Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


иммунологиялық  төзімділік  теориясы



Pdf көрінісі
бет10/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

иммунологиялық  төзімділік  теориясы  пайда  болды.  Дәл  осымен  қатар, 
чех  ғалымы  М.Гашек  осындай  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Ол  құстардың 
эмбрионалды  парабиозды  техникасын  пайдаланған  еді.  Жалпы  бұл 
авторлардың  жұмысы  ертеректе  мәлім  болған  Д.Оуэн  еңбектеріне 
негізделеді.  Д.Оуэн  эмбрионалдық  кезеңде  ортақ  плацентаға  ие 
дизиготалы  егіз  бұзаулардың  эритроцитарлы  мозаицизмнің  (химеризм) 
тұрақтылығын  анықтады  (тұжырымдады).  Алайда,  бұл  екі  автор  орын 
алған  құбылысқа,  ғылыми  тұрғыда,  арнайы  терминдік  атау  бермеді  және 
бұл  істі  П.Медавар  жүзеге  асырды.  1960  жылы  Ф.Бернет  және  П.Медавар 
иммунологиялық 
төзімділіктің 
жасанды 
индукциясы 
саласындағы 
зерттеулері  үшін  Нобель  сыйлығымен  марапатталды.  П.Медавар  ұзақ 
жылдар  бойы  (1939-1953  ж.ж.)  трансплантат  тұрақтамаушылығын 
зерттеуде  көп  еңбек  етті.  Аллотрансплантатты  мүшелік  қабылдамауында 
иммундық жүйе басты маңыз атқаратындығын П.Медавар анықтады. 
1956  ж.  американдық  иммунолог  Альберт  Кунс  антиденелердің 
плазмалық  жасушаларда  түзілетіндігін  дәлелдеді.  60-шы  жылдардың 
басында  иммунитетке  тән  арнайы  серпілістердің  бәрі  де,  яғни  – 
антиденелер  түзу,  денеге  сырттан  ендірілген  ұлпа  не  ағзаларды 
қабылдамау,  вируске  қарсы  қорғанысты  жүзеге  асыратын  лимфоциттер 
екендігі күмәнсіз дәлелденді. 
1957  жылы  Бернет  иммунитет  теориясын  ұсынды.  Оның  негізінде  
Н.Ерненің  (1955ж.)  табиғи  сұрыпталу  концепциясы  жатқан.  Оны  ол 
П.Эрлихтің  1898  жылы  ашылған  бірінші  иммунитет  теориясы  (“жанама 
тізбек” теориясы) арқылы көрсеткен сұрыптау принципі негізін қолданып, 
түсіндірген.      Бірақ,    Н.Ерне  көзқарасында  антигеннің  сұрыптау  қасиеті 
молекулалық деңгейде емес, лимфоидты ұлпалардың ауқымды жасушалық 
популяциясында, 
жасушалық 
деңгейде 
жұмыс 
атқаратындығы 
тұжырымдалды.  1964  жылы  Ф.Бернет  “клон-сұрыптау  иммунитет 
теориясы” деген атпен танымал гипотезаны жан жақа дамытылған. 1984 ж. 
Н.Ерне  иммунитеттің  сұрыптау  теориясының  жалғасы  болып  табылатын 
идиотип-антиидиотип 
желісі 
теориясын 
ұсынғаны 
үшін 
Нобель 
сыйлығымен марапатталды.  
Иммунологияның әрі қарай дамуы иммуноглобулиндердің химиялық 
құрылысы  ашылуымен  байланысты.  Иммуноглобулин  құрылысын  бір-


 
15 
біріне  тәуелсіз  ағылшын  биохимигі  Д.Портер  және  американдық  ғалым 
Дж.Эдельман  1959  жылы  ұсынып,  Нобель  сыйлығына  ие  болған.  Олар 
миеломды  тышқандардың  иммуноглобулиндерінің  құрылысын  зерттей 
отырып, иммуноглобулин G моделін ұсынды. 
60-шы  жылдардың  басында  Д.Миллер  Ф.Бернеттің  тапсырмасы 
бойынша  тимусты  зерттеп,  ол  иммунитеттің  орталық  мүшесі  екенін 
дәлелдеген.  1968  жылы  Д.Миллер  Г.Митчеллмен  бірге  иммунды  жауап 
кезінде 
жасушалардың 
кооперациялануы 
және 
олардың 
тығыз 
байланысында  маңызы  бар  екенін  білді.  Келесі  жылы  И.Ройт  өзінің 
ғылыми  жұмысында  жасушалық  иммунды  жауап  кезінде  макрофагтардың 
жасушалар  кооперациялануына  әсері  бар  екенін  атап  өтті.  Кейінірек,  Т-
лимфоциттер  бөгде  заттармен  «өзгерген  өзінікі»  ретінде  байланысатыны 
мәлім  болды,  яғни  бөгде  зат  өз  МНС-нәруыздарымен  «таныстырылу» 
керек;  бұл  феномен  «екеуін  бірден  тану»  немесе  негізгі  гистосәйкестік 
бойынша  иммундық  жауаптың  «генетикалық  рестрикциясы»  деп  аталды. 
Осы  ашқан  жаңалықтары  үшін  П.Доерти  мен  Р.Цинкернагель  Нобель 
сыйлығының лауреаттары болды. 
Тіндердің 
трансплантациясы 
мен 
гистосәйкестікке 
арналған 
жұмыстары үшін физиология мен медицина саласында 1980 жылы Нобель 
сыйлығы  Дж.Снеллге  –  тышқандардағы  гистосәйкестіктің  Н-2  локусын 
зерттеген  үшін;  Ж.Доссеге  –  адам  ағзасындағы  HLA  жүйесінің 
антигендерін  тапқан  және  зерттеген  үшін;  Б.Бенацераффқа  –  адам 
тіндерінде тұрақтамау механизмдерін ашқан үшін берілген. 
Иммунологияның  келесі  фундаменталды  кезеңі  антиденелерді 
зерттеумен  –  ол  Г.Келлер  мен  Ц.Мильштейн  –  1984  жылғы  Нобель 
лауреаттарының  зерттеу  жұмыстарымен  байланысты.  Олар  1974-1975  жж. 
иммунды  диагностикада  маңызды  биологиялық  молекулаларды  бөліп 
алуда, 
иммунотерапияда 
және 
басқа 
зерттеу 
мақсаттармен 
кең 
қолданылатын моноклонды антиденелер алу технологиясын ашты; ол үшін 
антиденетүзуші 
В-лимфоциттерге 
соматикалық 
жасушалардың 
гибридизациялау әдісін қолданды.  
Иммунды  жауап  даму  үшін  антигендерді  тану  үрдісі  жеткілікті 
болған жоқ. Бұл үрдісте иммунды хабарлы жасушалар бөлетін молекулалы 
факторлардың  қызметі  маңызды  болды.  Мысалы,  макрофагтар  Т-
лимфоциттерді  ИЛ-1-мен  белсендіреді,  ал  Т-лимфоциттер  ИЛ-2-мен  Т-
лимфоциттерді  де,  В-лимфоциттерді  де  стимулдайды.  Соңғы  жылдары 
иммунды жүйе ағзаның басқа да жүйелеріне иммунды жауаптың иммунды 
хабарлы  жасушалары  өндіретін  медиаторларымен  (цитокиндер)  реттеу 
қызметін  көрсететіні  дәлелдене  бастады.  Эндокринді,  жүйке,  т.б. 
жүйелеріне,  ағзаның  қан  түзу  мүшелерінің  қызметіне  иммунды  жүйенің 
ерігіш  өнімдері  (цитокиндер)  негізгі  реттеуші  факторлары  екені  белгілі 
болды.  Иммунды  жүйенің  қызметі  қаншалықты  жұмыс  істейтініне 
байланысты  организмнің  өмірлік  деңгейінің  қызметі  айқындалды.  Бұл 
қызмет  иммунды  жүйемен  тығыз  байланысты  болмауы  да  мүмкін,  бірақ 
иммунды  жүйесінің  өзінде  немесе  одан  басқа  жүйелерге  иммунды  реттеу 
барысында өндірілген цитокиндердің әсері реттеуші әсер ретінде жайылуы 
мүмкін. 
Осыған 
байланысты 
қазіргі 
кезде 
иммуноцитокинді-


 
16 
нейроэндокринді  реттеу  ғалымдардың  көп  қызығушылығын  тудырып 
отыр.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет