Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет71/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   296
CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы 
дендритті жасушаларда кездеседі. В-лимфоциттерде CR2 рецепторы 
Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.
CR3 және CR4. Екі рецептор да мононуклеарлы фагоцитертерде, 
фолликулярлы және басқа да дендритті жасушаларда, сонымен қатар NK-
жасушаларында кездеседі. Эпителиалды жасушаларда CR3 экспрессиясы 
басымырақ. Екі рецептор де фагоцитозды ынталандырады, ал CR3 
қосымша жасушалардың иммундық жабысуын қамтамасыз етеді. Сондай-
ақ, екі рецептор адгезия молекуласы қызметін атқарады және ICAM-1 мен 
ICAM-2 сәйкес лигандаларымен байланысады. Бұл жағдай фагоциттердің 
миграция мен адгезия үрдістерін қамтамасыз ету үшін керек.
Сонымен, 
мембраналық 
рецепторлар 
комплемент 
жүйесінің 
иммундық үрдістерде көптеген эффекторлық қызметтерінің жүзеге асуын 
қамтамасыз етеді. Олар: фагоциттердің опсонизациясы, иммундық 
кешендердің шығуы, антигентаныстырушы жасушалармен иммундық 
кешен түріндегі антигендерді ұстау, В-лимфоциттердің белсенуі және 
апоптозға ұшыраған жасушалардың элиминациясы.
Сонымен 
қатар, 
В-лимфоциттердің 
бірқатар 
қызметтері 
комплементтің рецепторлармен байланысты. Мәселен, құрамында С3 
компоненті бар иммундық кешендер В-лимфоциттерге CR3 рецепторы 
арқылы әсер етеді және олардың өсуі мен белсенуін ынталандырады. В-
лимфоцитердегі комплементке арналған рецептор осы жасушалардың 
белсенуі, 
антигендерді 
ұстауы, 
лимфа 
түйіндерінде 
ұрықтық 
орталықтардың қалыптасуы, сонымен қатар В-зерде жасушаларының 
сақталуы үшін керек. Тимустәуелді антигендерге қарсы иммундық жауап 
үрдісі кезінде В-лимфоциттерде осы рецепторлардың болуы оларды 
апоптоздан қорғайды. 
Комплемент жүйесінің бұзылыстарына байланысты 
дамитын аурулар 
Бүгінгі күні комплементтің кейбір факторларының генетикалық 
тапшылығы сипатталған және олардың бактериалды жұқпаларға, қабыну 
үрдістеріне 
және 
иммундық 
кешенді 
ауруларға 
сезімталдықтың 
жоғарылуымен байланыс бар екендігі анықталған.


73 
Комплементтің жетіспеушілігі кезінде пиогенді микроорганизмдердің 
белсенділігі жоғарылайды. Олар, негізінен, фагоциттерде жасушаішілік 
киллинг нәтижесінде деструкцияға ұшырайды. Бұл үрдіс антидене түзілуі 
мен 
комплемент 
жүйесінің 
жетіспеушілігі 
және 
фагоциттердің 
дисфункциясы кезінде бұзылады. Әсіресе, комплементтің классикалық 
жолмен 
активтенуін 
шақыратын 
алғашқы 
компоненттерінің 
жетіспеушілігінің маңызы өте зор, себебі иммундық жабысу (С3b) қызметі 
бұзылады және фагоциттердің хемотаксисі төмендейді.
Нейссерияларға сезімталдық (N. meningitidis, N. gonorrhoeae) 
мембранды зақымдаушы кешендерді түзетін компоненттердің, сонымен 
қатар альтернативті каскадтың компоненттері жетіспеушілігі кезінде күрт 
жоғарылайды. 
Иммундық кешенді патологиялардың алдын алу – комплемент 
жүйесінің ең негізгі қызметтерінің бірі. Комплемент жүйесі мен иммундық 
кешендер арасында ерекше жағдай бар. Бір жағынан, комплемент 
иммундық кешенді қабынудың дамуына қатысса, екінші жағынан 
классикалық 
жолдың 
алғашқы 
компоненттерінің 
генетикалық 
жетіспеушілігі бар науқастарда аутоиммундық иммундық кешенді 
патология дамиды. Себебі иммундық жабысуды (С3b) және фагоциттердің 
хемотаксисін (С3а) қамтамасыз ететін фрагменттердің жетіспеушілігіне 
байланысты иммундық кешендердің фагоцитозы төмендейді. 
Иммундық кешендердің жинақталуы кезінде дамитын комплемент 
жүйесінің шамадан тыс активтенуі тіндердің зақымдалуына алып келуі 
мүмкін. С3а мен С5а нәруыздары хемотаксисті ынталандыру арқылы 
қабыну ошағында нейтрофилдердің жиналуына ықпал етеді. Сонымен 
қатар, С3а ме С5а фрагменттерінің анафилактикалық белсенділігі әсерінен 
гистаминнің бөлінуі қабыну үрдісін күшейтеді және қан тамырларының 
өткізгіштігін жоғарылатады.
Грамтеріс 
бактериялармен 
шақырылатын 
сепсис 
кезінде 
комплементтің жедел активтенуі байқалады. Бұл кезде науқастардың 
қанында айналымдағы иммундық кешендердің концентрациясы тез 
жоғарылайды. Ал ағзадан шығарылуы күрделі (созылмалы жұқпалар) 
персистентті антигендерге қарсы бағытталған иммундық жауап кезінде 
және 
аутоиммундық 
немесе 
аллергиялық 
генездегі 
иммундық 
патологиялар кезінде комплемент жүйесінің созылмалы түрде активтенуі 
байқалуы мүмкін. Қан айналымы бұзылған жағдайларда (ишемия, 
инфаркт) мембранды зақымдаушы кешендердің түзілуі жоғарылауы 
салдарынан тіндердің зақымдалу үрдісі күшейеді.
Қан плазмасындағы комплементтің нәруыздарынан шектелген 
орталық 
жүйке 
жүйесінде 
қабыну 
алды 
цитокиндері 
әсерінен 
нәруыздардың түзілуі ынталануы мүмкін. Ол комплемент жүйесінің толық 
қызмет етуіне алып келеді. Тіндік макрофагтарға жататын астроциттерде 
комплемент компоненттерін және олардың рецепторларын өндіру қабілеті 
бар. Комплемент нәруыздарының жергілікті активтенуі ОЖЖ қабыну 
және дегенеративті аурулары кезінде (Альцгеймер ауруы, мидың 
ишемиясы мен жарақаттары) байқалады. Шашыранды склероз кезінде 
комплементтің активтенуі олигодендроциттердің бетінде тікелей жүреді, 


74 
ал Альцгеймер ауруы кезінде β-амилоидтар комплементтің жергілікті 
активтенуін шақыру арқылы нейрондардың зақымдануына әкеледі. 
Комплементтің фрагменттері арқылы миға кейбір вирустардың жұғуы 
мүмкін. Олардың қатарына адамның иммундық тапшылық вирусы, 
Эпштейн-Барр вирусы, қызылша вирусы және басқалары жатады. Қазіргі 
кезде комплемент жүйесінің жүйке ауруларының дамуындағы рөлі 
зерттелуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет