Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Арнайы  зерттеулерде  қазіргі  заманның  ісікке  қарсы  радио-



Pdf көрінісі
бет236/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   459
Арнайы  зерттеулерде  қазіргі  заманның  ісікке  қарсы  радио-, 
химиоемі  мен  оның  қосарланған  түрлері,  ісік  жасушаларын  толық
құртпайды.  Олардың  аз  бөлігі  үнемі  түрде  сақталады,  себебі  олардың 
сезімталдығы 
қалыпты 
жасушаға 
ұқсас. 
Әрі 
қарай 
сәуленiң, 
химиодәрiлерiнiң мөлшерiн ұлғайту мүмкін емес, себебі олардың әсерiнен 
қалыпты жасушалардың зақымдануы көбейеді. 
Сөйтіп,  дәстүрлі  ем  тәсілін  қолданғанда,  ісік  жасушаларының  бәрі 
жойылмайды,  оның  үстіне  өз  бағытында  өнiп-өсетiн  жасушалар 
байқалады:  iсiктiң  төзiмдiлiгi  жоғары  жасушалары  сақталып  қалады 
және ісіктің қатерлі, зәрлi қасиеттерi күшейедi. Бірақ бұл жасушалардың 
кейбiр бөлігі (10
8
-10
9
) иммунды жүйенiң арнайы  жасушаларымен жойыла 
алады. Бірақ ол үшiн иммунды жүйе жоғары деңгейде болғаны жөн.  
Ал  iсiктер  көбiнесе,  иммунды  жетiспеушiлiк  кезiнде  пайда  болады 
және  олардың  өсуiмен  бiрге  иммунды  жетіспеушілік  әрі  қарай  күшейеді.  
Дәстүрлі  емдеу  тәсiлдерi  iсiктiң  ағымын  одан  әрі  күрделендiреді.  Осыған 
байланысты, 
онкологиялық 
ауруларды 
емдегенде, 
иммунды 
жетіспеушілікті тоқтату қажет немесе оны қоздыру керек.  
Осы  мақсаттармен,  қазiргi  кезде  негізі  тимус  гормондарын  және 
оның  қосындыларын  (тимозин,  тактивин,  тималин,    тимоген,  тимопентин, 
диуцифон,  декарис)  қолданады,  сонымен  қатар,  кейiнгi  уақыттарда  кең 
тараған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет