Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Инфекциялық  және  инфекциялық  емес  иммунологияның  дамуы



Pdf көрінісі
бет6/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459
Инфекциялық  және  инфекциялық  емес  иммунологияның  дамуы 
және 
орнығуы 
И.И.Мечниковтың 
биологиядағы 
жетістігімен 
байланысты.  Ол бірінші рет иммунологиялық көрсеткіштердің бағасына 
эволюциялық  көзқарасты  енгізді,  бұл  болмаса  бірде-бір  иммунологиялық 
эффект  пен  иммунитет  түсінікті  болмайтын  еді.  Ф.Бернет  жазбақшы, 
“барлық  биологиялық  үрдістер  –  өзекті  эволюцияның  нәтижесі  және  кез-
келген  биологиялық  жалпылама  эволюциялық  тұрғыда  ғана  мағынасы 
болады”.  1883  ж.  И.Мечников  “Организмнің  емдік  күші  туралы”  деген 


 
12 
баяндамасында, 
иммунитеттің 
жалпы 
биологиялық 
теориясының 
принциптерін  көрсетіп  берді.  Бұл  –  алғаш  теория  болып  есептеледі,  ол 
жерде  қорғаныс  серпілістердің  арнайылығы,  ағзаның  тек  микробтардан 
емес  және  де  өзінің  токсиндерінің,  денатурациялық  ақуалдарынан,  өлген 
жасушаларынан  өзі  арыла  алатыны  сияқты  негізгі  феномендер  туралы 
айтылды.  Бірақ,  бұл  фагоцитарлы  теорияны  кейбір  биологтар  мен 
медиктер  жақсы  қабылдаған  жоқ.  Оппоненттер  де  табылды,  олар  жасаған 
тәжірибелерінің нәтижесінде микроорганизмдер мен олардың токсиндерін 
бактерицидтік  ерекшелігі  бар  гуморалды  заттар  бұзады  деген  пікір 
көрсетті.  Ол  ғалымдардың  бірі  -  әйгілі  ғалым  П.Эрлих  болды,  ол  осы 
үрдістің  химиялық  жағын  зерттеді.  Ол  ең  бірінші  токсикалық  заттардың 
инъекциясымен,  оған  қарсы  -  токсиндерді  бейтараптаушы  антиденелер, 
яғни  биологиялық  субстанциялар  пайда  болу  уақыты    арасындағы  период 
бар екенін, яғни латентті периодты анықтады. 
Жаңа  эксперименттер  нәтижесінде  И.И.Мечников  гуморалды 
теорияның жақтаушыларының анықтаған сарысуы дифтерия мен столбняк 
(сіріспе)  қоздырғыштарын  өлтірмей,  тек  сол  қоздырғыштармен  бөлінген 
токсиндерді, 
уды 
жойып, 
фагоциттерді 
стимулдайды, 
ал 
олар 
қоздырғыштарды  жұтатыны  дәлелденді.  Қаншама  талас-тартыстар  болса 
да,  бұл  екі  теория  өзара  жақындай  бастады,  себебі  басында  фагоцитарлы 
теорияға қарсы деп шешілген жаңа фактілер кейіннен бірікті. 
Иммунологияның  негізін  салушылар  И.И.Мечников  пен  П.Эрлих 
арасында  жүрген  ұзақ  полемика  1887  жылы  басталған.  Әр  теорияның 
жақтаушылары 15 жыл бойы өздерінің теориясының дұрыстығын дәлелдеу 
үшін  көптеген  эксперименттер  жасады.  Гуморалды  теориясының 
жақтаушысы  Э.Беринг  ауырғаннан  кейінгі  сарысудың  гуморалды 
фактормен  байланысты  бактерицидтік  қасиеті  жоғарлағанын  анықтады. 
1890  жылы  Э.Беринг  пен  Ш.Китазато  сіреспелік  және  дифтериялық 
токсиндермен егу нәтижесінде антитоксиндік сарысуларды алған. Алынған 
антитоксиндік сарысулар токсиндерді бейтараптаған. 
 
Дифтерияны  емдеуде  антитоксикалық  сарысуларды  қолдану  күшті 
патогенетикалық    құрал  болды  және  мыңдаған  адамның  өмірін  сақтауға 
көмектесті. Бірақ, кейбір кезде антитоксикалық сарысуды қолданғанда, ол 
ауыр  асқынуға  (артериялық  қысымның  төмендеуінен)  тіпті  өлім 
нәтижесіне  алып  келген.  Бұл  асқынуды  Ш.Рише  тәжірибе  жүзінде 
тексерді.  Біріншілік  теріішілік  немесе  теріастылық  вакцинация  иммундық 
жауаптың  шыңында  (10-14  күннен  кейін)  сол  дозадан  5-10  есе  жоғары 
дозада  бұлшық  етке  немесе  тамыр  ішіне  екіншілік  вакцинация  жасағанда, 
тәжірибелік  жануарлардың  100%  өмірге  төзімділігі  төмендеген.  Бұл 
құбылысты  анафилаксия  деп,  ал  пайда  болған  ауыр  жағдайды  А.М. 
Безредка анафилаксиялық шок деп атаған. 
 
Гуморалды және фагоцитарлы теория жақтаушыларының ұзақ уақыт 
дискуссиясы  иммунологияның  ғылым  болып  орнығуына  жол  тапты. 
Физиология  мен  медицинаға  еңбегі  сіңген  үшін  гуморалды  және 
жасушалық  теорияларды  ашқан  ғалымдарға  -  И.И.Мечников  пен 
П.Эрлихқа 1908 жылы Нобель сыйлығы берілген.  


 
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет