Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет202/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   459
 
 
Хемокиндер 
Хемокиндер 
дегенiмiз, 
цитокиндердiң 
иммунды 
жүйенiң 
жасушаларының жылжу қабiлетi мен белсендiрiлуiн реттейтiн арнайы түрi. 
Соңғы  жылдары  40  шақты  хемокин  табылды,  олар  цитокиндердiң  iшiнде 
(“хемокин”  терминi  –  “хемотаксис”  пен  “цитокин”  терминдерiнен 
туындаған) бөлек подкласқа бiрiктiрiлiп, 4 тұқымдастыққа жiктелген: 
1. 
СХС (α-хемокиндерi) 
2. 
СС (β-хемокиндерi) 
3. 
С (γ-хемокиндерi) 
4. 
СХ3С (дельта-хемокиндерi) 
 
Химокиндердiң 
осылай 
бөлiнуi 
олардың 
молекулаларының 
құрамындағы  цистеин  қалдықтарының  салыстырмалы  позициясына 
байланысты. Хемокиндердiң молекулалық салмағы 8 ден 12  кДа дейiн, ал 
амин  қышқылдық  қалдықтары  бойынша  гомология  пайызы  20  дан  70  %  
дейiн.  Структуралары  бiрдей  молекулалар  лейкоциттердi  белсендiруге 
қатысады және қабынудың даму барысында сол жасушалардың жылжуын 
реттейдi. 
 
Соңғы  жылдары    хемокиндердiң  әр  түрлi  патофизиологиялық 
процесстерге  –  созылмалы  және  жедел  қабынуға,  жұқпалы  ауруларға, 
ангиогенездi 
реттеуге, 
iсiктердiң 
өсуiне, 
гемопоэздiң 
бағаналы 
жасушаларының  көбеюiне  белсендi  қатысатыны  дәлелденген.  Қызықты 
ғылыми  жаңалықтардың  бiреуi  -    хемокиндерге  арналған  рецепторлар 
адамның  иммундық  тапшылығының  вирусына  (АИВ-1)  ко-рецептор 
ретiнде табылғаны. CD4 молекуласы АИВ-1дің  беткерi гликопротеинiмен 
байланысатын  басты  рецепторы  екенi  белгiлi.  Бiрақ,  қазiргi  таңда, 
жасушаны  жұқпалау  үшiн  жалғыз  бұл  байланыс  жеткiлiктi  емес  екенi  
айқындалды.  АИВ-1  қосымша  ко-рецепторларымен  байланысуы  қажет, 
осы  ко-рецепторлар  ретiнде  хемокиндерге  арналған  рецепторлар  қызмет 
етедi. Солай, макрофагтардың бетiнде ко-рецептор қызметiн MIP-1α, MIP-
1β  және    RANTES  хемокиндерi  атқарады.  Т-лимфоциттерде  қосымша  ко-
рецептор  болып  SDF-1  хемокинiнiң  рецепторы  шығады  (басқа  аты  - 
“фузин”).  Макрофагтар  мен  Т-лимфоциттерiнде  аталған  ко-рецепторлары 
жоқ  адамдар  АИВ-iндетiне  резистенттi  және    аурудын  дамуына  бейiм 
болады.  Бұл  ғылыми  жаналықтың  аса  зор  практикалық  маңызы  бар: 
хемокинді  рецепторлардың  жасанды  блокадасы  АИВ  індетінің  алдын 
алуда және ЖБИЖС науқастарын емдеуінде қолданады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет