183
26-шы сурет. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің I және II
класқа жататын молекулаларының аллельдік түрлері
HLA I класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi
HLA жүйесінің I класс антигендері – екі ковалентсіз байланысқан
полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып келеді; олардың
бір тізбегі – ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД HLA
жүйенің гендерiмен кодталған трансмембраналық гликопротеидке
жатады; екінші тізбегі – хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен
кодталған, молекулалық деңгейі 12 кД тұрақты β-микроглобулин деп
аталатын жеңіл тізбекке жатады. HLA-антигендердің I класының
химиялық құрылысы II класс антигендерінің құрылысынан біраз
ерекшеленеді.
HLA I класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін
шақырушы А, В және С локустарына бөлінеді. HLA I класс антигендері
барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Т-
лимфоциттерде және олар “өзiнiкiн” тануда ең маңызды қызмет
атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек HLA I
класс антигендерімен қосып таниды.
Достарыңызбен бөлісу: