Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-тәуелсiз және Т-тәуелдi антигендер



Pdf көрінісі
бет35/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   296
 
Т-тәуелсiз және Т-тәуелдi антигендер 
Антигендердiң мұндай екi түрге бөлiнуi В-лимфоциттерде антидене 
түзiлуiнiң шақыруына байланысты жүредi.


38 
Тимус-тәуелсiз антигендер (Т-тәуелсiз) – Т-лимфоциттiң және 
макрофагтардың 
көмегiнсiз 
В-лимфоциттерде 
өздiгiнен 
антиденелердiң түзiлуiн шақыратын антигендер. 
Берiлген антигендiк детерминантқа арнайы В-лимфоциттер антигенге 
тәуелдi дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол 
антигендерге антидене түзетiн плазмалық жасушалар клонына бастама 
беру) екi белгiні алу қажет: I – арнайы, II- пролиферативтiк-
дифференциялушы. Т-тәуелсiз антигендердiң өздерi В-лимфоциттердi 
екi белгiмен қамтамасыз етедi. Бiрiншi – арнайы белгiнi В-лимфоциттер 
иммуноглобулиндiк антигенді танушы рецепторлар көмегiмен антигеннің 
гаптендік 
бөлігінен 
алады. 
Екiншi 
– 
пролиферативтiк 
– 
дифференциялаушы белгiнi В-лимфоциттер тасымалдаушылардан алады. 
Екiншi белгiнiң берiлуiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаушының 
құрылымы келесi талаптарға сай келуi керек:
жоғары молекулалық салмақ; 
молекуланың қатаң сызықты құрылымы; 
молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас 
зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек). 
Табиғи антигендердiң iшiнде осы талаптарды қанағаттандыратындар 
бактериялық полиқанттар (БП) және липополиқанттар (ЛП). Олар 
негiзгi Т-тәуелсiз табиғи антигендер болып табылады. Бактериялық 
полиқанттардан және липополиқанттардан басқа табиғи Т-тәуелсiз 
антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендерi, пневмококктық 
полиқанттар, iшек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсiз 
жасанды 
антигендерге 
гаптенмен 
байланысқан 
полиэлектролиттер 
жатады. Т-тәуелсiз поликлондық антигендерге – В-лимфоциттердiң 
митогендерi де (полиқанттар, лаконос митогенi және т.б.) жатады. 
Т-тәуелсiз антигендер барлық табиғи антигендердiң 10%-ын 
құрайды. 
Табиғи антигендердiң көпшiлiгi шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы 
екi талапқа жауап бермейдi. Олар тимустәуелдi антигендер болып 
табылады. Т-тәуелдi антигендерге: трансплантациялық, тiндiк арнайы 
антигендер, 
сарысулық 
нәруыздар, 
бактериаялық 
уыттар, 
бөгде 
эритроциттердiң антигендерi, көптеген вирус антигендерi және тағы 
басқалары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет