Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


қатысушысы. Бөтентектi жасушаны тану Т-лимфоциттер бетінде орналасқан Т-



Pdf көрінісі
бет20/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   296
қатысушысы.
Бөтентектi жасушаны тану Т-лимфоциттер бетінде орналасқан Т-
жасушалық рецепторлар (ТЖР) арқылы жүзеге асады. Т-лимфоциттер 
бос антигенді емес, ағзаның жасушалар бетiнде орналасқан арнайы 


25 
молекулалар – негiзгi гистосәйкестік комплекс молекулаларымен (МНС - 
ағыл. Major Histocompatibility Complex) байланысқан «өзгерген өзінікін» - 
антигеннiң фрагментін таниды. МНС молекуласы «өзінің» эталоны болып 
саналады, ал эталоннан ауытқығанның бәрiн Т-лимфоцит рецепторлары 
таниды. Тану нәтижесiнде Т-жасушалар белсенденiп эффекторлы (киллер) 
және реттеуші (екі түрі хелпер-Тх1, Тх2 және супрессор) жасушаларға 
дифференцияланады. 
В-лимфоциттер – лимфоциттер популяциясының екiншi негізгі 
бөлігін құрайды. Бұл жасушалардың негізгі эффекторлық қызметі – 
гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген 
антигендердi 
байланыстырып, 
бейтараптайтын 
антиденелердi 
түзедi.
В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетiнде 
антигендерге арналған иммуноглобулиндiк рецепторлар түзiледі. В-
лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары В-жасушалық рецептор 
(BЖР) деп белгіленеді. Оның негізі ретінде, В-лимфоциттердiң плазмалық 
мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулалары болып 
табылады (беткей иммуноглобулиндердi slg – surfase Ig деп белгілейді). 
Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бiрдей арнайылықтағы рецептор 
молекулалары бар. Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лимфоциттер 
бос 
антигенді 
тiкелей 
таниды. 
В-лимфоциттердiң 
антигенмен 
байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет