Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет129/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН-13 (адам хромосомаларының 5- жұбы, ИЛ-3, 4, 5
және ГМ-КСФ тектерінің қасында).
ИЛ-13 биологиялық активтілігінің 30% ИЛ-4тiң әсерлерiне ұқсас. 
Бұл 
цитокин 
Тх2 
сияқты 
активтелген 
Т-лимфоциттермен, 
мес 
жасушаларымен өндіріледі, моноциттердің қызмет етуіне әсер етеді 
(көбеюі мен жетілуін қолдайды) және В-лимфоциттердiң IgE мен IgG4 
синтездеуiн қоздырады. ИЛ-13 Т- жасушаларын активтей алмайды. ИЛ-13 
В-лимфоциттердiң өсу факторы болып келеді, ИЛ-4-пен гомологиялы 
түрде ұқсас. Рецепторлары әр түрлі болса да, ортақ тізбектері бар.
ИЛ-13 
макрофагтар 
мен 
моноциттер 
өндіретін 
қабыну 
цитокиндердің өнімін және цитоулағыштықтарын тежейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-14. ИЛ-14-тiң қызметі толық зерттелмеген. 
Адамның қалыпты Т- жасушаларымен, В- жасушалық тізбектерімен, 
ФГАмен 
қоздырылған 
В- 
жасушалық 
лимфомаларымен 
және 
фоликулярлық дендриттік жасушаларымен өндіріледі. ИЛ-14 зәрде В-
лимфоциттердің қалыптасуына және белсендірілген В-лимфоциттерінің 
көбеюіне ықпал етеді. Бұл цитокин антидене синтезін тежейді, В-
лимфоциттерінің апоптоздан сақтап, bcl-2 экспрессиясын күшейтеді.
ИЛ-14-ке әлсіз жауап (in vitro) жалпы вариабелдік иммунологиялық 
жетіспеушілігі бар науқастарда байқалады.
Сонымен, ИЛ-14 ИЛ-4 пен ИЛ-13 ұқсас белсенділік көрсетеді, бірақ, 
өзінің әсерін басқа рецепторлар арқылы iске асырады.
ИНТЕРЛЕЙКИН-15. Макрофагтар өндіреді. Биологиялық әсері 
бойынша, құрылымдары гомологиялы болмаса да, ИЛ-2 және ИЛ-21 ұқсас,
қоздырылған 
Т- 
жасушаларының 
көбеюін, 
цитотоксикалық 
Т- 
жасушаларының пісіп жетілуін қолдайды, NK- жасушаларын активтейді 
және шеткері қанның митогенмен қоздырылған мононуклеарлық 


140 
жасушаларының көбеюін шақырады. ИЛ-15-тiң in vivo орындалатын 
эффектiлерi толық зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет