Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


А3    антигендерiн  еуропеоидтардың



Pdf көрінісі
бет251/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   459
А3    антигендерiн  еуропеоидтардың,  ал  HLA-А9,  А11  антигендерiн 
монголоидтардың «маркерлерi» деп атауға болады. 


 
186 
HLA-А2,  HLA-В7,  HLA-В12,  HLA-В35,  HLA-Cw3,  HLA-DR2 
антигендердiң жиiлiгi аталмыш зерттелген популяциялардың  көпшiлiгiнде 
өте жоғары, ал HLA-A36, HLA-Aw43, HLA-Bw41, HLA-Bw46, HLA-Bw47, 
HLA-Bw48,  HLA-Bw63,  HLA-DRw10  антигендерi  барлығында  төмен 
жиiлiкпен  кездеседi  екен.    Еуропа  жерiндегi  адамдарда  гаплотиптердiң 
арасында  HLA-А1В8    7%,  HLA  –А3В7    5,2%,  HLA  –А2В7    4,1%  жиi 
кездеседi. 
Кейбiр  аллельдiк  комбинациялары  гаплотиптерде  өте  жиi  кездеседi 
екен,  бұл  бiркелкi  емес  таралуы  табиғи  сұрыпталумен,  әр  ұрпақтан 
ұрпаққа 
биологиялық 
ең 
пайдалы 
комбинациялары 
берiлiнуiне 
байланысқан болу керек.  
Еуропеоидтарға  -  HLA-A1B8Cw7DR3  және  HLA-A3B7Cw7DR2, 
HLA-A30B13Cw6DR7, 
HLA-Aw33B14Cw8DR1, 
HLA-A2B44Cw5DR4, 
HLA-A2Bw60Cw3DR6, 
HLA-A3B35Cw4DR1, 
HLA-A-2Bw27Cw1DR1, 
HLA-A11B35Cw4DR1,  т.б.  аллельдер  комбинациясы  тән  екендігі 
анықталған. 
Популяциялар  генофондында  (мысалы,  ең  басында,  еуропалық 
халқына  жататын  тұрғындарда)  HLA-аллельдер  мен  гаплотиптердiң 
(мысалы,  HLA-DR3,  A1,  B8)  Т-хелперлердiң,  NK-жасушалардың  және 
фагоцитоздың  жоғары  активтiлiгiмен  жағымды  ассоциациясы  HLA-
антигендердiң иммундық жауапты реттеудегi байланысын анықтайды. Бұл 
ассоциацияларын  алғаш  рет  60-70  жылдары  J.  Dosse  және  V.  Bodmer 
болжаған,  кейiн  80-шi  жылдары  Суринамда  iш  сүзiмен  ауырған 
адамдардың 
эпидемиялық 
талдау 
қорытындысында 
тiрi 
қалған 
еуропеоидтарда HLA-DR3, A1, B8 – антигендерi ғана анықталған. 
Қазiргi  кезде  HLA-антигендерiн  iрiктеудiң  бiрнеше  әдiстерi  бар. 
Олар:  серологиялық  iрiктеу,  аралас  лимфоциттер  дақылында  HLA  II 
класының  өнiмдерiн  iрiктеу,  ПТС(полимеразды  тізбекті  серпіліс) 
көмегiмен молекулалық-генетикалық (ДНК) iрiктеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет