Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Комплемент жүйесінің бұзылыстарына байланысты



Pdf көрінісі
бет112/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   459
Комплемент жүйесінің бұзылыстарына байланысты 
дамитын аурулар 
Бүгінгі  күні  комплементтің  кейбір  факторларының  генетикалық 
тапшылығы  сипатталған  және  олардың  бактериалды  жұқпаларға,  қабыну 
үрдістеріне 
және 
иммундық 
кешенді 
ауруларға 
сезімталдықтың 
жоғарылуымен байланыс бар екендігі анықталған.  


 
73 
Комплементтің жетіспеушілігі кезінде пиогенді микроорганизмдердің 
белсенділігі  жоғарылайды.  Олар,  негізінен,  фагоциттерде  жасушаішілік 
киллинг  нәтижесінде  деструкцияға  ұшырайды.  Бұл  үрдіс  антидене  түзілуі 
мен 
комплемент 
жүйесінің 
жетіспеушілігі 
және 
фагоциттердің 
дисфункциясы  кезінде  бұзылады.  Әсіресе,  комплементтің  классикалық 
жолмен 
активтенуін 
шақыратын 
алғашқы 
компоненттерінің 
жетіспеушілігінің маңызы өте зор, себебі иммундық жабысу (С3b) қызметі 
бұзылады және фагоциттердің хемотаксисі төмендейді.  
Нейссерияларға  сезімталдық  (N.  meningitidis,  N.  gonorrhoeae) 
мембранды  зақымдаушы  кешендерді  түзетін  компоненттердің,  сонымен 
қатар  альтернативті  каскадтың  компоненттері  жетіспеушілігі  кезінде  күрт 
жоғарылайды. 
Иммундық  кешенді  патологиялардың  алдын  алу  –  комплемент 
жүйесінің ең негізгі қызметтерінің бірі. Комплемент жүйесі мен иммундық 
кешендер  арасында  ерекше  жағдай  бар.  Бір  жағынан,  комплемент 
иммундық  кешенді  қабынудың  дамуына  қатысса,  екінші  жағынан 
классикалық 
жолдың 
алғашқы 
компоненттерінің 
генетикалық 
жетіспеушілігі  бар  науқастарда  аутоиммундық  иммундық  кешенді 
патология дамиды. Себебі иммундық жабысуды (С3b) және фагоциттердің 
хемотаксисін  (С3а)  қамтамасыз  ететін  фрагменттердің  жетіспеушілігіне 
байланысты иммундық кешендердің фагоцитозы төмендейді. 
Иммундық  кешендердің  жинақталуы  кезінде  дамитын  комплемент 
жүйесінің  шамадан  тыс  активтенуі  тіндердің  зақымдалуына  алып  келуі 
мүмкін.  С3а  мен  С5а  нәруыздары  хемотаксисті  ынталандыру  арқылы 
қабыну  ошағында  нейтрофилдердің  жиналуына  ықпал  етеді.  Сонымен 
қатар, С3а ме С5а фрагменттерінің анафилактикалық белсенділігі әсерінен 
гистаминнің  бөлінуі  қабыну  үрдісін  күшейтеді  және  қан  тамырларының 
өткізгіштігін жоғарылатады.    
Грамтеріс 
бактериялармен 
шақырылатын 
сепсис 
кезінде 
комплементтің  жедел  активтенуі  байқалады.  Бұл  кезде  науқастардың 
қанында  айналымдағы  иммундық  кешендердің  концентрациясы  тез 
жоғарылайды.  Ал  ағзадан  шығарылуы  күрделі  (созылмалы  жұқпалар) 
персистентті  антигендерге  қарсы  бағытталған  иммундық  жауап  кезінде 
және 
аутоиммундық 
немесе 
аллергиялық 
генездегі 
иммундық 
патологиялар  кезінде  комплемент  жүйесінің  созылмалы  түрде  активтенуі 
байқалуы  мүмкін.  Қан  айналымы  бұзылған  жағдайларда  (ишемия, 
инфаркт)  мембранды  зақымдаушы  кешендердің  түзілуі  жоғарылауы 
салдарынан тіндердің зақымдалу үрдісі күшейеді.  
Қан  плазмасындағы  комплементтің  нәруыздарынан  шектелген 
орталық 
жүйке 
жүйесінде 
қабыну 
алды 
цитокиндері 
әсерінен 
нәруыздардың түзілуі ынталануы мүмкін. Ол комплемент жүйесінің толық 
қызмет  етуіне  алып  келеді.  Тіндік  макрофагтарға  жататын  астроциттерде 
комплемент компоненттерін және олардың рецепторларын өндіру қабілеті 
бар.  Комплемент  нәруыздарының  жергілікті  активтенуі  ОЖЖ  қабыну 
және  дегенеративті  аурулары  кезінде  (Альцгеймер  ауруы,  мидың 
ишемиясы  мен  жарақаттары)  байқалады.  Шашыранды  склероз  кезінде 
комплементтің  активтенуі  олигодендроциттердің  бетінде  тікелей  жүреді, 


 
74 
ал  Альцгеймер  ауруы  кезінде  β-амилоидтар  комплементтің  жергілікті 
активтенуін  шақыру  арқылы  нейрондардың  зақымдануына  әкеледі. 
Комплементтің  фрагменттері  арқылы  миға  кейбір  вирустардың  жұғуы 
мүмкін.  Олардың  қатарына  адамның  иммундық  тапшылық  вирусы, 
Эпштейн-Барр  вирусы,  қызылша  вирусы  және  басқалары  жатады.  Қазіргі 
кезде  комплемент  жүйесінің  жүйке  ауруларының  дамуындағы  рөлі 
зерттелуде. 
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет