Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


кинин  жүйесінің  белсенуі



Pdf көрінісі
бет102/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   459
кинин  жүйесінің  белсенуі  (С2b)  де  қан  тамырлары  өткізгіштігінің 
жоғарылауына алып келеді. 
Комплемет  жүйесінің  активтенуі  барысында,  активацияның  әрбір 
кезеңіне  қатысатын  молекулалар  саны  үнемі  көбейіп  отыратын 
болғандықтан,  олардың  реттелуін  қамтамасыз  ететін  арнайы  жүйе  керек. 
Активацияның  әрбір  кезеңі  сәйкес  тежегішпен  бақыланады.  Ең 
маңыздысы  -  комплементтің  бірінші  және  үшінші  компоненттерінің 
тежегіштері.  Олар  С1ИНА  (С1-инактиватор)  және  С3ИНА  (С3-
инактиватор).  Комплементтің  активтену  механизмдерінде  С1  және  С3 
компоненттері  шешуші  орын  алатын  болғандықтан  (классикалық  жолмен 
активтену  С1-ден  басталады,  ал  альтернативті  жолмен  активтену  –  С3), 
аталған тежегіштер негізгі болып саналады.  
Адамның жасушалары комплементтің әсерінен мембранды нәруыздар 
арқылы  қорғанады.  Комплементтің  реттегіштері  комплементтің  меншікті 
жасушаларға  қарсы  лизистік  потенциалын,  сонымен  қатар  көптеген 
биохимиялық үрдістерге қарсы бақылаусыз әсерін тежейді. 
Тежегіштер комплемент активтенуінің мөлшерін шектейді және оның 
әртүрлі 
циклдары  арасындағы 
тепе-теңдікті  қадағалайды.  Тұқым 
қуалайтын  кейбір  аурулар  тежегіштер  өнімінің  жетіспеушілігімен 
байланысты.  Мәселен,  жиі  кездесетін  теріасты  және  шырышасты 
ісінулермен  сипатталатын  тұқым  қуалайтын  ангионевротикалық  ісіну 
С1ИНА жетіспеушілігі салдарынан дамиды. 
Ісінулер  бетте,  аяқ-қолдарда,  жоғары  тыныс  жолдарының  және  ас-қорыту 
жолдарының  шырыштарында  пайда  болады.  Көмекей  шырышының  ісінуі 
асфиксияға  алып  келуі  мүмкін.  Мұндай  ісінулер  кезінде  ауру  сезім  болмайды, 


 
67 
қышымайды,  есек  жеммен  сипатталмайды  және  ұзақтығы  24-72  сағатқа 
созылады.  Бұл  көріністер  бір  немесе  бірнеше  вазоактивті  пептидердің  және 
кининдердің  шамадан  тыс  өндірілуі  әсерінен  дамиды.  Олар  комплемент  жүйесі 
активтенген  жағдайда,  С1ИНА  жетіспеушілігі  әсерінен  бақылаусыз  өндіріле 
бастайды.  
С3  компонентінің  ыдырауын  тежейтін  С3ИНА  жетіспеушілгі  кезінде  С3а 
фрагменті  өнімінің  жоғарылауы  байқалады.  Мұндай  науқастарда  С3а  әсерінен 
мес жасушаларының дегрануляциясы кезінде  бөлінетін гистамин әсерінен айқын 
терілік қышыма болады 
Жоғарыда 
айтқандарды 
қорыта 
келе, 
комплемент 
жүйесінің 
классикалық жолмен активтенуінің негізгі кезеңдерін қысқаша сипаттасақ.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет