Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Иммунологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет4/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459
Иммунологияның даму тарихы 
Иммунитет  туралы  ғылым  XIX  ғасырға  дейін  адамдарды  мазалаған 
инфекциялық  ауруларды  жеңу  үшін  қатан  өмірлік  қажеттілігі  арқасында 
пайда болған. Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Ең алғаш шешек 
пустулаларының  сау  адамға  қондыру  арқылы  қорғану  Қытайда  б.ғ.д.  мың 
жыл  бұрын,  XI  ғасырда  қолданылды.  Кейінірек  бұл  әдісті  Индияда,  Кіші 
Азияда;  Европада  қолдана  бастады.  Медицина  тарихына  белгілі  Шығыс 
ғалымы Әр-Рази шешекке классикалық анықтама беріп, шешекті егу әдісін 
қолданғаны  белгілі.  Оның  ізашары  Авиценна  опа  мен  шешекке  тән 
белгілері  және  бұл  аурулармен  ауырған  адамдар  өте  сирек  қайта 
ауырғандығы  туралы  жазған.  Бұрын  инфекциямен  байланыс  болса, 


 
11 
организм қорғаныс қасиеттерін өндіретінін таза тәжірибе көрсеткен. Бірақ, 
егудің  бұл  әдісі  (вариоляция)    көбінесе  аурудың  жедел  өтуіне  немесе 
егілгендердің  өліміне  келтіргені  анықталған.  Ол  заманда  бұл  жағдайға 
ғылыми түсінік берілмеген. 
Иммунологияны  ғылым  ретінде  классикалық  және  қазіргі  заманғы 
иммунологияға  бөледі.  Классикалық  иммунология    Э.Дженнер  мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет