Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет104/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

экссудативті  қабынуды  сипаттайтын  серпілістер  кешені  дамиды. 
Нәтижесінде  серпіліс  даму  ошағы  шектеледі  және  фагоцитоз  бен 
иммундық  кешендердің  шығуы  ынталанады.  Нысана-жасушалардың 
мембраналарымен байланысқан комплементтің компонентері фагоцитозды 
едәуір  жеңілдетеді  (иммундық  жабысу).  Бұл  кезде  негізгі  эффектор 
қызметін  С5-9  лизистік  кешені  атқарады.  Дәл  осы  аталған  кешен 
антигеннің ыдырауын жүзеге асырады.  
 
Қорыта 
келгенде, 
комплемент 
жүйесінің 
активтенуі 
антигендердің  лизисімен  қатар,  осы  лизис  кезінде  түзілген  өнімдерді 
фагоцитозды  ынталандыру  және  қан  тамырларының  өткізгіштігін 
жоғарылату  арқылы  ағзадан  шығуын  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан 
комплемент  жүйесін  гуморалдық  иммунды  жауапты  толықтыратын 
эффекторлық звено деп айтуға болады. Әрине, бұл жағдай жүйенің атынан 
да белгілі болса керек (complement – толықтыру). 
Мысал ретінде комплемент жүйесінің иммунды цитолизге қатысу механизмін 
қарастырайық, ол антилимфоцитарлы сарысудың (АЛС) әсері кезінде байқалады. 
АЛС – Т-лимфоциттермен иммунизацияға жауап ретінде түзілген 
иммуноглобулиндердің қоспасы. Клиникада АЛС лимфоидты тіндердің 
трансплантациясы кезінде дамитын «трансплантаттың иесіне қарсы серпілісін» 


 
68 
алдын алу үшін қолданады. АЛС иммуноглобулиндерінің Ғаb-фрагменттері Т-
нысана-лимфоциттердің антигенді детерминанталарымен байланысады. 
Нәтижесінде иммуноглобулиндердің Ғс-фрагменттерінде С1q байланысатын 
белсенді орталық түзіледі. Келесі кезеңде белсенді С1 компонентінің «жинақталуы» 
және С4 пен С2 компоненттерінің серпіліске қосылуы байқалады. Нәтижесінде С3 
компонентін активтейтін және ыдырататын С4-2 кешені түзіледі. Содан кейін белгілі 
бір тәртіппен С5, С6, С7, С8, С9 молекулалары серпіліске қосылады, соңынан 
мембрананы зақымдайтын көптеген С5-9 лизистік кешендер түзіледі. Олар нысана-
лимфоциттің мембранасын массивті түрде зақымдайды, нәтижесінде диаметрі 80-
100А
0
 ұсақ саңлаулар түзіледі де лимфоциттің цитоплазмасына су кіреді, ол ісінеді, 
жасушаішілік құрылымдары деградацияға ұшырайды және меншікті лизосомды 
ферменттер белсенеді де жасуша жойылады.  
Бұл  оқиға  тізбегі  жасуша  бетіндегі  антигенді  детерминанттармен 
байланысқан  антиденелер  комплементпен  қосылған  жағдайда  үнемі 
дамиды.  Шындығында,  комплемент  жүйесі  осы  көрініс  арқылы  ашылған 
еді.  Бұл  механизм  негізінде  комплементті  байланыстыру  серпілісі  жатыр. 
Аталған  серпіліс  кезінде  эритроциттердің  гемолизі  индикатор  қызметін 
атқарады  және  ол  антиген  мен  антидененің  арнайы  байланысуы  әсерінен 
комплемент  байланысқан  жағдайда  ғана  дамиды  (IgG  эритроциттермен 
байланысады). 
Сонымен  қатар,  классикалық  жол  арқылы  комплемент-тәуелді 
бактериялардың  лизисі  жүзеге  асады.  Бактериялар  антиденелермен 
кешенде 
болғандықтан 
фагоцитозға 
ұшырайды, 
ал 
ол 
жағдай 
антиденелердің 
белсенділігін 
опсонизациялаушы 
механизм 
болып 
табылады. Арнайы антиденелер болған жағдайда фагоцитоздың күшейетіні 
белгілі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет