Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


ИЛ-1,  6  және  7,  колонистимулдеуші  факторлар



Pdf көрінісі
бет17/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИЛ-1,  6  және  7,  колонистимулдеуші  факторлар  (ГМ-КСФ,  Г-КСФ,  М-
КСФ).  Осы  цитокиндер  арасында  тимоциттер  дамуы  үшін  маңыздысы  
ИЛ-7  болып  табылады,  тимустағы  қалған  цитокиндердің  әсері  өзара 
алмастырушылық. 
Кейбiр 
жағдайда 
тимустың 
гематотимикалық 
деп 
аталатын 
тосқауылдың болуына байланысты тимустың ағзаның басқа мүшелер және 
жүйелермен әрекеттесуi шектелген. 
Тимус 
тек 
қана 
Т-лимфоциттердің 
пiсiп-жетілуіне  
мамандандырылған. 
Бұл 
мүшенің 
морфологиялық 
құрылысының 
ерекшелігі: 
әр 
аймақта 
лимфоциттердiң 
әр 
түрлі 
жағдайдағы 
микроайналым 
болады. 
Нәтижесінде 
бұл 
жасушалар 
әртүрлі 
жасушааралық және гуморалдық әсер алады, яғни: 
  Т-лимфоциттердің 
пiсiп-жетілуі, 
негізінде 
Т-лимфоциттер 
клонының  түзілуіне  әкелетін  антигентанушы  рецепторлардың 
пайда  болуы,  әрбiр  Т-лимфоциттер  клоны  тек  бір  нақты 
антигенге ғана арналған;  
  қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;  
  Т-лимфоциттер 
клондарының 
сұрыпталуы, 
олар 
негізгі 
гистосәйкестік 
комплексiнiң 
өнімдері 
өзiндiк 
МНС–
антигендерiмен бірге бөтентектi пептидтерді анықтайды.  
Туылған  кезде  нәрестелерде  тимустың  салмағы  оның  жалпы  дене 
салмағының  1/300  бөлігін  құрайды.  1-3  жас  аралығында  тимус  біршама 
көлем  мен  белсенділікке  жетеді  (гормондар  түзілуі,  тимоциттердің 
дифференциялануы  мен  пролиферациясына  көмектесу),  кейін  ол 
тұрақтанады.  20  жастан  бастап  біртіндеп  үдемелi  инволюциясы 
(салмағының  азаюы)  жылына  белсендi  тіннің  3%-на  дейін  жойылуымен 
жүреді.  Атрофияға  көбiне  тимустың  қыртыстық  қабаты  ұшырайды.  Ал 
милық  заты  жартылай  атрофияға  ұшыраса  да,  бiраз  бөлiгi  сақталады. 
Адамда  тимустың  жасқа  байланысты  инволюциясы  кезінде  иммундық 
тапшылық  жағдай  қалыптасады,  бұл  кезде  иммундық  жүйеге  тимус 
гормондарының  препараттары  қолайлы  әсер  етеді.  Жалпы  тимустың 
жастық  инволюциясы  иммундық  жүйенің  ескiруiне,  ал  ол  аралық  бүкіл 
ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.  
Сонымен,  тимус  иммунитеттің  жасушалық  жүйесінің  түзілуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет