Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Сонымен,  иммундық  жүйенің  орталық  мүшелерінде  ізашар



Pdf көрінісі
бет19/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Сонымен,  иммундық  жүйенің  орталық  мүшелерінде  ізашар 
жасушалардан  Т-  және  В-лимфоциттердің  түзілуі  және  олардың 
антигенге 
тәуелсіз 
дифференциялануы 
жүреді. 
Осы 
орталық 
мүшелердегі  антигенге  тәуелсіз  дифференцияланудың  ең  негізгі 
нәтижесі  лимфоциттер  клондарының  түзілуі  болып  табылады.  В-
лимфоциттердің 
клоны 
сүйек 
кемiгiнде, 
ал 
тимуста 
Т-
лимфоциттердің клоны қалыптасады.  
Лимфоциттер  орталық  мүшелерден  қан  және  лимфа  ағымы  арқылы 
шеткi мүшелерге көшеді.  
 
Иммундық жүйенің шеткі  мүшелері 
Оларға:  көкбауыр,  лимфа  түйіндері,  ішектің  пейер  табақшалары, 
аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер 
жатады.  Бұл  мүшелердiң  тимусқа  тәуелді  (Т-лимфоцит)  және  тимусқа 
тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады. Иммундық 
жүйенің  шеткi  мүшелер  жүйесінiң  ұйымдастыру  негізінде  жергілікті 
қағидалар  жатыр:  әрбір  лимфоидтық  мүше  дененің  белгілі  бір  бөлігін 
бақылайды,  ол  жерден  оған  лимфа  келеді  (лимфа  түйіндері),  немесе  қан 
айдау  жолдарында  кедергі  болады  (көкбауыр)  немесе  ағзаның  ішкі 
ортасын  шектейтін  кедергілермен  тікелей  байланысады  (тері  және 
шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет