Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет130/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН-16 (немесе лимфоциттердің хемоаттрактанты). Т-
лимфоциттермен, көбінесе CD8

- жасушаларымен өндіріледі. ИЛ-16 
рецепторы CD4 тұқымдастығына жатады, сол себептен ИЛ-16 CD4-пен 
әсерлесе алады. Оның негізгі нысанасы - CD4

- жасушалары. ИЛ-16 
оларға хемоаттрактант ретінде қызмет көрсетеді, олардын адгезивтігін 
жоғарылатады, көбеюін тежейді, сонымен қатар, CD25 экспрессиясын 
және цитокиндердің өндірілуін күшейтеді.
Сонымен қатар, ИЛ-16 Т- жасушалары ИЛ-2-рецепторын және 
қоздырылмаған 
Т-лимфоциттер 
МНС 
II 
класс 
антигендерін 
экспрессиялауын күшейтедi.
ИЛ-16-ның анти-АИВ-белсенділігі бар екені жақында дәлелденді. 
Бұл эффект CD4 ақуызы рецептор ретінде ИЛ-16-мен әсерлесе алатынына 
байланысты. ИЛ-16 жоғары концентрацияда CD-4 лимфоциттермен 
байланысқан АИВ репликациясын тежейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-17. Бұл да Т- жасушаларымен өндіріледі. 
Көрсететін әсері ИЛ-6 мен ИЛ-8 өнімін, адам фибробласттарында 
адгезияның беткері молекулаларының экспрессиясын жоғарылататын ИЛ-
1 мен TNF-α әсеріне ұқсас. ИЛ-17 – Т- жасушаларды белсендiретiн,
жақында клондалынған CD4- жасушалық цитокин. ИЛ-17-рецепторы Т- 
жасушаларда ғана емес иммундық жүйеге қатысы жоқ жасушаларда да 
табылған. ИЛ-6 мен ИЛ-8 өнімін, фибробласттар адгезиясын беткері 
молекулаларының экспрессиясын жоғарлататындығы ИЛ-17 қабыну 
цитокині сияқты қызмет көрсетеді дегенді дәлелдейді. Сонымен, ИЛ-17 
Т-тәуелді 
қабыну 
реакцияларға 
қатысады 
және 
гемопоэтикалық 
бағаналылардың дамуын реттейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-18. 
Алғашында 
IFN-γ 
индукторы 
ретінде 
табылған. Тх1 белсенділігін жоғарылататын жаңа цитокин. ИЛ-18 Fas-
лигандалар арқылы тышқанның Тх1 (Тх0 немесе Тх2 емес) клондарының 
цитоулағыштығын жоғарылататыны кейінiрек дәлелденді. ИЛ-18 in vivo 
әсерлері толық зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет