Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Аурудың  “шартты  қауiп-қатер”



Pdf көрінісі
бет254/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Аурудың  “шартты  қауiп-қатер”  деген  түсiнiк  медицинаға  HLA 
антигендерiнiң  ауруға  бейiмдiлiгiмен  немесе  тұрақтығымен  ассоциациялық 
денгейiн  белгiлеу  үшiн  енгiзiлген.  Соңғы  жылдары,  генотиптеуге  өтудiң 
нәтижесiнде, DR4 нәруыздарды кодтаушы әртүрлi аллельдер өздерiнiң қарама-
қарсы 
көрiнiсiмен 
көрiнедi: 
аллельдiң 
бiр 
бөлiгi 
ауру 
дамуының 
ассоциациясының  жоғары  дәрежесiн  игередi,  ал  басқасы  болса  протективтi 
болады. 
Нәтижесiнде 
бейiмделу 
аллельдермен 
ассоциацияланған 
салыстырмалы қауiпi 8 дейiн өстi.      
Иммунды  факторлар  токсикалық  жемсаудың  патогенезiнде  де 
маңызды  қызмет  атқарады.  Диффузды  токсикалық  жемсаумен  ауыратын 
адамдарда В8, В35 антигендерiнiң көп кездесетiнi анықталды.  
Гломерулонефрит  кезiндегi  HLA  әртүрлi  антигендерi  аурудың 
әртүрлi  қоздырғыштарымен  байланысқан  туралы  мәлiметтер  бар.  Әдеби 
мәлiметтер  бойынша  HLA-В12  фенотипі  бар  адамдарда  микробты 
этиологиялық нефрит дамиды, ал HLA-Вw35 антигендерi бар адамдарда – 
вирусты  этиологиялық  нефрит  дамиды.  Созылмалы  гломерулонефрит 
зерттеулерi  HLA:  Вw35,  В18,  В8,  В12  антигендерiнiң  шектелген  саны  бар 
адамдарда осы ауруға генетикалық бейiмдiлiгi бар екенiн көрсеттi. 


 
189 
Әртүрлi  зерттеулердiң  негiзiнде  HLA  және  iсiктiк  ауруларының 
антигендерiнiң  корреляциясын  зерттеуi  де  жүргiзiлдi.  Көптеген  авторлар 
бұны  iсiктердiң  гетерогендiлiгiмен  түсiндiредi.  Бiрқатар  зерттеулерде 
ракпен  ауыратын  адамдардың  HLA-A  локусының  антигендерiмен 
ассоциациясы  анықталған,  ал  басқа  зерттеулерде  HLA  антигендерiнiң  В 
локуста  таралуы  анықталды  және  т.б.  мәлiметтер  HLA  iсiкпен 
резистенттiлiгi особьтың фенотиптiк резистенттiлiгімен байланысты екенiн 
дәлелдедi.  Өйткенi  особьтың  гетерозиготалық  жағдайы  гомозиготалы 
особьқа 
қарағанда, 
оны 
популяцияда 
ыңғайлы 
биологиялық 
пластикалықпен  қамтамасу  етедi  және  селективтi  басымдылықпен 
тiршiлiкке икемдiлiк бередi. Iсiк ауруларға индивидуумның резистенттiлiк 
денгейiн осы заңдылық анықтауы мүмкiн.  
Әдеби  мәлiметтер  бойынша  HLA-В7,  В12  және  DR2  антигендерi 
атопиялық  аллергиялық  реакциялардың  болжам  критерийлерi  ретiнде 
қолданылатыны  анықталды.  Берiлген  маркерлер  шаң  аллергендерiне 
жоғары сезiмталдыққа бейiмдiлiктi ғана көрсетедi.  
HLA  антигендерiмен  бронх  демiкпе  арасындағы  байланысқа 
арналған зерттеулер өте көп. Кейбiр авторлардың айтуы бойынша HLA-А3 
антигендерiнiң  кездесу  жиiлiгi  жоғары,  ал  жас  кезiнде  пайда  болатын 
демiкпеде  HLA-В35  жиiлiгi  төмен  болған.  Сонымен  қатар,  бронх 
демiкпесiмен  ауыратын  адамдарда  HLA-А9,  В5,  В40  антигендерiнiң 
жиiлiгi жоғары екенi анықталды.  
Зерттеулер 
нәтижесi 
HLA-антигендерi 
мен 
аурулардың 
ассоциативтi  байланыстары  әрбiр  HLA-аллоантиген  популяцияға  сәйкес 
патологияның 
барлық 
түрлерiнiң 
этиологиялық 
факторларына 
организмнiң  сезiмталдық  (тұрақтылық)  дәрежесi  туралы  генетикалық 
информацияны  тасымалдайтындығын  көрсетедi.  Бұл  “HLA  және 
иммундық  жауап”  бағытына  жол  ашты.  Организмдегi  әртүрлi  HLA 
ерекшелiктерiмен  әр  антигендерге  жоғары  немесе  төмен  иммундық 
жауап байланысты.  
HLA  жүйесiнiң  антигендерiнiң  әртүрлi  бөгде  антигендермен 
корреляциясын  иммунизация  кезiндегi  әртүрлi  анатоксиндердiң  антидене 
өндiруiне  тәуелдi  зерттеулер  дәлелдейдi.  Отандық  әдебиеттiң  мәлiметтерi 
антистафилотоксиндердiң  жоғары  титрi  HLA-В17  және  HLA-А1В13, 
А2В15,  А2В13,  А2В17,  А2В7,  А1В17  гаплотиптерiмен  байланысты  екенi 
анықталған.  Қазақ  популяциясында  антиденелердiң  стафилококкты 
анатоксинге  иммундық  жауаптың  төмен  денгейi  HLA-А11,  В17,  В40 
антигендерiмен 
ассоциацияланған. 
Басқа 
мәлiметтер 
бойынша 
стафилококкты  пневмониямен  ауыратын  адамдарда  ағымының  ауырлығы 
HLA-В17  және  В21  антигендерiмен,  ал  қатерсiз  ағымы  HLA-В15 
антигенiмен 
корреляцияланған. 
Жиi 
ауыратын 
стафилококк 
тасымалдаушыларда HLA-В17, В41, DR3,7 антигендерi  және HLA-А3В17 
гаплотип  жоғары  жиiлiкпен  анықталған.  Сонымен  қатар,  дифтерия  ауруы 
және  АДС-пен  иммунизацияланған  донорларда  дифтерияға  қарсы 
антитоксикалық антиденелердiң төмен денгейi орыс популяциясында HLA-
В21,  қазақ  популяциясында  HLA-В12  және  В21  антигендерiмен 


 
190 
ассоциацияланғаны  көрсетiлген.  Осы  зерттеулердiң  дифтерия  ауруының 
“жоғары  қаупi”  тобын  құру  үшiн  және  қанның  жоғары  иммунды 
препараттарын  алу  мақсатымен  жасанды  иммунизацияға  арналған 
донорларды сұрыптауда маңызды практикалық мәнi бар.   
Басқа  да  авторлар  менингит,  iрiңдi-септикалық  жағдайлар, 
шигеллез, хламидиоз, сальмонеллез, клебсиеллез, йерсиниоз кезiнде  HLA-
В27 және HLA-В35  антигендерi бар адамдарда асқынулар көп кездесетiнiн 
және  ауыр  ағымда  өтетiнiн  анықтаған.  HLA  iрiңдi  инфекциямен 
ассоциациялық  байланысын  талдау  кезде  iрiңдi  микрофлораға  иммунды 
жауаптың төмен болуы HLA-А11, В5, В15 антигендерiне байланысты екенi 
көрсетiлген.  Сонымен  қатар,  пиоиммуноген  егілген  адамдарда  иммунды 
жауаптың 
төмен 
денгейi 
HLA-А2, 
В7, 
В18 
антигендерiмен 
ассоциацияланғаны  анықталған.  Бұл  зерттеулердiң  барлығы  “HLА–
иммундық жауапауру” байланысын көрсетедi.  
 Қазiргi  кезде  HLA  және  аурулар  арасындағы  байланыс  зерттеу 
кезiнде иммундық жауапты реттеуде қызмет атқаратын  HLA жүйесiнiң әр 
локустарының субтиптерiн анықтау өте маңызды болып отыр.  
Сонымен,  тiндiк  антигендер  мен  патологияның  арасындағы 
байланыс  қалыптасу  механизмдерiн,  ең  бiрiншi  тiндердiң  антигендiк 
құрамын  бақылайтын  локустардың  генетикалық  ассоциациясына  жауапты 
және  олар  ауруларға  организмнiң  бейiмдiлiгiн  көрсетедi.  Сонымен  қатар, 
аурудың  дамуына  «екiншiлiк  факторлар  да»:  адамның  ұлты,  жынысы, 
сыртқы  қоршау  факторлары,  тұру  жерi,  өмір  сүру  жағдайы,  т.б.  әсерiн 
көрсетедi. 
Бас  гистосәйкестiк  комплексiнiң  антигендерi  мен  әртүрлi  аурулар 
арасындағы 
ассоциациялық 
байланыстарын 
зерттеулер 
нәтижелерi 
практикада  ауруды  диагностикалау,  дифференциалды  диагностикалау, 
ағымын болжамдау және алдын алу кезінде қолдануға мүмкiндiк бередi.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет