Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет200/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   459
 
Интерферондар  (IFN) 


 
146 
Интерферон  1957  жылы  инактивтелген  грипп  вирусымен  өңделген 
тауық 
эмбрионының 
аллантоис 
сұйықтығында 
болатын 
белсендi 
субстанция  ретiнде  сипатталған.  Бұл  субстанция  түрлi  вирустардың 
әсерiне  тұрақтылықты  өндiре  алатыны  кейiнірек  белгiлi  болды.  Кейін 
интерферондардың 
синтезі 
вирустық 
емес 
агенттермен 
(ЛПС, 
полианиондар, митогендер) индукциялану көрсету мүмкiншілігі туындады. 
70-шi жылдары иммундық стимуляция кезiнде пайда болатын интерферон, 
яғни  «иммундық  интерферон»  түсiнiгi  пайда  болды.  Алғашында 
интерферон  тек  қана  вирустарға  қарсы  фактор  ретiнде  қарастырылды. 
Қазір  олардың  құрамында  iсiкке  қарсы  және  иммун  реттегiш  қызметi 
анықталды.  Қазiргi  кезде  интерферондар  цитокиндердiң  арнайы  класына 
бiрiктiрiлiп енгізіліп отыр.  
Интерферондардың  негiзгi  2  түрiн  ажыратады:  I  түрi  –  IFN-α,β,ω 
және  II  түрi  –  IFN-γ.  Лейкоцитарлық  интерферондар  -  IFN-α  және  IFN-ω. 
Фибробласттық интерферон  - IFN-β. Иммундық интерферон – IFN-γ. 
IFN-α,  β,  ω  I-ші  түрлi  интерферондар  деп  ажыратылуы  олардың 
жалпы 
аминқышқылдық 
тiзбектерiнiң, 
рецепторларының 
гомологиялығына 
байланысты. 
Олар 
лейкоциттер 
(IFN-α) 
және 
фибробласттар  (IFN-β)  өндiретiн,  165-172  аминоқышқылынан  тұратын 
қышқыл  протеиндердiң  тұқымдастығының  өкiлдерi  болып  келедi, 
молекулалық  салмақтары  16-27,5  кДа  жуық.  IFN-α    мен  β  синтезiн 
негiздейтiн  тектер  адамның  хромосомаларының  9-  жұбында  орналасқан. 
IFN-ω  күйiс  қайыратын  малдың  эмбриондары  мен    лимфоциттерiнде 
өндiрiледi.  Интерферондар  вирустық  бактерияларға,  микоплазмалық  және 
протозойлық  iндеттерге  жауап  ретiнде,  сондай-ақ  ИЛ-1,  ИЛ-2  мен  ІНФ 
сияқты  цитокиндердiң  әсерiнен  өндiрiледi.  IFN-α,β,ω  биологиялық 
эффектiлерi бiр-бiрiне өте қатты ұқсайды, себебi олардың рецепторлары 
ортақ.  Интерферондардың  вирустарға  қарсы  әсерiн  олардың  вирустық 
геномының 
транскрипция, 
трансляция 
процесстерiн 
тежеуiмен 
байланысты.  
Интерферондардың iсiкке қарсы белсендiлiгi бiрнеше жолмен жүзеге 
асырылады.  Бiрiншiден  –  жасуша  iшiнде  аденилатциклаза  мен  цАМФ 
мөлшерiн  арттыру  арқылы  жасушалардың  көбеюiн  тежейді.  Осы  кезде 
жасушаларды  фосфорлайтын  протеинкиназа  А  активтелiп  жасуша 
пролиферациясы тежелiп дифференциация үрдісі басталады. Және тағы бiр 
механизм  -  NK-  жасушаларының,  Т-киллерлердiң    және  макрофагтардың 
қоздырылуымен байланысты.  
IFN-α мен β иммундық жауапқа әсерi - кейбiр цитокиндердiң өнiмiн 
күшейту  (соның  iшiнде  ИЛ-1  мен  2).  Жоғары  мөлшерлерде  IFN-α  мен  β 
гуморалдық  және  жасушалық  иммунитеттердi  тежейдi,  бiрақ  төменгi 
дозаларда олардың  иммунды  реттегiш қасиеттерi байқалады.  
IFN-γ 
1965 
жылы 
ашылды. 
IFN-γ 
негiздейтiн 
гендер 
хромосомалардың  12-шi  жұбында  орналасады.  IFN-γ  –  белсендiрiлген  Т-
лимфоциттер  мен  NK  –  жасушалары  өндiретiн  20-25  кДа  жуық  салмағы 
бар  гликопротеин.  Т-лимфоциттердiң  арасында  IFN-γ  –  продуценттерi  – 
цитотоксикалық  CD8

және  хелперлiк  CD4
+
  жасушалары,  бiрақ  Тх1  мен 
Тх2 дифференцировкасы кезiнде IFN-γны тек қана Тх1 өндiредi. Өнiмi ИЛ-


 
147 
2,  лейкотриендермен  және  IFN-γ  өзiмен  қоздырылады.  Ал  ИЛ-10, 
дексаметазон, 
циклоспорин 
А 
IFN-γ 
синтезiн 
тежейдi. 
Басқа 
интерферондардың  биологиялық  әсерлерiне  (вирустардың  репликациясын 
тежеу, антипролиферативтiк әсер, иммуномодуляциялық әсер) ұқсас болса 
да,  IFN-γның  лимфокиндiк  жүйесімен  байланысы  тығыздау,  жоғары 
иммунреттегiш әсерi бар.  
IFN-γ 
лимфоциттер 
мен 
макрофагтардың 
арасындағы 
әрекетттесулерге  қатысу,  иммундық  жауаптың  жасушалық  және 
гуморалдық  бөлiктерiн  өзара  байланысуының  реттеу  сияқты  маңызды 
қызметтерiн  атқарады.  IFN-γ  –  макрофагтардың  стимуляторы,  ол  бұл 
жасушалардың  түрлi  функцияларының,  соның  iшiнде  антигендердi  өңдеу 
және 
таныстыруын, 
оттегi 
мен 
азоттың 
активтi 
формаларының 
генерациясын,  цитокиндердiң  өнiмiн    белсендіреді.  IFN-γ  әсерiнен  ИЛ-1 
мен  ИЛ-12  (бұл  цитокиннiң  әсерiнен  IFN-γ  синтезi  және  Т-хелперлердiң 
Тх1 жаққа қарай жетiлуi күшейеді) өнiмi жоғарлайды.  
IFN-γ  Тх2  өнiмін  төмендетедi.  Осы  гуморалдық  әсерлесулердiң 
нәтижесiнде  IFN-γ  жасушалық  иммунитеттiң  дамуын  күшейте  түсiп 
гуморалдық иммундық реакцияларды тежейдi.  
IFN-γ,  басқа  да  интерферондар  сяқты,  iсiкке  қарсы  және 
вирустарға  қарсы  белсендiлiктi  көрсетедi.  Т-лимфоциттер  мен  NK-
жасушалардың  гуморалдық  өнiмi  ретiнде  цитотоксикалық  эффекттiң 
жүзеге  асуына  ықпал  етеді.  Иммун  реттеуде  маңызды  болғандықтан        , 
IFN-γ  жасушалық  иммунитеттiң  басты  цитокинi  және  гуморалдық 
иммунитеттiң тежегiшi болып келедi.  
Сонымен,  барлық  интерферондар  –вирустарға  және  iсiкке  қарсы 
күштілігі  әр  түрлi  әсерi  бар  полифункционалдық  белоктық  факторлар. 
Интерферондардың  барлығында  антипролиферативтiк  әсер  байқалады, 
бiрақ  IFN-γның  антипролиферативтiк  белсенділігі  олардан  да  жоғары. 
Интерферондардың  барлығында  иммунреттегiш  қасиет  бар,  олар 
макрофагтардың,  Т-лимфоциттердiң  және  NK  – 
жасушаларының 
белсендiлiгiн 
жоғарылатады, 
Т-киллерлердiң 
бөгде 
(вируспен 
зақымдалған,  iсiк)  жасушаларды  танып  алуда  өте  маңызды,  МНС  I  класс 
антигендерiнiң  экспрессиясын  көбейтедi.  Сонымен  қатар  МНС  II  класс 
антигендердiң  экспресиясын  жоғарылату  қабiлеттерi  бар,  бұл  қызметтi  ең 
белсендi түрде IFN-γ атқарады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет