Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер



Pdf көрінісі
бет30/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   296
В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер 
түзiлетiн эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе 
гаптендер (синонимдер) деп аталады. В-жасушалардың әрбiр клоны 
белгiлi бiр гаптенге әсер етедi. 


34 
Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес 
қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландштейнер гаптен 
деген терминдi енгiзген. Гаптендер - өлшемi үлкен емес химиялық 
топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлiгi немесе 
шығу тегi экзогендiк болуы мүмкiн, мысалы, дәрiлiк заттар және олардың 
метаболиттерi, 
азық-түлiк, 
ауыл 
шаруашылық, 
тұрмыстық 
және 
өнеркәсiптiк өнiмдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасымалдаушымен 
байланысқан кезде ғана иммунногендiк қасиетке ие болады.
Антиген молекуласының негiзгi бөлiгiн тасымалдаушы деп атайды. 
Ол антиген молекуласының 97% (гаптен емес) құрайды. Антиген 
тасымалдаушысының құрамында өзiнiң антиген детерминанттары болады. 
Олар тасымалдаушы детерминанттар деп аталады.
Бұл детерминанттар Т-лимфоциттерiн танып, оларға қарсы 
жасушалық иммунитет серпiлiстерi бағытталады, сондықтан 
оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп те атайды. Тасымалдаушы 
детерминанттары гаптеннiң құрамына және өлшемiне қарағанда үлкен. 
Нәруыздық антигендер де әдетте қысқа пептидтер, олардың құрамында 
орта шамамен 6-дан 20-ға дейiн аминқышқылдық қалдықтары болады.
Сонымен, кез-келген антигендi молекуланың бетiнде орналасқан екi 
функционалдық бiрлiкті: тасымалдаушы және гаптен ретiнде қарауға 
болады.
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет