Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


iсiктiң  бiлiнуi  иммунды  жетiспеушiлiк  жағдайға  тәуелдi,  әсiресе



Pdf көрінісі
бет222/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   459
iсiктiң  бiлiнуi  иммунды  жетiспеушiлiк  жағдайға  тәуелдi,  әсiресе 
жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгiне.  
Қалыпты  жұмыс  iстейтiн  иммунды  жүйе  қатерлi  iсiктердiң  көбiсiн 
iсiк  жасушалар  белгiлi  бiр  мөлшерден  аспаса  (10
8
-10
9
)  жоя  алатындығы 
дәлелденген. Егер қатерлi iсiктiң алғашқы даму сатысында иммунды жүйе 
қандайда  бiр  себептермен  басылып  тежелсе,  немесе  iсiк  жасушаларының 
өсу  жылдамдығы  жоғары  болып,  iсiк  мөлшерден  тыс  асып  кетсе,  онда  ол 
иммунды  жүйенiң  қабiлеттiлiгiн  басып  озып,  iсiктiң  дамуын  шақырады. 
Иммунды  тежегiштiк  әсердi  көптеген  канцерогендер  мен  онкогендi 
вирустар 
көрсетедi. 
Iсiк 
дамуының 
мөлшерiне 
қарай 
иммунды 
жетiспеушiлiк одан әрi тереңдей бередi. 
Iсiкке  қарсы  иммунды  жауаптың  әлсiздiгiнiң  келесi  бiр  себебi  бар   
iсiк  жасушаларының  өсiндiсiнде:  әлсiз  iсiкерекшелi  антигендерi  бар 


 
165 
жасушалар  қалады  да,  сонымен  қаттар,  күштi  антигендi  жасушалар  өзiне 
қарсы  қарқынды  иммунды  жауап  шақырады.  Иммунды  тежегiштiк  
жағдайда әлсiз iсiкерекшелi антигендер супрессорлы төзiмдiлiк шақырады, 
сол  себептен  iсiк  жасушаларына  қарсы  иммунды  жүйенiң  әсерлiгi 
төмендейдi.  
Төмен  аймақтық  (кiшiзоналық)  супрессиялық  төзiмдiлiк  иммунды 
тежегiштiк  жағдайда  аз  мөлшерлi  әлсiз  антигендермен  шақырылатыны 
белгiлi.  Бұл  жағдай  iсiк  өсуiнiң  алғашқы  сатыларында  пайда  болады  (iсiк 
антигендерiнiң  аз  мөлшерi,  ОСТА  -  әлсiз  антигендерi,  iсiктiң  иммунды 
жетiспеушiлiк  жағдайда  өсуi).  Бұл  иммунды  жүйенiң  белсендiлiгiн 
төмендетiп iсiк жасушаларын жоюда маңызды рөл атқаратын Т-киллерлер 
көбеюiн тежейдi.  
Iсiктiң  асқынуы  төзiмдiлiктi  шақырушы  айналымдағы  iсiк 
антигенiнiң көбеюiне, сонымен қатар, iсiк дамуымен бiрге өсетiн иммунды 
жетiспеушiлiгiне  әкелiп  соғады.  Иммунды  жетiспеушiлiктiң  тереңдеуiнде 
аурудың  өршуi  мен  ағзаның  улануы  да  әсер  етедi.  Иммунды  тежегiштiң 
күштi  әсершiсi    ол  аурудың  соңғы  сатысында  жүргiзiлетiн  сәуле, 
химиялық  ем.  Сонымен  қатар,  көпшiлiк  зерттеушiлердiң  пiкiрi  бойынша, 
iсiктiң өзi де иммунды тежегiштiк әсер көрсететiн факторлар бөледi. 
Өсу уақытында ісік жасушаларында жоғары жиілікті мутациялар мен 
хромосомды  абберациялар  (өзгерiстер)  байқалады.  Ісік  гетерогенді  бола 
бастайды, оның ішінде құрамындағы жасушалардың антигендігі жағынан
да.  Осының  нәтижесінде  “антигенді  дрейф”  деп  аталатын  ісік 
жасушасының  антигенді  құрамының  өзгеру  құбылысы  байқалады. Iсіктің 
алғаш  өсуі  кезінде  жасуша  бетінде  жабысқан  антигенге  қарсы  пайда 
болған 
иммунды
жауап 
“антигенді 
дрейф” 
нәтижесіндегi 
жаңа 
антигендерге қарсы әсер  әлсіз келедi.  
Ісікке 
қарсы 
иммунитет 
әлсiздігі 
ісік 
жасушасының 
гистосәйкестiлiк анттигендерi жағынан өзгерген кездерде де төмендейді: 
сол себептен Т-киллерлердiң ісікпен байланысуы тежеледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет