Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


В-жуйенің  iсікке  қарсы  иммунитеттегi  қызметi.  Онкологиялық



Pdf көрінісі
бет224/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   459
В-жуйенің  iсікке  қарсы  иммунитеттегi  қызметi.  Онкологиялық 
аурулардың қан сарысуындағы кедерг   факторлары 
Ісік  антигендерiнне  қарсы  гуморалды  иммунды  жауап,  басқа 
кездердегi  қарсы  тұру  сияқты  І  түзілуінен  басталады.  Егер  IgМ  ісік 
жасушасының  бетіне  жетіп  өзіне  сай  антигендік  детерминантасымен 
тұрақты байланысса, комплемент жүйесі классикалық жолымен белсенеді 
(антигенді  байланыстырған  IgМ  бір  молекуласы  жеткілікті  болады).  
Осылай 
пайда 
болған 
литикалық 
комплекс 
ісік 
жасушасының 
мембранасын  бұзады.  Бірақ,  IgМ  негізі  лейкозда, яғни  қан  айналымында 
орналасқан  iсiк  жасушасына  әсер  етуі  жақсы  екенін  айта  кету  керек. 
Егерде  ісік  қан  тамырынан  тыс  болса,  онда  IgМ  оның  бетіне  жетпейді 
(яғни,  тамыр  қабырғасынан  пентамерлi  молекуласы  өтпейді)  және  ісік 
лизиске ұшырамайды (ерiмейдi).  
Ісіктің  көпшілік  түрінде  IgM  түзілуі  IgG-ге  тез  ауысады.  Ол  қан 
тамыр  қабырғасынан  тез  өтіп   ісік  жасушасының  бетіне  оңай  жете  алады, 
бірақ  комплемент  белсенділiгі  жиі  жағдайда  болмайды.  Біріншіден,  ол 
IgG-нiң 
барлық 
топтарының 
мұндай 
белсенділікті 
шақыра 
алмайтындығымен, екіншіден, антиген детерминантымен байланысқан IgG 
екi  молекуласы  арасындағы  жақын  аралық  әр  кезде  әр  түрлi  болуы 
ықтимал.  Бұған  қосымша  қатерлi  iсiк  жасушалары  бетіндегi  ісікерекшелi 
антигендер  мөлшерi  аз  болғандықтан,  антиген  детерминанттары  бір-
бірінен бiрнеше ара қашықтықта орналасады.  
Сөйтіп,  көпшілік  жағдайда  IgG  ісік  жасуша  бетіне  орналасуына 
қарамастан, олардың лизисіне (еруі) алып келе алмайды. 
Сонымен  қатар,  IgG  молекулалары  антиген  детерминанттарымен 
байланысып,  цитотоксикалық  Т-лимфоциттерге  ісік  жасушаны  тануға 
бөгет  жасайды  және  ісікке  қарсы  жасушалық  иммунитет  әсерін 
төмендетеді.  Соның  нәтижесінде,  ісік  өсуінің  (“иммунологиялық  күшею”) 
феномені байқалады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет