоциттердiң 
бастауыш 
жасушаларының 
көбеюiн 
қоздырады 
(лимфоциттердiң 
дамуының бастапқы кезенiнiң беделдi өсу факторы), бастауыш Т- 
жасушалардың аман қалуын қолдап, bcl-2 апаптоз ингибиторының 
экспрессиясын күшейтедi, тимустан тыс орналасқан Т-лимфоциттердiң 
антиген тәуелсiз көбеюiн негiздейдi. Лимфоциттердiң пролиферациясын 
қоздырып ИЛ-7, ИЛ-1-мен синергиялық түрде әсер етедi, осы салада ИЛ-7 
Т-жасушаларының дамуында басты маңызы бар сияқты.
Кофактор ретiнде ИЛ-7 (ИЛ-6 сияқты) ИЛ-2-нiң өнiмiн қоздырады
Т- жасушаларының көбеюi мен Т-киллерлердiң жетiлуiн реттейдi. ИЛ-7 
ИЛ-2-нің орынына цитотоксикалық лимфоциттер мен ЛАЖ жасушаларына 
митогендiк әсер көрсетуге қабiлетi болуы мүмкiн.
Цитокиндердiң көпшiлiгiне қарағанда, ИЛ-7нiң лимфоциттердiң 
дамуындағы әсерi басқа цитокиндермен қайталанбайды. Сол себептен ИЛ-
7 тегi жойылса, тимус жасушалары жоғалады, жалпы лимфопения мен 
ауыр иммунды тапшылық дамиды.
ИЛ-7 адамның шеткерi қанының моноциттерiне күштi әсер келтiредi 
: олардың ИЛ-1α, ИЛ-1β, ИЛ-6 және IНФ-α. жоғары көлемде өндiрүiн 
шақырады. Сонымен қатар, ИЛ-7 адам меланомасының А37S тiзбегiнiң 
жасушаларының моноциттермен лизистенуiн қоздырады.
Сонымен, ИЛ-7 лимфопоэтин ретiнде иммунды жүйенiң Т- 
жасушалық бөлiгiн қамтамасыз етуде зор маңызы бар.


136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет