Мүшелiк деңгей Иммундық жүйенiң мүшелiк деңгейi 1) орталық (бiрiншiлiк) және 2)
шеткi (екiншiлiк) мүшелерден тұрады.
Иммундық жүйенiң орталық мүшелерi Иммундық жүйенiң орталық мүшелері лимфоциттердiң түзiлуiн
қамтамасыз етедi. Бұл жерде олар лимфоидтық бағаналы жасушалардан
түзiлiп, көбейеді және функционалдық пiсiп-жетiлген жасушаларға
айналады.
Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi болады: сүйек кемiгi және тимус. Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары түзiледi, сондықтан сүйек кемiгi гуморалдық иммунитет жүйесiнiң (В- жүйесi) орталық мүшесi болып саналады. Ал, тимуста Т- лимфоциттердің клондары түзiледi, ол жасушалық иммунитет жүйесiнiң (Т- жүйесi) орталық мүшесi болып табылады. Сүйек кемiгi – иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық
мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше, ол көп қабiлеттi бағаналы
жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын
жасушалар: эритроидтық, одан эритроциттер түзiледi; миелоидтық, одан
нейтрофилдер,
моноциттер,
базофилдер,
эозинофилдер
түзiледi;
мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi
жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда
болады.