Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет237/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   459
рекомбинантты 
интерлейкиндер 
(ИЛ-2, 
ИЛ-12) 
және 
интерферондар  (INF-,  ,  )  пайдаланып  жүр.  Ем  ретінде  қазір 
антицитокиндік  препараттар  және  әртүрлі  беткері  молекулаларға 
қарсы 
жаңа 
гуманизацияланған 
рекомбинантты 
моноклонды 
антиденелі препараттар: трастузумаб (герцептин), ритуксимаб (мабтера) 
қолданылады. 
Иммунды  қоздырудан  басқа,  ісік  емдерiнде
арнайы  иммунды 
тәсілдер ашуға мүмкіндік жасалып жатыр. Соңғы  10-15 жылдарда мұндай 
тәсілдер  қолданылып  келе  жатыр.  Негізгі  арнайы  иммунды  емді  тәсілінiң 
шипалығы    қатерлі  ісіктегі  кездесетiн  арнайы  молекулярлы  өзгерiстi 
нысаналарын    анықтаумен  байланысты.  Олар  қалыпты  ұлпаларда 
болмайды немесе өте аз кездеседi. Біріншіден, ондай нысанаға ісікерекшелi 
антигендер  немесе  ісікпен  қосарланған  антигендер  жатады.  Осы 
нысаналарға  әртүрлі  тәсілдермен  әсер  еткенде,  ісік  жасушалары 
жойылады. 
Ісік  өсуі  кезінде,  онымен  организм  арасындағы  тепе-теңдік  ісік 
ұпайына  қарай  бұзылады.  Дерт  клиникалық  түрде  анықталатын  мөлшерге 
жеткенде,  иммунды  бақылау  жүйелерi  өте  зақымдалынады.  Клиникалық 
зерттеулер  нәтижесінде,  iсiк  ауруы  жоғары  даму  кезеңінде,  иммунды 
жүйенің  жұмысы  нашарлайтындығы  дәлелденген.  Иммунды  жүйенің 
зақымдалуын  жою  немесе  организм  мен  иммунды  күштердiң  арасындағы 
тепе-теңдiктi организм ұпайына шешу тек ісіктің негізгі салмағын жоюмен 
(хирургиялық операция, сәулелендіру, химиотерапия) ғана жүреді, ал одан 
кейінгi  жағдайларда  ем  ретінде  иммунды  қоздыру  тәсілін  айтуға  болады. 


 
176 
Осының  нәтижесiнде  рецидив  пен  метастаздану  үрдiстерi  шектеледi  және 
оның үрдiстерi жылдамдатылмайды.  
Қазіргі  кезде  иммунды  емдеу,  негiзi  ісік  емінің    бірінші  тәсілдеріне 
жатпайды, бiрақ ол ісік емінің  негiзгi қосымша тәсiлі болып табылады.  
Ісіктiң иммунды емінің тәсілі арнайы және арнайы емес болады, ал 
олар өзінше активтi және пассивтi болады.
Ісіктiң  арнайы  емес  иммунды  емдеу  әдiсiне  БЦЖ,  Corinebacterium 
parvum,  бактериалды  қоспалар,  синтетикалық  полинуклеотидтер  енгiзу 
жатады.  Бұл  әдiстер  бірқатар  лимфокиндердiң,  монокиндердiң,  әртүрлі 
биологиялық  белсенді  заттардың  жоғарлауына  және  ісікерекшелi 
клондардың  бөлiнуiне  әкеледi.  Клиникада  көбiнесе,  БЦЖ  пайдалынады. 
Аталған тәсiлдердiң кейбiреуi жақсы нәтижелерге алып келдi.  
Мысалы,  қуықтың  ішкі  қабатында  пайда  болған  ісікте  БЦЖ  егуі  жақсы 
нәтиже  көрсеттi.  Бұл  ісік  түрі  операциядан  кейін  жиі  қайталанады,  ал  өзінің 
соңғы  сатысында  қуықтың  қабырғасы  арқылы  өтіп,  айналадағы  тiндерге  
жайылады.  Катетер  арқылы  егiлген  БЦЖ  созылмалы  қабынуды  шақырып, 
иммунды  жасушалардың  белсендiлiгін  кұшейтедi,  сөйтiп  ісік  жасушаларымен 
күресетін  жасушаларды  қозғайды.  Бірақ  осы  күнге  дейін,  олардың  ісік 
жасушаларын  қалайша  өлтіретіндігі  белгісіз.  Айта  кеткенде,  операциядан  кейін 
БЦЖ  алған  ауруларда,  ісіктің  қайталану  қаупі  төмендейді.  Кейбір  ғылыми 
жұмыстарда,  БЦЖ  қолдануының  жақсы  әсерлігіне  қарамастан,  көпшілік 
клиницистердiң  қорытындысы  бойынша,  бұл  арнайы  емес  ем  кең  көлемде  әлi 
қолданбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет