Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет234/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   459
лимфолейкозға  CD10  маркерi  (таңбасы)  тән,  Т-жасушалы  жедел 
лимфолейкозға  СД5  маркері  тән.  В-жасушалы  лимфоманы  анықтағанда 
СД20 моноклонды антиденелер қолданылады. Қазіргі  кезде   халықаралық 
стандартты  моноклонды  антидене  құрамалары  бар,  олар  лейкоз 
жасушаларының әр түрлері мен варианттарына сай. Олар лейкоз бен лимфа 
бездерiнiң  ауруларын  бiр-бiрiнен  ажырату  үшiн  ғана  емес,  сонымен 
қатар, үрдiстiң таралуы мен ем әсерлігін бақылауға да мүмкіндік береді. 
Бұл мақсатпен радиографиялық сканерлеу жүргізіледі, ол организмде 
ісік  жасушаларына  сай  белгіленген  моноклонды  антиденелердiң  таралуын 
көруге  көмектеседі.  Бұл  әдiспен  iсiк  жасушаларын  ең  аз  мөлшерiн  де 
анықтауға  болады.  Лейкоз  кезінде  бұл  тәсiлмен  iсiкке  қарсы  дәрiлер  мен 
сәулелеуден  кейін  қалған  жасушаларын  анықтауға  болады.  Бұл  тәсіл 
қатерлі  ісіктердің(тоқ  ішек  карциномасы,  қатерлі  меланома,  сүт  безі  ісігі, 
нейробластома  сияқты)    метастаздарын  анықтауында  жақсы  нәтиже 
береді.  В-жасушалы  созылмалы  лимфолейкозды  табуда
моноклонды 
антиденелердiң  маңызы  зор.  В-жасушалы  СЛЛ  (созылмалы  лимфолейкоз) 
үнемі  бір  бастаушы жасушасынан  дамығандықтан,  бір  топқа  (клонға) 
жатады және олардың беткерi иммуноглобулиндерi бiр типтес келедi. 
60 жылдардың ортасынан онкологиялық ауруларды тексергенде, қан 
сарысуындағы  рак  эмбриональді    (альфа-фетопротеин  және  рак 
эмбрионалды  антигендер)  антигендер  анықтау  әдісі  қолданыла  басталды. 
Алғаш  рет  ол  әдiстi  гельдегi  преципитация  серпілісі  көмегімен  өткiзген 
(Оухтерлони  бойынша  екi-реттік  диффузия  тәсілі),  ал соңғы  жылдары 
иммуноферментті  және  радиоиммунды  тәсілдер  қолданылады.  Олар 
белгілі  бірқатар  рак  эмбрионалды  антигендерге  қарсыланған  адамдағы 
қатерлі  ісігі  варианттарымен  (бауыр  ісігі,  тоқ  ішек  ісігі,  ұйқы  безі 
карциномасы,  нейробластома,  тератома,  лейкоз  және  тағы  басқалар) 


 
174 
сәйкестi  стандартты  моноклонды  антиденелер  құрамалар  қолданумен 
жасалынады   
Белгіленген  моноклонды  антиденелерді  соңғы  жылдары,  басқа 
арнайы  нәруыздарды  –  қатерлі  ісік  тасымалдануында  қатысатын  онкоген 
заттарын  және  басқа  да  мутантты  гендердi  анықтауда  қолданып  жатыр. 
Моноклонды 
антиденелер 
көптеген 
ісік 
түрлерінің 
тұқымқуалау 
бейімділігін  шақырушы  гендерді  анықтауға  да мүмкіншілік  туғызады. 
Солай,  мутантты  Мус  –  белок  анықталуы  Беркит  лимфомасы,  кеуде  ісігі, 
өкпе,  асқазан  ісігіне  тән.  Bcl-2  онкогенмен  кодталған  белоктар  В-
жасушалық  лимфомаға  тән.  МДМ-2 
онкоген  өнiмдерi  адамда  болатын 
әртүрлі саркомаға сай. Негiзгi ісік супрессиялаушы гендер өнiмдерiнiң бірі 
  р53  белоктың  мутантты  түрі,  адамның  кең  спектрлі  қатерлі  ісіктерiнде 
анықталған.  Бұзылған  АРС  геннің  табылуы  тік  ішектегi  ісікте 
тұқымқуалаушық  рөлдi  анықтайды.  BRCA  1,  BRCA  2  -  гендері  сүт  безі 
ісігіне  тұқымдық  бейімділігін  көрсетеді.  Қазір  қатерлі  iсiктерге 
ауыстыратын  тұқымқуалаушы  мутантты  гендердің  бірқатар  тізімі  бар. 
Бірнеше  ғылыми  өндірістер,  ғылыми  ұжымдар  иммунодиагностика  үшін 
арнайы моноклонды антиденелер қоспасын дайындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет