Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Колониябелсендіруші факторлар (гемопоэтиндер)



Pdf көрінісі
бет199/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   459
Колониябелсендіруші факторлар (гемопоэтиндер) 
Бұл  цитокиндер  колониястимулдайтын  факторлар  деп  атауының 
себебі  –  олар  дақылда  сүйек  кемігінің  бағаналы  жасушаларынан  қан 
жасушаларының  белгілі  түрінің  колонияларының  өсіп-өнуін  шақыра 
алады. Сонымен қатар, гемопоэтиндер иммундық жауап және арнайы емес 
қабыну  кезіндегі  жергілікті  қабыну  реакцияларында  қанның  жетілген 
жасушаларының сақталуы мен қызмет етуiне әсер келтіреді.  
Бұл  топқа  сүйек  кемігінде  in  vitro  миелоидтық  және  моноцитарлық 
тізбектердің колонияларының қалыптасуын сүйемелдейтін 3 фактор кіреді: 
ГМ-КСФ 
(гранулоцитарлық-макрофагалдық 
колониястимулдайтын 
фактор),  Г-  КСФ  (гранулоцитарлық  КСФ)  және  М-КСФ  (макрофагалдық 
КСФ).  Сонымен  қатар  бұл  топқа  тағыда  ИЛ-3,  7  және  11  жату  керек  еді, 
осымен цитокиндердің қазіргі жіктелуі шартты екендігі айқындалады.  
КСФ  сүйек  кемігінің    және  басқа  ағзалардың  жасушаларымен 
(фибробласттармен,  эндотелиалды  жасушаларымен),  макрофагтармен, 
белсендірілген Т-лимфоциттерімен өндірілетін гликопротеиндер. Олардың 
синтезін    бактериалдық  өнімдер,  полиэлектролиттер,  митогендер  және 
антигендер қоздыра алады.  
ГМ-КСФ  –  алғашқы  рекомбинанттық  ДНК  технологиясымен 
жасалған  адамның  гемопоэтикалық  гормоны.  Негіздейтін  тегi  адамның 
хромосомаларының  5-ші  жұбында  орналасқан.  ГМ-КСФ  макрофагтардың 
пісіп жетілуін  белсенді түрде қоздырады. ИЛ-3 екеуінің рецепторларының  
β–тізбектері бірдей болғандықтан әсерлері ұқсас. Г-КСФ сияқты, ГМ-КСФ 
әр  түрлі  цитокиндермен  әсерлесіп  гемопоэтикалық  жасушалардың  көбеюі 
мен  жетілүін  реттейді.  Және  де  ГМ-КСФ  жетілген  миелоидты 
жасушалардың  қызметтерін  белсендіре  алады,  соның  ішінде,  қатерлі 
меланома  жасушаларына  қарасты  (А  375  тізбегі)  макрофагтардың 
цитотоксикалық 
әсерін 
күшейтеді. 
Сонымен 
қатар, 
ГМ-КСФ 
макрофагтардың  тыныстық  үрдістерін  ұлғайтады.  ГМ-КСФ  белгілі  бір 


 
145 
деңгейде,  әсіресе  IFN-γ-мен  қосылып,  адам  моноциттерінің  U  937 
тізбегінде 
АИВ-1 
репликациясын 
тежейді. 
ГМ-КСФ 
жетілген 
нейтрофилдер  мен  эозинофилдердің  бірқатар  қызметтерін  жоғарылатады: 
нейтрофилдердің 
бактериялар 
мен 
ашытқыларды 
фагоцитоздауын 
белсендіреді; 
антиденелермен 
байланысқан 
нысана 
жасушаларына 
нейтрофилдер  мен  эозинофилдердің  цитотоұлағыштығы  әсерлеуіне  ықпал 
етеді. ГМ-КСФ қабынудың белсенді медиаторы - лейкотриен В4 синтезіне 
қатысты 
нейтрофилдік 
5-липоксигеназаны 
активтейді. 
ГМ-КСФ 
культивацияланған  адамның  эндотелиалды  жасушаларының  миграциясы 
мен  көбеюін  қоздырады.  ГМ-КСФ  рецепторлары  бірқатар  тіндерде 
табылған: 
плацентада, 
олигодендроциттерде 
және 
кейбір 
ісік 
жасушаларында  (меланома,  өкпенің  жасушааралық  карциномасы  және 
қуықасты  безі).  Сонымен,  in  vitro  өткізілген  зерттеулер  нәтижесінде  ГМ-
КСФ  макрофагтар  мен  нейтрофилдердің  физиологиялық  белсенділігінде 
зор  маңызы  бар  деп  айта  аламыз,  сол  себептен  бір  қатар  індеттер  кезінде, 
соның 
ішінде 
макрофагтардың 
ішінде 
көбейетін 
микробтармен 
шақырылатын, емдеу және алдын алу шарасы ретінде қолданыла алады.  
Г-КСФ    -  тегi  адам  хромосомаларының  17-ші  жұбында  орналасқан, 
классикалық  гемопоэтикалық  өсу  факторларының  бірі.  Г-КСФ  негізгі 
өндірүші жасушалары: моноцит/макрофагтар, фибробласттар, тегіс салалы 
және  эндотелиалды  жасушалар.  Г-КСФ  синтезін  қоздыратындар  -  ИЛ-1, 
ИЛ-6  және  ГМ-КСФ.  Ол,  көбінесе,  гранулоциттердің  бастауыштары  мен 
жетілген  гранулоциттерге  әсер  келтіріп,  эритроциттер,  тромбоциттер, 
нейтрофилдер 
және 
эозинофилдердің 
дамуын 
қамтамасыз 
етеді, 
митогендерге  (ЛПС)  жауап  ретінде  фагоциттердің  белсенділігін  және 
оттегі  өнімін  жоғарылатады.  Сонымен  қатар,  Г-КСФ  хемотаксикалық 
белсендiлiктi 
көрсетіп, 
лейкоциттердің 
миграциясын 
шақырады; 
гранулоцитопоэзді  қоздыруда  ИЛ-3,  6,  11-лермен  бірігіп,  қызмет  етедi; 
адам  эндотелиінде  фибрин  ұйытқыларын  ерітетін  протеолитикалық 
ферменттің  -  плазминнің  плазминогеннен  пайда  болуына  әсер  келтіретін 
плазминоген 
активаторының 
белсенділігiн 
жоғарлатып, 
культивацияланған  адам  эндотелиінің  жасушаларының  миграциясы  мен 
пролиферациясын  күшейтеді;  қуық  карциномасына  аутокринді  өсіру 
фактор  ретінде  әсер  келтіреді.  Г-КСФ-ды  енгiзгенде  тез  арада 
гранулоциттердің саны көбейедi.  
М-КСФ –  тегi адам хромосомаларының 5- жұбында орналасқан. М-
КСФ 
өндірілуінің 
индукторлары: 
ИЛ-3, 
ГМ-КСФ, 
IFN-γ. 
Оны 
фибробласттар,  эндотелиалды  жасушалар,  моноцит/макрофагтар  өндіреді. 
Негізгі 
биологиялық 
әсері 
моноцитопоэзді 
қоздыруымен 
және 
моноцит/макрофагтарды  белсендірүмен  байланысты.  ГМ-  және  Г-КСФ-
термен  салыстырғанда,  нейтрофилдердің  хемотаксисының  күштi  тежегіші 
болып  келеді.  Сонымен,  КСФ  табиғи  жағдайда  миело/моноцитопоэзді, 
белгілі  бір  сатылары  мен  тізбектеріне  әсер  етіп,  қамтамасыз  ететін 
факторлары болып келеді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет