Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Антигендермен әрекеттесу бойынша



Pdf көрінісі
бет28/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   296
Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екiге бөлiнедi:
1. бiрiншiлiк иммундық жауап 
2. екiншiлiк иммундық жауап 
Бiрiншiлiк иммундық жауап 4-7 күндерi дамиды. Бiрiншiлiк гуморалдық 
иммундық жауаптың негiзгi В-лимфоциттердiң белсендiрiлуi және 
олардың антидене түзетiн плазмоциттерге айналуы болып табылады. 
Антиденелердiң басым көпшiлiгiн IgM құрайды; жасушалық иммундық 
жауап – пiсiп-жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттердiң пайда болуымен 
белгiленедi. Антигенмен бiрiншi рет жанасқаннан кейiн зерде Т- және В-
жасушалары түзiледi. 
Екiншiлiк иммундық жауап көптеген көрсеткiштерi бойынша бiрiншiлiк 
жауаптан ерекшеленедi. Екiншiлiк иммундық жауап кезiндегi жасырын 
кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап 
етедi, оның айқындалған пiсiп-жетiлу белгiлерi бар, оның гуморалдық 
және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары 
болады. Екiншiлiк иммундық жауап бiрiншiлiк иммундық жауапқа 
қарағанда, ағзаның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi. Антигенге қарсы 
бiрiншiлiк және екiншiлiк серпiлiстерде IgM белсендiлiгi мен күштiлiгi 
бiрдей. IgG-дiң деңгейi бiріншiлiк жауапқа қарағанда, екiншiлiк жауап 
кезiнде өте жоғары. Екiншiлiк иммундық жауап жоғары деңгейде болу 
себебi, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты. 
Егер иммундық жауаптың қарқындылығы енген антигендердiң 
мөлшерiне тепе-тең келсе - мұндай иммундық жауапты нормэргиялық 
деп айтады, яғни антидене және антигенарнайы Т-лимфоциттердiң 
мөлшерi енген антиген мөлшерiмен теңбе-тең болады. Егер де иммундық 
жауаптың қарқындылығы шектелген мөлшерден асса, мұндай иммундық 
жауап гиперэргиялық болып табылады (мысалы жоғары сезiмталдық). 
Кейбiр жағдайларда, макроағза әртүрлi себептерге байланысты енген 
антигендерге иммундық жауап қайтармайды. Иммундық жүйенiң мұндай 
арнайы ареактивтiлiк жағдайы иммунологиялық төзiмдiлiк деп аталады 
(төзiмдiлiк – жауап қайтармау, шыдамдылық). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет