Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет31/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   296
 
 
 
 
3-шi сурет. Антигендердiң құрылым сызбасы 
Нағыз антиген молекуласының тасымалдаушылары нәруыздар
полиқанттар, сонымен қатар липополиқанттар және нуклеин қышқылдары 
болып табылады. Жасанды антигендерде тасымалдаушы рөлiн жасанды 
полипептидтер, полиқанттар, полиэлектролиттер және басқа органикалық 
полимерлер атқарады. 
Липидтер мен стероидтар антигендi емес, бiрақ гаптен рөлiн 
атқаруы мүмкiн және нәруыздармен әрекеттескенде антидене түзiлiсiн 
туғызады.
Ағзаға бөгде тасымалдаушы детерминанттан тұрмайтын, бiрақ 
құрамында бөгде гаптенi бар антигендер болады. Бұл антигендер ағзаның 
Антиген
тасымалдаушы
 
гаптен
В-л 
Т-л 


35 
өз нәруыздарымен қосылып (бөтен гаптен + өз нәруызы), жасушалық 
жауап емес, тек гуморалдық жауап шақырады.
Гаптеннiң рөлiнде, мысалы, пикрил қышқылы болса, ол терi 
нәруыздарымен қосылып антигендiк қабiлетiне ие болады, терiнiң 
аллергиялық серпiлiсiн шақырады. Пенициллиннiң ыдырау өнiмi – 
пенициллинге дәрiлiк аллергия серпiлiсi патогенезiнiң негiзiнде жатқан 
бензилпенициллин 
қышқылы 
қан 
сарысуының 
нәруыздарымен 
байланысып кейбiр жағдайда антидене түзiлуiн шақырады.
Гаптендердi зерттеудiң теориялық және тәжiрибелiк маңызы бар. Көптеген 
биологиялық белсендi қосылыстар пептидтi және стероидтық гормондар, циклдық 
АМФ және ГМФ, төменгi молекулалы, иммуногендi емес қосылыстар болып 
табылады. Олардың иммунногендiк нәруыздармен конъюгациясы нәтижесiнде 
антигаптендiк антидене түзiледi. Мұндай антиденелердi ағзаның биологиялық 
сұйықтарында талдауға түскен қосылыстардың деңгейiн анықтау үшiн тест-
жүйесiнде қолданылды. Оған мысал ретiнде - әйелдердiң жүктi екенiн зәрдегi 
хориондық гонадотропиннiң сәйкес антиденелер көмегiмен анықтау.
Гаптен сөзiнiң мағынасы антиген валенттiлiгiнiң мағынасымен 
тығыз байланысты. Антигеннiң валенттiлiгi антиген молекуласының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет