72
тараған.
Олар:
макрофагтар
мен
нейтрофилдер,
В-лимфоциттер,
фолликулярлы дендритті жасушалары және эритроциттер. Жұқпалардан
кейін қанда ерігіш иммундық кешендердің біраз мөлшері жинақталып
қалады. Олардың қан айналымында болуы тамырлардың қабырғасы үшін
қауіпті. Сондықтан комплементтің белсенді компоненттері - С4b мен C3b
ерігіш иммундық кешендермен ковалентті байланысады және оларды CR1
арқылы эритроциттерге қосады, ал олар өз кезегінде иммундық
кешендерді бауыр мен көкбауырдағы макрофагтарға алып келеді.
Макрофаг эритроцитті зақымдамай, оның бетіндегі иммундық кешенді
«шешіп» алады. Осылайша қанның иммундық кешендерден тазаруы
қамтамасыз етіледі.
С3b мен С4b фрагменттерінің CR1 байланысуы нәтижесінде
нейтрофилдермен
және
моноциттермен
иммундық
кешендердің
фагоцитозға ұшырауы ынталанады.
CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы
дендритті жасушаларда кездеседі. В-лимфоциттерде CR2 рецепторы
Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: